Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
138
Күйеуімнен айлық түсетін күні досы қарыз сұраған. Маған
айлық түскенін айтты. 4-5
адам отырған кезінде мен де
«бүгін айлық түсті ғой" деп айта салып едім, күйеуім маған
ашуланды. "Неге айтасың айлық түскенін? Кеше мен оған
айлық түскен жоқ, қарызға ақша бере алмаймын деп
айттым ғой" деді. Мен күйеуімнің өтірігін ашып жібердім
деген сөз. Бұл автоматты түрде күйеуімнің маған деген
сенімін жоғалтады.
Бұл қателікті істемеңіздер.
Ешқашан ешкімге күйеуіңіздің сөзін айтпаңыз.
Күйеуім демалыс күні
маған жұмысқа кетіп бара
жатқанын айтатын. Мен не үшін олай істейді деп
ойланатынмын. Демалыс күні ол бильярдқа бара жатса,
маған жұмысқа дей салуы мүмкін еді.
Неге солай
айтатынын кейін түсіндім. Мен басқа адамдарға оны
жақсы тұстарда көрсетпей қалған екенмін, яғни ол маған
бильярдқа бара жатқанын айтса, мен оны енеме, құрбыма,
анама айтып қоятынмын. Әрине, бұл жаман нәрсе емес,
бірақ менің туыстардың алдында «күйеуім
жұмыс жасап
жатыр» деп айтсам, тіпті күйеуім бильярдқа кетсе де, бұл
күйеуім үшін жағымды болатын еді. Сол кезден бастап,
күйеуімнің демалса да, ұйықтап жатса да, жұмыстан
шығып кетсе де, тіпті жанымда телефонда отырса да,
күйеуім жайлы сұраған адамдарға «күйеуім қазір жаңалық
қарап отыр, күйеуім жұмыстан келіп, шаршап, тынығып
жатыр, күйеуім қазір бір жұмыстарымен кететін шығар»
деп айтатын болдым. Бұл сөздерімді естіп жүрген күйеуім
маған сенім артып, шынымен қай жерге бара жатқанын, не
үшін бара жатқанын жасырмай айтатын болды.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
139
Достарыңызбен бөлісу: