Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
252
іштен тына беріп, іштей соларды жек көре бастайсыз.
Ішіңіздегі негатив қайнай бастайды. Сол себепті өзіңізге
өтірік айтпай-ақ қойсаңыз болады. Сіз қазір енені, қайын
жұртты «отбасым» деп қабылдап жатқан жоқсыз,
сізге
оларды жақыным деп қабылда деп те айта алмаймын,
себебі бұл әркімнің өз шешімі. Саналы түрде оларға
«жақындарым, отбасым» десеңіз де, іштей қарсылығыңыз
болады.
Енеңіз қандай болса да, не деседе оны өзгертуге
тырыспаңыз. Ол жасарын жасап, асарын асап қойған. Жасы
келген адамды сіз қалай өзгертесіз?
Қарттық келгенше
күйеуіңіздің жанында сіз боласыз ғой. Бірақ қанша жерден
күйеуіңізге жақын болсаңыз да, анасы берген нәрсені сіз
күйеуіңізге бере алмайсыз.
Біз де анамыз. Ойланып қараңызшы, сіз өзіңіз анасыз.
Сіздің ұлыңыз бар немесе болашақта ұлыңыз болады.
Балаңыз үйге келін әкеледі. Сіздің келініңіз курстарға
қатысып, сұрақтар қоя бастайды. Менің енем(яғни
сізді
айтып жатыр) маған ұнамайды, тиісе береді. Сіз оған тиісіп
жатқан жоқсыз. Сіздің көзқарасыңыз бойынша көмектесіп
жатқандай боласыз. «Баламды жақсы көремін ғой. Менің
ақылым оларға пайда әкеледі» деген ойда боласыз. Бірақ
келініңіз оны дұрыс түсінбейді. Сіз қазір енеңізді қалай
түсінбей қаласыз, болашақта да сізді солай қабылдайды.
Өмір деген—бумеранг. Сіз басқа адамға не істесеңіз,
қандай ойда болсаңыз, әлі де өміріңізде осы екі есе болып
қайтып келеді. Сол себепті бірінші соны ойлайық.
Енеңіздің сөзі сізге тиіп жатса, демек,
сіз оның сөзімен
аздап болсын келісесіз деген сөз. Ал сізге өзіңіз жайлы
солай ойлау ұнамайды, сол үшін ашуланасыз. Бір күшті
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
253
мысал айтайын, бір коуч тренинг жүргізіп жатып, жас
қызға келіп: «сіз осы отырғандардың арасынан ең ақымағы
екенсіз» дейді. Әлгі қыз ренжіп, ашулана бастайды.
Бұлқан-талқан болады, бірақ ештеңе айтпайды. Коуч кетіп
қалады да, келесі сағатта сол қызға келіп «сіздің шашыңыз
қып-қызыл, бұйра-бұйра екен» дейді.
әлгі қыз жымиып,
күліп жібереді. Коуч одан «неге күлдіңіз?» десе, қыз:
«менде қызыл бұйра шаш жоқ қой» деп жауап береді. Коуч
тұрып: «менің сөзім сіздің бойыңызда жоқ болғандығынан
күлсеңіз, сізді ақымақ дегенге неге ашуландыңыз?» дейді
екен.
Достарыңызбен бөлісу: