Некеден кейін әйел бақыты


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_  Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет131/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Некеден кейін

 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
272 
Енеңіз бен күйеуіңіздің қатынасы, ененің 
баласына әсері 
 
Ененің сіздің күйеуіңізге әсері өте үлкен. Енеңіз сізді 
күйеуіңізге жақындата да алады, алыстата да алады. Және 
дәл солай сіз де енеңізбен қатынасыңыз арқылы 
күйеуіңізден алыстай аласыз және жақын бола аласыз. Көп 
жазбай сізге тек қана 2 нәрсені айтамын.
Күйеуіңізге «менде сенің мамаңмен проблема» 
десеңіз, онда сіз күйеуіңізден алыстайсыз. Ал егер «мен 
сенің мамаңмен өте жақынмын» дессеңіз, онда 
күйеуіңізбен жақын боласыз. Бұл қарапайым ғана екі 
ереже. 
 
Бір ережені ұстану керек, екінші ережеден барынша 
қашуға тырысу керексіз. Енеңізбен қатынасыңыз онша 
болмаса да, күйеуге соны айтудың керегі жоқ, себебі сізге 
бұның ешқандай пайдасы болмайды. Бір айтқаннан кейін 
күйеуіңіз енеңізге ештеңе демесе, сізді қорғамаса, онда сол 
жағдайдан кейін сабақ алу керексіз. Күйеуіңіздің 
санасында сіз «идеал келін» болып қалсаңыз, онда ол 
бейсаналы түрде сізге жақын болады. Себебі ер адамның 
анасы-оның идеалы. Әрине, анасынан бөлек өскен бала 
болмаса ғана, анасы бала үшін идеал болады. Бірақ бұл 
енді бөлек тақырып. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
273 
Әйел ақша табу керек пе? 
Күйеуіңіз ақша бермесе. 
 
Күйеуім көйлекке ақша бермейді
Өзіме косметика ала алмаймын, 
Енем үйге ет алмайды, 
Күйеуім қыздармен отыруға ақшасын бермейді, 
Қыдыра алмаймын, 
Үйге әдемі ыдыс, перде алғым келеді
Ақшадан қысады, жалындырады. 
 
Бұл сөздер сізге таныс болса, демек, сіздің күйеуіңізге 
деген материалдық реніш бар. Ол реніш материалдық 
тәуелділігіңізден пайда болып тұр. Біріншіден, сіздің 
ренішіңіз күйеуіңізге емес екенін айтқым келеді, сіз оған 
емес, өзіңізге өте қатты ренжулісіз. Өзіңізге киім алуға 
шамаңыз жоқ, елден ақша берсе екен деп тіленіп отырасыз, 
ақша табуға амал етпейсіз, бұл сіздің тек өзіңізге деген 
ренішіңіз. Бірақ көп адам саналы түрде реніштің өзіне 
бағытталғанын мойындамайды, себебі олар жертва 
позициясында жүр. Жертва деген сөзді әр психологтан 
естіп, құлағыңыз әбден үйреніп қалған шығар. Мен де бір 
сөзімде осы позицияны есіңізге салайын. Сіздің өз жеке 
бас қажеттіліктеріңізді өтей алмағаныңызға сізден басқа 
ешкім кінәлі емес. Сіз оны бейсаналы түрде, іштей 
түсінесіз, бірақ біздің қазақи стереотиптеріміз сізге 
«жертва» позициясынан елді кінәлауға күшті мүмкіндік 
береді. «Еркек әйелін толық қамтамасыз ету керек, еркек 
әйелі сұрағанын алып беру керек, еркек әйелдің 
материалдық жағдайын жасап беру керек» деген сияқты 
стереотиптік сөздер миыңызда жақсы орын алады. Оған 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
274 
қоса дінімізде де бар ғой, «Еркек әйеліне киімін, тамағын, 
үйін беріп, қамтамасыз ету керек» деген. Сізге сұрақ 
қояйыншы, қазір ашсыз ба? Жалаң аяқсыз ба? Ұйықтайтын 
төсегіңіз жоқ па? Меніңше, бар. Бар болса, еркек сіздің 
толық базалық қажеттіліктеріңізді өтеп жатыр деген сөз. 
Дінде қажеттіліктерді «қымбат, арзан, хочу, не хочу» деп 
бөлмеген. Еріңіз сізге қара нан берсе, су берсе, бұл оның 
парызын орындағанға саналады. Ал сіз қара нан емес, 
қызыл балық, бургер жегіңіз келсе, ренжімеңіз, бұл сіздің 
базалық қажеттіліктен тыс, артық қажеттілігіңіз. Бұл 
қалауыңызды еркек орындамағаны үшін кінәлі емес, сіз өз 
өзіңізге «неге мен бургер қалап тұрмын, туу» деп 
ренжісеңіз де болады, «неге менің тәбетімнің қалауын 
күйеуім орындамай жатыр» деп ренжісеңіз де болады, 
немесе «мен қаладым, күйеуім маған алып бергісі келмесе, 
мен өз өзіме алып беремін» дей аласыз. Өз өзіңізге 
қалағаныңызды алып бере алмайсыз ба? Басқа адам да дәл 
сіз сияқты сізге алып бере алмауы мүмкін. Күйеуіңіз 
миллионер болса, мүмкін, аздап көңіл түсіретіндей 
жағдайды 
көруге 
болатын 
шығар, 
«күйеуімде 
миллиондаған ақша бар, ал ол маған косметика мен бургер 
алып бермейді» деген. Бірақ бұл көңілді түсіретін 
жағдайдың өзі сізді өз қажеттіліктеріңізді өтеуден 
босатпайды. Сізде тек 2 вариант бар. Біріншісі- артық 
ештеңені қаламау, өз өзіңізге артық нәрсені қалауға тиым 
салу. Бұл вариант, әрине, сіздің өмірге құлшынысыңызды 
азайтады, 
самооценканы 
түсіреді, 
сенімділігіңізді 
әлсіретеді. Бірақ амал қанша. 
Екінші вариант- өзіңіздің ер адам өтей алмайтын, оның 
шамасы келмейтін қажеттіліктеріңізді өтеу үшін табыс 
табу. Аллаға шүкір, қазір интернет заманында үйде 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
275 
отырып 10 мың теңгеден бірнеше миллионға дейін табуға 
болады. Сіз де «мен амалын таба алмай жүрмін» дейтін 
шығарсыз. Неше түрлі сетевойды көрдім, елдің чатында 
отырып адам шақырдым, біреудің еңбегін ұрлап саттым, 
бірақ табысым тұрақты емес, тіпті қажеттілігіме жетпейді 
дейтін шығарсыз. Бұл бірінші «отговоркаңыз». Ал 
екіншісі- еркектің босаңсып кетуінен қорқу. «Мен ақша 
тапсам, еркек ақша таппай қояды» деген қорқыныш. Екі 
қорқынышты да талдап беремін, мұқият оқыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет