Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
241
10-11 де тұрып жүрсеңіз, бұл бастапқы уақытта қиындық
тудыру мүмкін. Кейде ұйықтап қала аласыз,
сондықтан
енеңізге: «мамау, мен негізі кеш тұратын қызбын ғой,
сабағым түсте болатын, кейде 7ден
кеш тұрып ұйықтап
қалсам, маған ұрыспаңызшы, иә» деп күліп, қалжыңдап,
бірақ сіз де робот емес, адам екеніңізді жәйлап білдіріп қоя
аласыз. Бұл сөздер сіздің енеңізге сіз жайлы керемет қияли
жоспар құрмауы үшін айтылады. Және өзіңіз де кейде кеш
тұрып қалсаңыз , өзіңізді кіналамай, жақсы көңіл-күймен
тұру үшін айтылады.
2.
Қателік. Күнде тәтті тағамдар пісіру.
Бұл да ерте ояну сияқты пункт.
Алғашқы ай неше
түрліні пісіріп, үй ішін осындай ләззатқа үйретіп алып, ал
уақыт өте қарапайым тағамдар жасала бастағанда, үй іші
сізден бұрыңғыдай ресторан тағамдарын күтіп, «келін
басында күшті пісіруші еді» дей бастайды.
Бұл сөз сізді
ренжітеді, себебі сізде «мен де адаммын ғой, демалу керек
шығармын. Бар тамақты бағаламайды» деген ойлар
болады. Тіпті,
қазір оқып отырып, «жо-оқ, мен
шаршамаймын, басында көп күшті тағам жасап бастаймын
да қанша уақыт өтсе де, соны жасауды жалғастырамын»
дейтін шығарсыз. Бұлай ойламас бұрын келін болып түскен
1-2 жылдық тәжірибесі бар
құрбыларыңызбен сөйлесіп
көріңіз. Алғашқы уақытта не істейтін, ал қазір соны әлі де
істеп жүр ме екен?
Достарыңызбен бөлісу: