Некеден кейін әйел бақыты


Ең бірінші қадам—первый пас деп аталады



Pdf көрінісі
бет67/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135
Некеден кейін

 
Ең бірінші қадам—первый пас деп аталады. Бұл 
техникаларды 
тек 
күйеуіңізге 
ғана 
емес, 
тіпті 
достарыңызға, енеңізге, абысыныңызға да қолдана аласыз. 
Бұл шамамен 80% адамның сеніміне кіруге көмектеседі. 
Бірінші қадамда күйеуіңізге тек ол ғана білетін, басқа 
ешкім білмейтін құпияны айтып бастау. Яғни, ол құпияны 
сіздің енеңіз де, құрбыңыз да, басқа ешқандай адам да 
білмеуі керек. Екеуіңіз жеке қалғанда, далада қол ұстасып 
қыдырып бара жатқан кезде немесе кешке жақын екеуіңіз 
ғана оңаша қалған кезде құпияңызбен бөлісетін болсаңыз, 
күйеуіңіздің санасында "маған ғана айтылған нәрсе, демек 
мен ол адам үшін өте ерекшемін, егер ол маған сенім артып 
тұрса, демек мен де оған сене аламын" деген ой болады. 
Мұны бірнеше рет қайталау керек. Бірінші қадам мен 
екінші қадам бір-бірімен өте байланысты. Екінші қадам—
құпияны айтқан кезде, міндетті түрде эмоцияны қосу 
керек. Бірінші мысал эмоциясыз болады: "Кішкентай 
кезімде құлағым үшін сыныптастарым мазақтай беретін". 
Яғни эмоция жоқ, жай ғана факт айтып жатырсыз. Екінші 
мысал—эмоцияға беріліп айтылатын мысал. «Мен студент 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
137 
кезімді, 1-3 курстарымды есіме алсам, өзімді қатты аяп 
кетемін. Кейде тіпті жылағым келіп кетеді. Себебі, бірінші 
курста мен ата-анамды алдап, қыздармен пәтерге шықтым. 
Жатақхана маған ұнамайтын. Себебі ережелері тым қатал 
болатын. Оны ұстанғым келмейтін. Сосын ата-анам 
пәтерге шыққанымды біліп қойғаннан кейін, мені 
жазалады. Екі жыл бойы маған универге ақша бермейтін. 
Тек маңызды істерге ғана ақша береді. Мен бір аптаға 1000 
теңгемен ғана жүретінмін. Кешке жақын бірге тұратын 
құрбыларым кафеге, киноға кетіп қалады. Ал мен жалғыз 
қалатынмын. Жатақханада тамақ беретін кезде, тамақпен 
бірге нанды көп қылып алатынмын да, сол нанды бөлмеге 
апарып, жастықтың астына тығып қоятынмын. Кешке 
қарным ашқанда сол нанды жеп отыратынмын. Қазір сол 
естеліктер маған қуанышты бір сезім береді. Ақшаның, 
баршылықтың құндылығын маған сезіндірді». Бұл әңгіме 
эмоцияға толы. Эмоциямен айтылған құпиядан кейін 
қарама-қарсы жақтағы адам да ашыла бастайды. Ары 
қарай сол эмоцияның үстінен оған сұрақ қоя бастау керек. 
Ол ашыла бастайды. Ерекше сезім сыйлайтын естелікпен 
бөліскен кезде, адамның санасында базалық эмоция 
қосылады. Ол автоматты түрде сенім артып бастайды. 
Себебі, ол өзін басқа адамның орнына қойып жатыр. Ол да 
өзінің студенттік өмірін айтып бастайды. Сенім арту үшін, 
екінші адам да оған сенім артып жатқанын сезіну керек. 
Бірінші мен екінші қадамды жаттап алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет