Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
235
шығатынына сене алмай тұрмын. Әлде мен дұрыс естімей
қалдым ба?" деген сияқты сөздерді айтасыз. Комплимент,
мақтау айтасыз. Өзін 100% сыйлайтын ер адам бірден
сасқалақтап қалады. Конфликтті болдырмау үшін, оған
комплиментпен жауап беру керек.
Комплиментті естіген
адам, жаман сөзбен жауап бермейді. Миымыздың
рептилиясы ұрысқанға бейім. Оны тынышталдыру үшін
адамға комплимент керек. Итті елестетіңізші. Көшедегі
итті шошытып, таяқпен ұрайын деп, жындандырып тұрсаң,
одан сайын құтырып, тістегісі келеді. Ал оған нан беріп,
еркелете бастасаңыз ол тынышталады. Әйел адам да, еркек
те дәл сондай екен.
Бұл техниканы қорықпай
қолдансаңыздар болады. Бірден нәтижесін көресіз.
"Ішіңді көрсет" техникасы
Бұл техника көбінесе еркектермен күшті жұмыс істейді.
Бірден нәтижесін көрсетеді. Неге? Себебі, олардың және
біздің психологиямыз бір-бірімізге қарама-қарсы. Біз
эмоцияға берілеміз, еркектер логикаға берілген. Не үшін
бұл техника ішіңді көрсет деп аталады? Иттердің күресін
көрдіңіз ба? Әлсіз ит
ұтылайын деп жатқан кезде, жерге
жата салып ішін көрсетеді екен. Бұл "мен ұтылдым, мен
әлсізбін" деген мағынаны білдіреді екен. Еркек қай кезде
агрессивті болады? Әйел адам еркекке секіре бастағанда.
Әйел адам еркекке дауыс көтерсе, жұлқынса,
критика
жасағанда ер адамның тестостероны басына шабады екен.
Ол сізді бір ұрып құлата алады, құлатқысы келеді.
Еркектер көп ойланбайды. Олар не есікті тарс жауып кетіп
қалады, не бір ұрады. Еркекті агрессиядан қалай тез
қайтаруға болады? Оның
қорғаушы позициясын ояту
арқылы. Көшеде кетіп бара жатқанда алдыңыздан ит
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
236
шықса қорқып, әрең өтесіз. Ал жаныңызда бала болса
қорғаушы позициясы оянады.
Сіз иттен қорықпағандай
күй кешесіз. Дәл осы сияқты еркектерде де позиция бар.
Еркек ашуланғанда әлсіздігіңізді көрсету керексіз. Бұл
техниканың 100% әсері бар. Қалай? Мысалы, "мені білесің
ғой, кейде басым істемей қалады, сондай ақымақпын" деп
айтыңыз. Сол үшін еркектің эмоциясы, рептилиясы сөйлеп
алғанын күтеміз. Сосын өзіңіздің әлсіз екеніңізді
көрсетесіз. Әлсіз екеніңізді сөзбен де, түріңізбен де
көрсетесіз. Бұл жерде ең бастысы еркекпен жағаласпау
керек. Еркек сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз. Кез келген
адамда солай. Ол сөйлеп бастағанда тыңдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: