Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
261
Ата-ананы отбасылық конфликттерге
араластыру дұрыс па?
Енемен, күйеумен конфликтті өз әке-шешеңе айту мен
үшін дұрыс емес нәрсе. Енеңіз өзі айтып қойса, немесе
нақты ажырасу шешімін қабылдасаңыз ғана ата-анаға
анық-қанығын түсіндіруге болады. Ал
басқа кездерде
қанша конфликт болып жатса да, өз ата-анаңды
уайымдатып, оларды толғандырып, жүрегін ауыртып
қажеті жоқ деп ойлаймын. Сіз бәрібір енеңізбен тұрасыз, ал
ата-анаңыз енеңізді жек көріп кетеді. Бұл сіздің де,
күйеуіңіздің де көңілін түсіреді. Ең жақсы шешім-ол ата-
анаңызға күйеуіңізді, енеңізді тек жақсы жақтан ғана
көрсету. Ата-анаңызды сыйлайтынын, қуана күтетінін
айтып отырсаңыз жеткілікті.
Ал ата-анаңызға күйеуіңіз бен енеңізді жамандап
қойсаңыз не істеу керек?
Бұл қателік ажырасуға алып келмесе,
яғни сіз әлі де
күйеуіңізбен бірге болсаңыз, онда сізге өкінішімді білдіре
аламын. Себебі ата-анаңыз бен ата-енеңіздің арасындағы
қарым-қатынас күйеуізге қатты әсер ететіні анық. Сіз
өзіңізді ақтап алғыңыз келетін шығар, «ата-анама
айтпасам, олар мені басынатын еді, мені өзара өсектеп
отырды, күйеуім арамыздағы әңгімені енеге
айта береді» деп. Бірақ сіз күйеуіңіздің
қылығын тоқтату үшін тек күйеуіңізді
жазалауды
таңдамадыңыз,
сіз
бұл
қылығыңызбен
өз туған ата-анаңызды
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
262
жазаладыңыз, және өзіңіздің күйеумен қарым-қатынасты
бұзып алдыңыз. Сізге тек қана күйеумен шекараны құрып,
шарт қойып, шартын орындамаса сөз берген жазаңызды
қолдану керек еді. Кітаптың шекара бөлімінде «ер адам
сөзінде тұрмаса» деген тақырып бар,
сол тақырыпты бір
оқып шығыңыз.
Қателікті істеп қойсаңыз, сізге ата-анаңызға
барған сайын, олардың негативті ойын
қайтаратын сөздерді айтып тұру керек болады.
«Енем қатты өзгерді, қазір мені еркелетіп
отырады, күйеуіме мені қорғап отырады, қаншада тұрсам
да күліп тұрады» дегендей енеңіз жайлы жылы сөздерді
көп айту керек болады.
Бұл олардың ойларын жәйлап
жақсы жаққа бұра бастайды. Әрине, күйеуіңіз де, енеңіз де,
сіздің ата-анаңыз да аяқ астынан бәрін ұмытып, түк
болмағандай күнін жалғастырып кетпейді. Сізге уақыттың
өтуін күту керек. Ал сол уақыт өткенше, күйеуіңізге де
үнемі өз ата-анаңызды жылы лебізбен есіне салып тұру
керек. Мысалы, кешке әңгімелесіп отырғанда «бүгін
анаммен сөйлестім, сенің қалыңды сұрап жатыр.
Саған
арнап бас киім алып қойыпты. Сендер жақта суық қой,
басына суық тимесін» деп айтты дей аласыз. Яғни, сіздің
күйеуіңіз де ата-анаңыздан ұялып, олардан алшақ жүрмеу
керек. Арадағы конфликттен кейін араны жақындатудың
жалғыз амалы осы. Енеңізге де дәл сондай әңгімені
кездейсоқ айтып отырыңыз. «Анам сізге орамал беріп
жіберді, бұл орамал таза жібектен екен, өзіне ұнаған срң,
сізді де ойлап алыпты» десеңіз болады. Ол жібекті өзіңіз де
сатып алып, енеңізге
анаңыздың атынан сыйласаңыз
болады. Дінде екі жақты татуластыру үшін осындай
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
263
қадамға баруға рұқсат еткен. Ең бастысы, енді ешқашан да
бұл қателікті қайталамауға тырысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: