Некеден кейін әйел бақыты


Енеге игнор жасау дұрыс па



Pdf көрінісі
бет122/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135
Некеден кейін

Енеге игнор жасау дұрыс па
әлде оны орнына қою керек пе? 
 
Дәл жоғарыда айтылған мысалды алайық. Енеңіз сізге 
«мынаны дұрыс жасап жатқан жоқсың» деді. «мен сияқты 
таза жуа алмайсың» деді. Сіз енеге қалай жауап берсеңіз 
дұрыс болады? Шекара шекарамен, бірақ бір үйде тұратын 
адаммен қарым-қатынасты бұзғың да келмейді ғой. 
Сондықтан мына кеңестерімді қолданып көріңіз. Енелер 
келіндеріне «дұрыс жасамайсың» деп айту себебі-өзінің 
дұрыс жасайтындығын, өзінің керемет білгірлігін 
көрсеткісі келу мақсатында. Яғни ене сізге немесе 
күйеуіңізге өзінің кереметтілігін көрсеткісі келеді. Өзінің 
бағасы төмен еместігі, өзінің біреуге қажеттілігін сезгісі 
келетін адам дәл осылай «сенікі дұрыс емес» деу арқылы 
білдіреді. Енеңізге жәй ғана сондай «чувство нужности» 
жетпей тұр. Әрине, оның бастауы балалық шақтан, ата-
анасының оған сол сезімді бере алмағандығынан болады, 
уақыт өте ененің күйеуі де оған сол сезімді бере алмаған 
шығар, сондықтан ала алмаған сезімді бейсаналы түрде 
енеңіз осындай сөздермен алуды жөн көреді. Сіз оның 
травмасын емдей алмайсыз, тіпті ондай жаста 
психотерапевтпен жұмыс жасау туралы ол кісі 
ойланбайтын да шығар. Сізге жәй ғана енеңізді аяп, оған 
қажетті сезімді беру керек болады. Өзінің эмоционалды 
қажеттілігін өтеген соң, енеңіз рахаттанады да сізге олай 
тиісуін де қоя бастайды. Қараңыз, осы соңғы екі тақырыпта 
мен сізге «неге ене маған тиіседі» және «неге 
мен ененің тиіскеніне ренжимін» деген сұрақты 
талдап бердім. Мұқият екі қайтара оқып
есіңізде осыны сақтап алсаңыз, сізге келесі мен 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
256 
айтатын амалды орындай жеңілірек болады. Ал енеге 
игнор жасау дұрыс па әлде оны орнына қою керек пе? Сізге 
оған игнор жасаудың да, орнына қоюдың да қажеті жоқ. 
Шекараны сақтаудың өз кезі болады, бірақ мына 
мысалдарда, енеңіз сізге «мынаны жасап қой, ананы дұрыс 
істемедің, пәленшенің келіні бүйтіпті» десе, бұл жағдайда 
оған сөз қайтарып, тырысудың қажеті жоқ дегім келеді. 
Бұл сіздің шекараңызды қатаң өткеніне саналмайды, егер 
түпкі себебін түсінсеңіз, енеңізге дұрыс жауап бере алатын 
боласыз, және енеңіздің сөздеріне дұрыс реакция беріп 
үйренетін боласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет