Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
135
Ер адамның сеніміне кіру жолдары
Күйеуіңізбен немесе жігітіңізбен ашылып,
жақын болып,
көңілін тауып, бауырмал
болғыңыз келетін кездер болады. Алайда
сіздің күйеуіңіз немесе жігітіңіз басқа
адамдарға сырын айтады да, сізге ашылып
ішіндегісін білдіргісі келмейді. Әңгімеден
қашады немесе телефонына кіріп кетеді. Бір
сөзбен айтқанда сізге толық сенім артпайды.
Әйел адамдардың ең жақыны ата-анамыз,
бала-шағамыз
емес, біздің күйеуіміз. Күйеуіңмен отырып, пікір алмасып,
болашақтағы мақсатпен бөлісіп, күшті бір раппорт
орнатқың келеді. Неге кей ер адамдар бізге сол мүмкіндікті
бермейді? Неге біздің ер адамдарымыз бізден қашады?
Бірден өзіңізді кінәлауға асықпаңыз. Ер адамдардың көбісі
ашыла алмайды. Себебі, "детская травма" болуы мүмкін.
Оның пікірін сұрамаған шығар,
сезімін ешкім ақтарып
қалауын сұрамаған. Ішінде жиналып қалған әңгімелерді
біреумен бөлісу деген қажеттілік жоқ. Сол себепті сізге
ішіндегісін ақтармайды. Ал, әйел адамдардың табиғатында
ішіндегісін ақтару бар. Біз кез-келген адамға ішіміздегіні
айта береміз. Жанымызда отырған адамға біз 5 минуттың
ішінде сеніп қаламыз. Қанша айлық алатынымызға дейін
айтып береміз. Бұл әйел адамның табиғаты.
Біздің ер
адамдардан айырмашылығымыз осы.
Ер адамдардың біреуге сенім артуы қиын. Мен
сіздермен құпия техникаммен бөліскім келіп тұр. Күніне
бір рет осы техниканы қолданып жүріңіздер. Бір айдың
ішінде қалай күйеуіңіз жұмыстағы мәселелерін, досымен
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
136
әңгімесін сізге келіп айтып бергенін байқамай қалатын
боласыз. Біріншіден, өзімнің күйеуім жайлы айтқым келіп
тұр. Күйеуім жабық адам. Ол менен, анасынан және бір-екі
досынан басқа ешкімнің алдында ашылып әңгіме айтып,
түбіндегі құпияларымен бөліспейді. Әңгімеге келгенде
бірден сөйлесіп, кіріп кете алмайды. Қыз бен жігіт болып
сөйлесіп жүрген кезде менімен де олай болған жоқ. Қыз
бен жігіт болып жүргенде мен көп сөйлейтінмін.
Бірақ
психологияны оқып бастағанда, коммуникациялық
фишкаларды жайлап қолдана бастадым. Мұның жұмыс
жасап жатқанын күйеуімнің өзі байқамай қалды.
Достарыңызбен бөлісу: