Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет118/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135
Некеден кейін

 
5-ші ереже:
 
Істегіңіз келмейтін нәрсені қырсығып, мінещ көрсетіп, 
енеңізге қарсы шығып білдірмеңіз. Оның орнына 
даналықпен бас тартуға тырысыңыз. Мысалы, ата-
енеңіздің іш киімдерін жинау ұнамаса, енеңіз сізге ұрысса, 
ескерту айтса «мама, мен бұны жасауға қысыламын» деп 
айтып, қанша есіңізге салса да ұмытып кеткендей болып, 
алшақ жүрсеңіз болады. Ал ескертпей, ештеңе деп айтпаса, 
сіз де үндемей бірақ жасамай жүре беріңіз. Тілмен ұрысып 
айтқанша, үнсіздікпен осылай білдірген дұрысырақ. 
 
6. Қателік. Жеке шекараны бірден сызбау.
Сіздің жеке шекараңызды ешкім аттамау керек. Жаңа 
үйде сіздің шекараңыз тек қана сіздің жеке заттарыңыз 
және эмоционалды көңіліңіз. Егер сіздің шекараңызды жиі 
аттайтын болса, басқа адамдарға бұл қалыпты болып 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
247 
кетеді. Сондықтан шекараға келгенде өзіңіздікі дұрыс емес 
деп есептеуден алшақ болыңыз. 
 
6-шы ереже: 
 
Енеңіз заттарыңызды рұқсатсыз алса, рұқсатсыз 
күйеуіңізбен бөлмеде жатқанда кіріп қалса, онда енемен 
ұрысып жатудың қажеті жоқ. Сізге шекараны ақылмен де 
қорғауға болады, яғни енеңізге оның қылығы дұрыс емес 
екенін кейбір амалмен білдіре аласыз. Адам қай кезде 
өзінікін дұрыс емес деп ойлай алады? Сол істі істеп 
жатқанда ыңғайсыз күйде болып қалғанда ғана. Егер 
рұқсатсыз бөлмеге кіріп қалса, сіз күйеуіңіздің үстінде 
жатсаңыз, енеңіз ыңғайсыз күйде болып қалады, және сол 
ісі үшін ұялып, келесі жолы тек рұқсат сұрап қана кіретін 
болады. Ал сіздің затыңызды рұқсатсыз алатын болса, сіз 
енеңізге «мама, мына затымды көрмедіңіз бе? Біреу ұрлап 
алған сияқты, себебі менен ешкім сұрамаған еді ол затты» 
дей аласыз, енеңіз «ол затты мен алдым» десе, сіз: «ойбу, 
мама, мен полицияға бара жаздадым ғой, мына затымды 
ұрлап кетті деп», немесе «кешеден бері сол затты іздеп, 
күйеуімнің миын жеп қойдым ғой, қатты уайымдадым, 
себебі ол зат маған қатты керек зат еді (тіпті шампунь 
болса да), мама, өтініш, келесі жолы мен уайымдамау үшін 
алатын кезде менен сұрап алыңызшы, аха, мен үшін 
маңызды бұл» деп айта аласыз. Басқа да шекараңызды 
аттаған кездерде енеңізге сол ситуацияны үлкен мәселеге 
айналдырып, енеңіздің есінде жақсылап сақталып 
қалатындай етуіңізге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет