Некеден кейін әйел бақыты


Біздің миымыз 3 бөліктен тұрады



Pdf көрінісі
бет108/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   135
Некеден кейін

Біздің миымыз 3 бөліктен тұрады. 
Біріншісі—рептилия. 
Екіншісі—эмоцияға жауап беретін бөлік. 
Үшінші бөлік—неокортекс.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
225 
Біріншісі, рептилия деген қандай бөлік? Неге ол 
солай аталады? Себебі, бұл бұрынғы ежелгі мидың бөлігі. 
Яғни, бұрыннан бері қалыптасқан. Ол инстинкттерге 
жауап береді. Қандай? Қорғаныш, сақтық жағынан. 
Мысалы, сіздің көзіңізге қоқым сияқты нәрсе түсіп кетейін 
деп жатқан кезде сізде қорқыныш болады. Көзіңізді тез 
жұмып қаласыз. Осы жағынан рептилия жауап береді. Бұл 
ми бөлігі тұқым жалғастыруға да жауап береді. Рептилия 
бөлігі ең маңызды екі нәрсеге жұмыс істейді. Біріншісін-
сақтық деп айтып өттік. Екіншісі—ләззат алу. 
Миымыздың екінші бөлігі эмоцияға, қорқынышқа, 
қуанышқа, қайғыға, көңілсіз болу, біреуді қатты жақсы 
көру, біреуді қатты жек көру деген сияқты эмоцияға жауап 
беретін бөлік. Бұл жүйе "лимбикалық жүйе" деп аталады. 
Бұл бөлікке махаббат та кіреді. Себебі, біз жақсы көрген 
кезде өте көп эмоция кешеміз және сезімдерді сезінеміз. 
Үшінші бөлік—неокортекс. Неокортекс—санамыз, 
ақылымыз, логикамыз. Енді қараңыздар. Мұны білу өте 
маңызды. Не үшін маңызды? Мысалы, кішкентай кезде бір 
қызды шошытып қойды дейік. Мамасы "үлкен ағалармен 
ойнама, жолама, олар жаман" деп жаман сөздерді айтып, 
қорқытып қояды. Ол травмаларға әсер етеді және қыздың 
рептилиясын шошытып жібереді. Қыз өседі. Тұрмысқа 
шыққысы келеді. Бірақ тұрмысқа шыға алмайды. Неге 
екенін де білмейді. Оның миында қорқыныш сақталып 
қалады. Рептилия адамды тыс зияндардан 
қорғап қалғысы келеді, сақтағысы келеді. Ол 
осы қызды жаман ағалардан сақтап қалғысы 
келеді екен. Яғни, рептилиясы шошып қалған. 
Елестетіңіздерші, 
сізге 
біреу 
ұрысып, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
226 
агрессиямен, критикамен секіріп жатса, сіздің пікіріңізді 
дұрыс емес десе, сіздің организміңіз оны қалай 
қабылдайды, қалай ойлайсыз? Нейрофизиологтар айтады 
екен: "Біреу біздің көзқарасымызға сәйкес келмейтін 
нәрсені айтса, онда біздің организмімізде химиялық 
процесс болады екен. Ол қандай процесс? Бізді ұрып 
жатқандай сезім болады екен. Сізге біреу ұрысқанда, 
рептилия оянады, қорғану керектігін ойлап, сізге сигнал 
береді. Сіз бірден "ол мені ұрып жатыр" деп ойлайсыз, 
қорғану керек дейсіз. Немесе екінші вариант "қашу керек" 
деп ойлайсыз. 
Ұрысқан адам сізден күшті болса, жауап қайтара 
алмайтын болсаңыз, мысалы, күйеуіңіз. Онда сіз қашу 
керек деп ойлайсыз. Ал, ол сізден әлсіз болса, мысалы, 
ұлыңыз немесе қызыңыз сіздің пікіріңізге сай келмейтін 
нәрсені айтса, сіз оны басып тастай аласыз. Себебі, оның 
әлсіз екенін рептилия біледі, қорғана алмайтынын біледі. 
Конфликт- ол өміріміздің бір бөлігі. Ол өзімізді 
сақтауға, шекарамызды құруға көмектеседі екен. Егер адам 
конфликтсіз өмір сүрсе, демек ол адам страус сияқты. 
Страустар не істейді? Қорқатын болса, бірден басын жерге 
тығып, қашады. Адам да сондай екен. Егер конфликт
болған кезде, оның шешімін таппаса, ол страус сияқты 
болады. Мен сіздерге ұрсу керек, конфликт жасау керек 
деп жатқан жоқпын. Біреу сізді ұрып жатқанда, бір 
бетіңізді ұрса, екінші бетіңізді бермейсіз ғой? Сіз 
қорғанасыз. Мен сіздерге әдемі қорғанып үйреніңіз дегім 
келеді. Біз барлығымыз әртүрліміз. Сондықтан екі адам 
бір-бірінің көзқарасына келіспейді. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
227 
Келіспегенде сыйлап үйрену керексіз. Барлықтарыңыз 
"менікі ғана дұрыс" деп есептесеңіз, онда ол қате пікір. 9 
саны сияқты, 9 санын біреу 9 деп көреді, біреу 6 деп көреді. 
Әр адамның өзінің пікірі бар. Егер өміріңізде өте көп 
конфликт пен өте көп ұрыстар болса, мүмкін сіз әлемге 
берген нәрсеніз үшін жауап алып жатқан шығарсыз. 
Мүмкін сіз әлемге негативті, ұрысты бересіз. Ал ол сізге 
айнадай қайтады. Менің өмірімде конфликт өте-өте аз. 
Мен ұрысқақ, агрессивті адам емеспін. Университетте 4 
жыл оқыдым. 4 жылда мен ешкіммен қырылысып, қатты 
сөзге келіп көрмеппін. Ол кезде психологияны қатты 
білмеген кезім. Мен ұрысқанды жек көрген соң, дауыс 
ырғағым көтерілмейді. Себебі сен дауысыңды көтерсең, 
екінші адам ұрысқаныңнан қаттырақ сөйлегісі келеді. Ол 
қаттырақ сөйлесем, жеңемін деп ойлайды. Доминант адам 
мен боламын деп ойлайды. Егер ол қатты айқайлап ұрсып 
жатса, ал сіз оған жайлап, асықпай жауап беріп жатсаңыз, 
ол сырттан қалай көрінеді? Екі адам ұрсысып конфликтте 
тұр. Біреуі айқайлап жатыр. Ал, екінші адам жай күліп 
жауап беріп жатыр. Бұл қалай көрінеді? Сіз—саналы адам 
болып көрінесіз. Ал, сізге айқайлап жатқан адам псих 
болып көрінеді. Кім кінәлі деп ойлайсыз? Бұл жерде,әрине, 
ұрысып, дауысын көтеріп жатқан адам кінәлі көрінеді. 
Конфликт аяқталған соң, бірнеше сағат өткен соң, 
айқайлаған адам қатты өкінеді екен. Неге қатты өкінеді? 
Себебі, сіз оған ол сияқты жауап берген жоқсыз. 
Керісінше, дауысыңызды төмендетіп, сабырмен, әдемі, 
орынды, эмоцияға берілмей жауап бердіңіз. Ал, егер екі 
жақ бір-бірімен қырылысып, айтпаған сөзді айтса, бірнеше 
сағат өткен соң екі жақ та өкінбейді екен. Екі жақ та сөзін 
саралап, есіне түсірмей, кешірім сұрау керек деген ойға 
келмейді екен. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
228 
Психология мен дін екеуі бір нәрсені айтады. Әлемге 
не берсең, сол қайтады. Біздің дінімізде де айтатын нәрсе 
осы. Яғни, ешкімгі жамандық жасама, себебі, кез келген 
жамандықтың, біріншіден, арты ашылады. Екіншіден, 
еселеніп қайтады. Дәл сол сияқты, егер сіз мысыққа
ашулансаңыз да, өз-өзіңізге ашулансаңыз да немесе 
күйеуіңіз жаныңызда жоқ, бірақ оған жаман сөздерді ол 
жоқта айтсаңыз, ол оған тікелей бармаса да, өзіңізге 
міндетті түрде қайтады. Уақыт өте келе аяқ астынан 
күйеуіңіз сізге ұрысады, аяқ астынан екеуіңізде конфликт 
шығып қалады. Себебі, әлемге не берсең, сол нәрсе өзіңе 
қайтады. 
Егер тек бір адаммен ғана конфликт бола берсе, ондай 
кезде проблема тек сізде емес ол адамда бар болуы мүмкін. 
Ол адам сізге өзі тиіскісі келеді немесе өзі сізді жек көреді. 
Біздің ішкі дүниеміз басқа адамдардың бізге деген сезімін 
сезеді. Кейбір қыздар "қайынсіңілімді жақтыртпаймын, ол 
маған ештеңе істеген жоқ, сонда да ұнатпаймын" деп 
айтады. Неге? Мүмкін қайынсіңіліңіз сізді өзі 
жақтыртпайтын шығар. Сіздің жүрегіңіз, санаңыз соны 
сезеді. Рептилияңыз сізді ол адамнан қорғайды. 
Жанымыздағы адамның қандай екенін біз бірден сеземіз. 
Бұл бірінші мысал. Екінші—егерде сіз көп адамдармен 
конфликтте болсаңыз, бұндай жағдайда сіздің өзіңізде 
проблема бар шығар, соны ойлаңыз. Мінезіңізде бірнәрсе 
дұрыс емес шығар. Ол адамдар сізбен ғана конфликтте 
тұрады, ал басқаларымен тым жақсы. Адам тек сізбен ғана 
сондай қарым-қатынас құрса, меніңше, проблема онда 
емес, сізде. 40-50% сізге байланысты. Себебі, барлығы 
жайдан жай емес.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
229 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет