Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет113/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   135
Некеден кейін

Ене мен келін
ара-қатынасы
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
 Некеден кейін әйел бақыты 
239 
 
Енемен қарым-қатынас 
 
Келін мен ененің қарым-қатынасы күрделі 
тақырыптардың біріне кіреді. Себебі қарым-
қатынастың жақсы болуы көбінесе ененің өзіне 
байланысты. Жаңадан келін болған әйел іштей 
«енені жеңемін, анасының орнын басамын, анасынан 
баласын тартып аламын, енені басынамын, енемен 
қатынасты құртамын» деп ойлап келін болмайды. Әр 
әйелдің келіндік алғашқы ойлары қорқынышқа толы. 
«Енем қандай екен, енеме қалай жақсам екен, енеме қалай 
ұнасам екен, оның тілін таппасам, күйеуім разы болмайтын 
шығар» деген қорқыныштары болады. Демек, келін 
қатынасты өзі әдейі бұзбайды деген сөз. Үйдің 
табалдырығын аттағанда келін енесінің минустарын, 
қателіктерін, 
қатты 
мінезін 
бірден 
көрмейді, 
көрмегендіктен өзін идеал келін қылып көрсетуге тырыса 
бастайды. Бұл келіннің ең бірінші қателігі. Маска кию, өзін 
басқа адам қылып көрсету, идеал емес адам бола тұра
идеал сияқты көріну-әйелдің келіндің өмірдегі ең алғашқы 
қателігі. Бұл қателікті қандай әрекеттермен көрсете 
бастайды? 
 
 
 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
240 
 
Келін болып түскенде істемеу керек қателіктер. 
Қателіктерді алдын алатын ережелер. 
1. Қателік. Ерте тұру.
Өз үйінде таңғы 6 тұрмаса да, келін болып таңғы 6-да 
тұру керек деп ойлап, алғашқы күннен бастап тым ерте 
тұрады. Неге ерте тұру қателік деп есептеймін? Себебі 
әдетте ерте тұрып үйренбеген адам үшін бұл қиын болады. 
Алғашқы аптада дофамин, адреналин гормондарының 
әсерінен әйел онша қиналмауы мүмкін, бірақ уақыт өте ене 
мен үй ішін ерте тұратынына үйретіп қойып, ал өзінің 
гормондары баяулағанда, келін ерте тұруға қиналып, ерте 
тұрса «ұйқым қанбады» деп, ал кеш тұрса, өзін кіналап 
бастайды. Себебі әдеттен тыс дүние істеп қояды, ал үй іші 
бірден соны байқап қалады. Онда алғашқы күннен бастап 
кеш тұру керек пе не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет