Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
254
туындап тұр. «Неге енем менің артымнан жуып шықты?
Сонда мен таза қып жуа алмаймын ба? Сонда енем маған
қарағанда таза жуады деп көрсеткісі келді ғой» деп ойлай
бастайсыз, тіпті енеңіз өзі де айтқан шығар «сен таза
жумайсың» деп. Бұл сөздер сізді ашуландырады, себебі сіз
іштей осы нәрсенің рас екенін мойындайсыз. Өз өзіңіздің
осы қасиетіңізге
ашуыңыз келгендіктен, енеңіздің де осы
сөздеріне ашуланасыз. Күйеуіңіз де «мамам сенен таза
жинайды» дегеніне қатты ашуланасыз, себебі бұл негізі рас
айтылған сөздер.
Ашу мен реніштің себебін түсіндік, енді ашу мен
ренішті қалай басқаруға болатынын түсінгеніңіз
жақсы болады. Сондай сәттерде сізге өз—өзіңізбен
саналы түрде сөйлесе алу керек.
• Неге мен енемнің
осы сөздеріне ашуланып
жатырмын?
• Мен өзім жайлы солай ойлап тұрмын ба?
• Оның сөздері рас па?
• Егер оның сөздері рас болмаса, маған қатысы болмаса,
онда ашуланудың пайдасы жоқ қой.
• Ал егер оның сөздері бір жағынан рас болса, онда неге
шындық үшін ашуланып жатырмын? Иә, сөзі рас. Иә,
мен сондаймын. Ол тек сырттай көрінгенді айтып тұр.
Енеме «сіз дұрыс айтасыз» деп айтсам не болады, егер
ол шынымен де дұрыс айтса?
Өз-өзіңізге айтылған осындай әңгіме ашуыңызды
қайтарып, оны саналы түрде ойлануға алмастырады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
255
Достарыңызбен бөлісу: