Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет116/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   135
Некеден кейін

 
3-ші ереже
 
Сол үйдің ережесін толық зерттеу керек. Сырттан 
бақылаңыз, және міндетті түрде енеңізден үйдің ережелері 
жайлы сұраңыз.
 
Қарапайым сұрақтар: 
• Тамақты пісіргенде, тұзын көп салғанды ұнатасыз 
ба? 
• Кешегі тамақты не істеу керек? (біреуі жылыта 
салады, біреуі итіне береді) 
• Қанша күн сайын пол жуып тұру керек? (шаң сүрту, 
пылесос, уборка) 
• Түскі ас, кешкі ас қаншада дайын болу керек? 
• Қандай тағамдар ұнайды? (атадан, енеден бөлек 
сұрау) 
• Таңғы асқа ыстық тамақ ішесіздер ме, каша 
жейсіздер ме әлде жұмыртқа т.б 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
244 
Осы сияқты үйдің әр білмейтін, бірақ білу керек 
нәрселерді енеңізден ұялай тіке сұрап тұрыңыз. Өміріңіз 
жеңілдейтіні анық, және енеңіз де сізге айтуға ұялмайтын 
болады. Әдетте, келін ештеңе сұрамаса, кейбір енелер 
ақыл айтып, «мынаны да білмейсің ба не», «біздің үйде 
былай» деп тиісіп айтып қала алады, ал кейбір енелер 
айтуға ұялып, сізге іштей көңілі толай, ал көңілін өз 
туыстарына айтып жая салады. Оның мақсаты сізді 
ренжітпеу ғой, бірақ одан пайда жоқ, себебі сізді 
ренжітетіндей сыртқа өсек айта алады. Сондықтан, сіз де 
енеңізге ренжімеу үшін алғашқы күннен бастап барлық 
үйдің шаруасына қатысты сұрақтарды еркелеп, күліп 
сұрап алу керексіз. 
 
4. Қателік. Енеге ұқсамау.  
Иә, бұл да қателікке жатады. Көп жерде «маска киме, 
ешкімге ұқсама, будь собой» деп айтады ғой, тіпті, мен де 
айтамын. Бірақ сіздің мақсатыңыз ененің тілін табу болса, 
бұл жерде кейбір кеңесімді орындау керек боласыз. Енеге 
ұқсамау деп- енеңіз бірнәрсені айтса, сіз оған бірден 
өзіңіздің пікіріңізді айтып, оның сөзін талдап, кері шағып, 
өз қалауыңызша қалай дұрыс болатынын жеткізуге 
тырысуды айтамын. Бұл әрекеттермен сіз енеңізге «мен 
сізге ұқсамаймын» деген сигнал жібересіз. Ал біздің 
миымызда мынандай қасиет бар, ұқсамайтын адамға сенім 
артпайды, ал ұқсайтын адамды өзіне жақын тартады. 
Сондықтан сіз әңгіме барысында енеңізге «ал мен былай 
ойлаймын, а біз олай жасамайтынмын, ал мен басқаша 
істеп көрейін» деген сөздермен енеңіздің миына «алшақ 
бол, сенбе» деген функциясын оятасыз. Бұл бізге қажет 
емес қой. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
245 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет