Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
216
бермейді. Қазір мен өткен шақты емес,
болашақты
және қазіргіні ойлаймын. Мен үшін ерімнің қазіргі
қатынасы маңызды, Аллаһ кешірімді, мен де
кешірдім» деп өз өзіңізге айтыңыз.
3.
Ереже: Еріңізге сенбей жүрсеңіз де,
сырттай
сенімсіздігіңізді білдірмеңіз. «Мен саған сенбеймін»
деген сөзді мүлдем айтпаңыз. Себебі адамның
статусы өзгерсе, сол статусқа сай адам өзінің амалын
жасайды. Яғни еркекке оған сенімсіздігіңізді
көрсетсеңіз, еріңіз «маған бәрібір сенбейді, сенбесе
несін дәлелдеймін, не
істесем де осы статуста
қаламыни ғой» деп ойлап, ешқандай ар-ұяты оянбай,
сізді сыйламай, құрметтемей, тіпті бұрыңғы
қателіктерін де қайталай алады. Жәй ғана бір сөзіңіз
үшін. Бұл «табу» сөз,
мен сізге бұны айтуға тиым
саламын. Еріңізге сенбейтініңізді сұрақтармен
білдіріп қоя аласыз. «неге кеш келдің, неге кеш кеттің,
қашан, қайда кеттің, вацабыңды аш, инстаңды өшір
т.б» сөздер арқылы сіз еріңізге сенбейтініңізді
көрсетесіз. Бұның сорақысы тек еркекке сенбеуде ғана
емес, дәл осындай допрос сұрақтар еркектің миында
«мына әйел өзіне қатты сенімсіз екен» деген ойды да
қалыптастырады.
Сіз еркекке сенбеймін деп, оны тексеремін деп «өзіме
сенімсізбін,
менен тағы кетіп қалса, менен әдемірек
біреуді тауып алса, менен бас тартса, не істеймін сонда»
деген қорқыныштарыңызды проекциялайды,
сондай
сигнал жібереді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
217
Достарыңызбен бөлісу: