Некеден кейін әйел бақыты


Енеге ақша беруге болады ма?



Pdf көрінісі
бет130/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Некеден кейін

Енеге ақша беруге болады ма? 
Байқасаңыз, «енеге ақша беруге міндеттісіз бе» деп 
тақырыпты қоймадым, себебі сіз ақшаңызды ешкімге 
беруге міндетті емессіз. Егер күйеуіңіз, енеңіз міндеттесе, 
сіздің дін бойынша да, басқа мәселе бойынша да, 
«ренжіме, мен күндіз-түні ақша табамын, ол ақшаның 
рахатын басқа адам көргені әділетсіз» деуге құқылысыз. 
Бірақ ақша беруіңіз кейбір ситуацияларда дұрыс болады. 
Сол жайлы айтайық. 
Қандай кездерде енеге ақша беруге болады? 
 
• Егер сіз ата-ененің үйінде тұрып, олардың тамағын 
жеп, етін асып, төсегінде жатып, свет-газын қолдансаңыз, 
онда айлығыңыздың белгілі пайызын, өзіңізге ыңғайлы 
бөлігін енеңізге берген дұрыс болады. Бұл екі жақтан да 
әділетті болады. Сіз үй жалдап, тамақ алсаңыз да сол 
ақшаны жұмсайтын едіңіз. Ал енеңіз сіздерге үй беріп, 
тамақпен қамтамасыз етеді. 
• Егер енеңіз сіз жұмыс істеп жатқанда балаңызға қарап 
отырса, онда енеңізге осы жағдайда да айлығыңыздың 
ыңғайлы бір бөлігін беру дұрыс болады. 
Бірақ сіз міндеттісіз демеймін, сіз жағыңыздан бұл 
тек қана сыпайылық болады. Бұл енеңізге деген алғыс! 
Ол ақшаны басқа адамға да бала баққаны үшін берер едіңіз 
ғой. Садик сияқты, бірақ одан сенімдірек. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
271 
Көп келіндер енемен қарым-қатынаста балансты ұстай 
алмайды, сол үшін өзін кінәлі сезінеді, ақша бермедім 
деп, ал ақшасын берсе, өзін «жертва» сезінеді, бәрін 
тартып алады деп.
Енді енеге «ақшамның бәрін бермеймін» 
деп қалай сыпайы жеткізуге болады? 
Егер енеңіз «айлығың түсті ме? Қашан түседі? Кредит 
төлеу керек еді» десе, сізде енеңізге дайын жауап болу 
керек: 
1. «Жоқ, ақшаны бермеймін» десеңіз, енеңіз ренжіп, 
арада дау пайда болуы мүмкін. 
2. «Иә, айлық түсті, бірақ мен өз кредитімді төлеп 
тастадым да ақшам қалмай қалды, тісімді де 
жасаттым» дей аласыз. Бірнеше рет осылай жауап 
берсеңіз, енеңіз дәметуін де қояды. 
3. «мама, ақшаңыз бар ма? Міне, алып қойыңыз, үйге 
тамақ аларсыз». 
4. «мама, осы айдан ақшам артылды, өзіңізге көйлек 
алыңыз» деген сияқты сөздермен алғысыңызды 
білдіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет