Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет128/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   135
Некеден кейін

үшін не істей аласыз
Енеңізге күнделікті кездейсоқ әңгімеде: 
-Балаңыз үйге келгенше сізді уайымдап келді. 
-Балаңыз сізге арнайы тамақ алып келді, «мамам 
жақсы көреді» деп айтты. 
-Балаңыз бір жаққа шығуға қорқып жатыр, біз жоқта 
сізге қарайтын адам жоққой, қарныңыз ашып қалса ше 
деп уайымдап жатыр. 
-Балаңыз мені емес, сіздің көңіліңізге қатты қарайды 
ғой. Қайда жүрсек те, «мамама ұнайды, мамама керек» 
деп отырады. 
-«мамам қарны аш шығар» деп үнемі ойлап жүреді 
Осындай сөздерді айту арқылы енеңізге оның 
бағасы жоғары, баласының алдында оның орны бөлек 
екенін көрсетесіз. Және енеңізде сізді шеттету туралы 
ойлары азаяды. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
266 
Өзіңіз де, күйеуіңіз де енеңізге сыйлықтарды алып 
тұрыңыздар. Ал күйеуіңіз тек сізге ғана бірнәрсе 
алып берсе, енеңізге оны айтпауға тырысыңыз. Сізге 
тәтті алып келсе, енеңізге де алуын сұраңыз. Немесе 
өзіңіз енеңізге «балаңыз сізге әкелді» дей салыңыз.
Күйеуіңізге енеңізді көп мақтап жүріңіз. Енеңіз 
еріңізге сізді жамандаса, сіз де өзіңізді қорғап, енеңізді 
жамандасаңыз, онда күйеуіңіз, біріншіден, анасына 
сенеді. Себебі сіздің сөзіңіз анасының сөзіне қарсы 
тұр. Күйеуіңіз сізді қорғай алуы үшін сіз енеңізді 
жамандамай, 
керісінше 
оны 
қатты 
жақсы 
көретініңізді, 
сыйлайтыныңызды, 
сөзін 
жерге 
тастамайтыныңызды, ренжіткіңіз келмейтінін білдіру 
ерексіз. Егер енеңізді тек жақсы жақтан күйеуіңізге 
айтатын болсаңыз, еріңіз сізді енеңіздің алдында 
қорғайтын болады. «келінің сен десе өліп тұрады, неге 
оған тиісе бересің» деп қорғайды. Бастысы, сіздің 
сөздеріңіз 
барынша 
шынайы 
болуы 
тиіс. 
Жанашырлығыңыз білініп тұру керек. 
Мысалы, қандай сөздерді күйеуіңізге айта аласыз? 
-мамаға менің бәлішім ұнайды, маманы қуантып 
қояйын деп бүгін жасадым 
-маманың көңіл күйін көтергім келеді, мүмкін оған гүл 
аламыз? 
-мамаға көмектесу керекпін, әйтпесе шаршап қалады. 
Мамаң үлкен жаста ғой, оны уайымдаймын. 
-мамаңды негізі жақсы көремін, мамаң болмаса, сен де 
болмас едіңіз. Алла разы болсын о кісіге.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
267 
Осындай сөздерді күнделікті 2-3 рет айтып тұрсаңыз, 
күйеуіңіз сізді одан сайын жақсы көріп, сізді өз 
қорғауына алатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет