Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет109/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135
Некеден кейін

Конфликттің себептері 
 
Біріншісі—әртүрлі көзқарас. Әртүрлі көзқарасты 
айтып өттік.
 
Екінші себеп—әртүрлі сөздерді қолдану. Еркек бізге 
қалжыңмен немесе ұрысқанда, жай ғана әңгіме айтқанда 
тиіп кететін сөздер айтуы мүмкін. Біз бірден ренжіп, 
тырысып қаламыз. Оның әрбір айтқан сөзінің астарлы 
мағынасын іздеуге тырысамыз. Біз еркекке ойымызды 
айтқымыз келеді. Ал ол басқаша түсініп қалады. Әйелге 
норма болған нәрсе, еркекке норма болмауы мүмкін. 
Еркекке норма болған сөздер, әйелге норма болмауы 
мүмкін. Біздің ойымызды жеткізу жолдарымыз әртүрлі. 
Олардың мақсаты ренжіту емес, ашуландыру емес. Келесі 
жолы күйеуіңіз астарлы нәрсе айтып, «намек» тастағандай 
болса, тіпті әңгімелесіп жатқанда, сіз бір сөзіне ренжіп 
қалсаңыз, ренжімес алдын сұраңыз. "Осы сөздеріңмен 
маған не айтқың келді?" . Біз көбінесе ренжігенді жақсы 
көреміз. Тіпті олай емес екенін біліп тұрсақта, ренжіп 
қаламыз. Ал ол бізге не үшін керек? Себебі, біз конфликтті 
жақсы көреміз. Мысалы, күйеуіңіз "балаларымыз сенің 
мамаңның үйінде бірнеше күн болса, өзгеріп келеді",-
дейді. Сіз бірден ойлай бастайсыз "демек, менің мамам 
жаман ғой, жаман тәрбие береді ғой, солай айтқың келіп 
тұр ма?" деп ренжіп қаламыз. Бәлкім күйеуіңіздің айтқысы 
келген ойы басқа шығар. Конфликтті шешетін ең керемет 
инструкция—коммуникация. Күйеуіңізден ашық сұрап, 
анығын біліңіз. Бұл "семантикалық себеп" деп аталады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
230 
Семантикалық конфликт интернет желісінде де болады 
екен. Адамның түрін, эмоциясын көрмейміз. Сондықтан 
біздің көңіл-күйімізге байланысты, басқа адамның сөзін 
өзімізге қабылдап қалады екенбіз. Адамдар әртүрлі 
болады. Сізге ұнамайтын хаттар немесе ұнамайтын 
комментарий болса, оған жауап берердің алдында бірнеше 
рет оқыңыз. Бірінші—негатив жақтан оқыңыз, екінші—
позитивті жақтан оқыңыз. Бұл сізге көмектеседі. Адамның 
қандай ойды айтқысы келіп тұрғанын сізге жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет