Изменаны кешіру үшін жазалау
Измена жайлы бірнеше тақырыпты оқып
шықтыңыз, сіздің шешіміңіз «ер адамды
кешіру,
бірақ
екінші
рет
изменаға
бармайтындай ету» болды делік. Ер адам
екінші рет сол қадамға бармауы үшін сіз
кешіріп қойғаныңызды оған білдірмеу
керексіз. Яғни «жаным, күнім, мені таңдашы» деген
сөздерден аулақ. «сені кешірдім, енді бірге тырысайық»
деген сөзден аулақ. Қазір айтатын сөздерімді тек сізбен
бірге қалғысы еркекпен ғана қолдана аласыз. Яғни измена
жасағаны үшін өкініп, сізден кешірім сұраған ер адамға
ғана қолдана аласыз. Егер еріңіз көзі бақырайып «маған
бәрібір» деп отырса, онда бұл тақырып оған өтпей қалуы
мүмкін, осыны ескеріңіз.
Сонымен, еркекпен өмірді жалғастыруды таңдасаңыз,
еріңізге ең бірінші еріңізге изменаға көзқарасыңыздың
қандай екенін білдіріп, сосын ол кешірім сұрағанда оған
жаза қолданып, жазаны орындап, кейін шартыңызды
қойып, сосын барып еріңізбен бұрыңғы қатынасты
жалғастыра аласыз.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
210
Яғни сізде алғашқы 3 қадам бар:
1. Қадам: «Мен барлығын оңай қабылдай алмаймын,
мен үшін бұл қиын, тіпті кешіргім келсе де қолымнан
келмейтін сияқты, мен қатты ашулымын» деп
барынша ренішіңізді білдіру керексіз.
Ескерту! Еркекке өзіңізді төмендетіп, ешкімге керек
еместігіңізді, өзіңіздің нашар қатын болғаныңызды
мойындап, истерикаға беріліп кетпеңіз! Өзіңізді
жоғары
ұстаңызз!
Еркек
сіздің
көзіңізден
қорқынышты көріп қоймасын.
2. Қадам: Ер адамды жазалайтыныңызды білдіріңіз.
Сөзбен «мен мынаны істеймін» деп айтып, сосын
соны міндетті түрде істңіз. Жазаңыз әртүрлі бола
алады. Бастысы бұл жаза ер адам үшін қорқынышты,
сенгісіз, және өмірін тоқтататындай, өзгертетіндей
жаза болуы керек. Мысалы, ажырасамын деп қорқыту.
Изменаны білгеннен кейін сол үйде қала берсеңіз,
еріңіз сізді көнді деп ойлайтын болады. Сондықтан аз
уақытқа болса да басқа жерге барғаныңыз дұрыс,
бірақ кетерде еріңізді «ажырасамын» деп қорқытуға
болады. Менің бір оқырманым ажырасуға арыз беріп,
1 ай бойы арызды алып кетпей, еріне шынымен
осындай қадамға баратынын көрсеткен. Оның күйеуі
ажырасу жайлы шақырту келгенде ғана көзі жетіп,
әйеліне барып тізерлеп кешіріп сұрап, екінші
қайталамайтынын айтып сөз берген екен. Және сол
жазадан кейін күйеуі ұруды қойған, және оғаш
қылықтарын қойған екен. Себебі әйел адам жәй
сөзбен қорқытпады, әрекетімен көрсетті!
Ескерту!
Ер
адам
сіздің
жалғыз
қалудан
қорқатыныңызды білмеу керек, және сіз ер адамға
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
211
тәуелсіз екеніңізді сезу керек. Ол үшін ер адаммен
ұрысқанда әр сөзіңізді бақылап, контрольда ұстаңыз.
Және істей алмайтын сөзіңізді істеймін деп айтпаңыз.
Еркек «кет» десе, жылап отыра бермеңіз. «кет» деп
тек кете алмайтын адамға ғана айтады, ал сіз ондай
адам болмау керексіз.
3. Қадам. Жазаны жасаған соң, ер адам кешірім сұраса,
кемінде 1-2-3 апта күтуге тырысыңыз. «маған уақыт
бер» деп уақыты созыңыз. Сосын ер адам кешірім
сұрағанына өз шартыңызды айтыңыз. Яғни сол
шартты орындаса, кешіремін дегендей. Мысалы,
телефонын парольдан алып тастасын, инстаграмга
ортақ сурет қойсын, немесе сізбен психологқа барсын,
болмаса сізге 101 роза алсын, машинасын сыйласын
және т.б өзіңіз қалаған шартты айтсаңыз болады.
Бастысы, шартты орындағанға дейін кешірдім деп
айтпаңыз және кешірген адамның күнін кешпеңіз.
Жазалау тек изменаға ғана емес, кез-келген атталған
шекарада қолданыла алады. Изменада ажырасуға арыз
беруге дейін барса, ал басқа кездерде сәл жеңіл жаза болуы
мүмкін. Мысалы, дистанция ұстау.
Ер адамды үлкен қателік үшін бір күн жазалау өте-өте
аз. Себебі, басқа қызбен сөйлесу деген ол—сатқындық.
Оны кешіру де, ұмыту да қиын. Ер адамның миына сіздің
оңай кешіре алмайтыныңыз жету керек. Ер адам сіздің
кешіріміңізді алуға тырысу керек. Бір күн, екі күн, үш күн
өте аз. Не үшін бір күн аз болады? Себебі, адамның
рефлексі болады. Сіз егерде ер адамды ұзақ уақыт
жазалайтын болсаңыз, келесі жолы ер адам сол қателікті
істейін деген кезде өте ұзақ ойланады. Ал сіз сатқындықты
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
212
екі-үш күннің ішінде кешіретін болсаңыз, ер адамда ондай
ой мүлдем пайда болмайды. Бірақ біз өте әлсіз қыздармыз.
Егерде біздің күйеуіміз "жаным, алтыным сенен басқа
ешкімім жоқ, ол әйелдер түкке тұрғысыз екен" осындай
өлердегі сөздерін айтса, тізерлеп тұрып кешірім сұраса, біз
тез кешіре саламыз. Бұл қателік ешқашан болмағандай
қарым-қатынасты жалғастырамыз.
Ер
адам тез ұмытады. Сондықтан жақсылап
ойланыңыздар. Жазалау ол тек кешірмеуден тұрмайды. Ол
жазалауда тағы шарттың орындалуы да керек. Шамамен 2-
3 апта күйеуіңізді қинадыңыздар делік. Ол "не істесем
кешіресің?" дейді ғой. Сол кезде сіз оның жағдайынан сәл
жоғары нәрсе сұрау керексіз. Мысалы, пандора браслеті
немесе Түркияға жолдама, фитнеске жазылу, жұмысқа
шығу. Шарт міндетті түрде орындалу керек. Егер оған
сіздің кешіріміңіз маңызды болатын болса, онда ол
шартыңызды орындайды. Келесі жолы тағы қайталайтын
болса, тағы шарт қоясыз. "Тағы бір рет сен осыны
қайталайтын
болсаң,
айтпады
деме,
киімдерімді
жинаймын да кетіп қаламын". Жыламай, истерика
шығармай, осының бәрін түсіндіру керек. Сол кезде ер
адам сізді тыңдайды. Ер адам ол шартты орындамағанша,
араларыңызда бұрынғыдай қарым-қатынас болмауы керек.
Себебі ол: " мен шартты орындамасам да кешірді, шартты
орындамасам да қарым-қатынасымыз жақсы". Осындай
ойдан кейін ол шарт жайлы сізді де ұмыттырып жібереді.
Ал кешірім сұрамаса ше? Ал шартты орындамай, өзінікін
дұрыс деп есептесе ше? Сізге сұрақ, сізді ештеңеге
бағаламайтын, түкке де тұрғызбайтын, басқа қатынды
жоғары етіп қоятын ер адам үшін өзіңіздің нервіңізді не
үшін құртасыз? Қанша жерден махаббат пен ұят болса да,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
213
сіз өзіңізді бірінші таңдау керексіз. Еріңіз сізге ашық түрде
«сен маған ешкімсің» деп білдіріп тұрса, сіз ер адамға
ешқашан да өзіңіздің төмендігіңізді, көнетіңізді,
қорқатыныңызды көрсетіп қоймауыңыз керек. басыңызды
көтеріңіз де, ер адамға бағаңыз жоғары екенін көрсетіңіз.
Бірақ аузыңызға келген сөздерді айтып емес, керісінше,
сізге бес тиын бұның бәрі, ештеңенің де керегі жоқ екенін
көрсету арқылы. Ер адам да, оның көңілдесі де сізге
ешқандай әсер етпейтінін көрсетіп, жәй ғана өзіңізге ғана
махаббатыңыз бар екенін көрсету арқылы ер адамды
ойландыра аласыз. Изменадан кейін ер адамға сөзбен де,
оймен де жабыса беріп, оның сіз туралы ойын.
Төмендетпеңіз.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
214
Достарыңызбен бөлісу: |