Некеден кейін әйел бақыты


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_  Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет95/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135
Некеден кейін

 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
196 
Ер адам сөзінде тұрмаса не істеу керек? 
 
 
Күйеуіңіз сізге екінші рет өз қателігін 
қайталамаймын деп сөз берді. Қызбен сөйлесу, 
боқтау деген сияқты қателіктер. Сіз оны 
кешірдіңіз. Біраз уақыттан кейін ол тағы да соны 
қайталайды. Тағы да кешірім сұрайды. Үшінші рет тағы да 
қайталайды.
Қалай ойлайсыз неге еркек өз қателігін түсіндім деп, 
бірақ бәрібір соны қайталайды? 
Ер адам кешірім сұраған сәттен бастап, сіз шекараны 
қорғап білуіңіз керек. Құр сөзбен кешіру керек емес. 
Мысалы, кішкентай бала бірдеңе ұрлады дейік. Біз оған 
"дұрыс емес, бұлай жасауға болмайды, екінші рет 
қайталама, екінші рет қайталасаң мен сенің қолыңды 
кесемін" деп айтамыз. Бұл нәрсе кішкентай кезімде менің 
басымнан өткен. Мен анамның қалтасынан немесе ашық 
жерде тұрған тиындарды рұқсатсыз алатынмын. Әкем
соны біліп қойып, олай жасауға болмайтынын және екінші 
рет қайталанса саусағымды кесетінін айтты. Мен ол кезде 
баламын ғой, ештеңе істемейтін шығар деп ойладым. 
Екінші рет тағы да солай қайталадым. Әкем сол кезде 
пышақтың өткір емес жерін саусағыма әкеліп тақап, кескен 
сияқты болды. Солай мені жазалады. Әлі күнге дейін 
есімде. Ол жазалаймын деді, жазалады, және сол жазадан 
кейін миымда қалтадан ақша алсам, қолымды кеседі деген 
якорь қалыптасқан. Сіздерге бұлай баланы жазалау дұрыс 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
197 
деген ойды қалыптастырғым келмейді, баланы қорқытып 
бір істен тиғанша, оның миына имани тұрғыдан бұл істің 
дұрыс емес екенін түсіндірген абзалырақ. Бұл мысалмен 
адамның бір істен тиюға «жаза» көмектесетінін жеткізгім 
келеді. Жазадан қорқыныш пайда болса, адам сол істен 
тиылады. 
Боқтау жайлы келесі бөлімде айтамын, қазір ер 
адамның жалпы сөз беріп, бірақ сөзінде тұрмауына 
түсініктеме бергім келеді. Ер адамның сөзінде тұрмауы 
сізге де байланысты. Қыз бен жігіттің қатынасынан мысал 
келтірейін. Жігіт кездесуге үнемі келмей қалады, немесе 
кешігіп келеді, бірақ әрқашан «қайталанбайды» деген сөзін 
береді. Неге осындай жағдайда ер адам сөзінде тұрмайды? 
Біріншіден, ер адамның жауапкерішілігі төмендігінен. 
Бірақ басқа адамдарға сөз берсе, өліп-тіріліп сөзінде тұруға 
тырысады ғой? Ондай жағдайда проблема қыз баланың 
өзінде. Ер адамның кешігіп келуін қабылдай алуында. 
Бұндай жағдайда жігіт келесі жолы кездесуге кешікпей 
келемін деп сөз берсе, бірақ 5 минутке кешіксе, қыз сол 
жерден тұрып үйіне кетіп қалуы керек. Не үшін? Себебі 
бұл әрекет жігітке жаза сияқты әсер етеді, ал қыз оны 
қанша кешіксе де күтіп, кешіккеніне ренжісе де келесі 
жолы түк болмағандай кездесуге шықса, жігіт сол 
қателігінен сабақ алмайтын болады. Мен сөзімде тұрмасам 
да қыз мені қабылдайды дейді. Дәл солай ерлі-зайыптылар 
арасында да бұл ереже жұмыс жасайды. Егер күйеуіңіз 
сізге енді телефоныңды ақтармаймын, немесе жұмыстан 
кешігіп жатқанда ескертіп тұрамын,жұма сайын сенімен 
киноға барамын деп сөз берсе, бірақ сөзінде тұрмаса, 
бұның себебі сіздің бұл жағдайға жайбырақат 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
198 
қарайтыныңыз болуы мүмкін. Еріңізден сөз алар бұрын 
бірнеше мәселені ескеріңіз.
Еркек өзіне қатысты дүние үшін сөз беруге міндетті 
емес, ол өзінің денсаулығы, өзінің бос уақыты, өзінің 
достарымен қатынасы. Сіз еріңізге темекіні таста, 
энергетик ішпе деп талап ете алмайсыз, себебі олай талап 
ететін тек қана баланың анасы.
Ал сіздіңі күйеуіңіз бала емес, сіз оған ана емессіз. 
Еріңізге телефонмен инстаграмда көп отырма, бізге көп 
көңіл бөл деп те талап ете алмайсыз, себебі адамның 
уақыты тек өзінің басқаруында бола алады. Сіз ересек 
адамға маған көңіл бөлуге сөз бер десеңіз, онда оны 
күштегеніңізбен тең болады. Ал біз уақытымызды
көңілімізді тек өз еркімізбен арнай аламыз, бұл еркектің 
жаман болғандығынан кіналайтын дүние емес, бұл өте 
ойланатын, сізді біраз сілкіндіретін дүние. Ер адам көңіл 
бөлмесе, сіздің ол үшін қызығушылығыңыз аз деген сөз. 
Еркек телефонда көбірек уақыт отырса, ал сізбен әңгімеден 
қашса, тезірек қарым қатынасты жақсартуға, араңызды 
жақындатуға, өзіңізді барынша қызықты әйел етуге 
тырысу керексіз. Не айтқым келгенін түсіне алдыңыз ба? 
Ер адамнан талап етпеуге, және сөзінде тұруын талап етуге 
болатын нәрселер бар, оны өзіңіз саналы түрде ажырата 
алуыңыз керек. Шекараны өзіңіз аттап, ересек адамға ана 
болып кетуден аулақ болыңыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
199 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет