Некеден кейін әйел бақыты


Екінші қорқыныш- әйел ақша тапса, еркек



Pdf көрінісі
бет133/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Некеден кейін

Екінші қорқыныш- әйел ақша тапса, еркек 
босаңсып кетеді деп ойлау. Бұл шыны керек, тек қана 
сылтау. Қорқыныштың артындағы сылтау. Әйел адам ақша 
тауып бастаса, әйелдің самооценкасы өседі, себебі әйел 
өзінің қажеттілігін өтей алады, ешкімге тәуелді болмайды. 
Не үшін әйелді ұрғанда, боқтағанда, әйел шекарасын 
аттауға рұқсат береді? Себеб өзі ақша таппайды, кетіп 
қалуға мүмкіндігі жоқ, жазалауға еш дәрмені болмаған 
соң, шыдап жүре береді. Ал ақша табатын әйелдің бірден 
сенімділігі артып, ешкімге өзінің шекарасын аттауға 
мүмкіндік бермейтін болады. Ал ер адам босаңсып кетеді, 
ақша таппай қояды деген жәй ғана қорқыныш және сылтау. 
Сізге бұны ақша тауып та алдын алуға болады. Қалай? Ер 
адамның қажеттіліктерін өтемеу арқылы. Негізі, менде 
бұндай қорқыныш үйленудің алғашқы жылында болған. 
Сол қорқыныштан табысым да бір орында тұратын, бірақ 
мен қорқыныштан құтылғалы бері бәрі өзгерді. 
Ер адамның сізбен ақшаға таласпауы үшін, сізге ғана 
тіленіп отырмауы үшін, біріншіден, өзіңіз ашық түрде ер 
адаммен сөйлесу керексіз. 
Табыс табатын әйелдің бірнеше ережесі бар, бұл 
ережені мен өзім ойлап таптым. Сіз оны ұстануға міндетті 
емессіз. 
• Өзінің күйеуі алып бере алмайтын, жағдайы 
жетпейтін, бірақ әйелі өзі қалайтын қажеттіліктерге 
өзінің ақшасын жұмсай алады. (киімі, косметикасы, 
тамағы, көлігі, қыдыруы) 
• Әйел адамның өзінің қажеттіліктеріне ақшасы жетпей 
жатса, онда ер адамның (тамағын, көлігінің 
жанармайын, киімін, кредитін) жалпы қажеттіліктерін 
төлемеу қажет. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
279 
• Егер әйел адамның табысы ер адамның табысынан 
көп мөлшерде артық болса, онда әйел нормадан 
жоғары ортақ қажеттіліктерге ақшасын жұмсай 
алады. (рестораннан тамақ тапсырыс беру, шетелге 
қыдыру, 2 есе үлкен, қымбат үйге көшу, т.б әйел өзі 
қалайтын дәрежедегі қажеттіліктер). 
Бұл ережелер қатып қалған жоқ, әркімнің өз нормасы 
болады. Кейбір отбасыда әйел адам ғана табыс тауып, ал 
ер адам үйде балаларға қарайды. Бұл әр үйдің өз 
нормасына қарай, ешкім ешкімге «бұлай болмайды ғой» 
деп айта алмайды, егер әйелге де, ер адамға да бұл ұнаса. 
Бастысы, ешкім әйелді осындай жағдайда өмір сүруге 
міндеттемеу керек. Күштемеу керек. Егер бұл әйелдің өз 
қалауы болса, онда ешқандай проблема жоқ. Менің айтқым 
келетіні-әйелдің материалдық тұрғыда ешкімге тәуелді 
болмауы керектігі. Еріңіз сізге меншік ретінде қарамауы 
үшін де табыс таба білуіңіз керек. Себебі көп ер адамның 
санасында ақша таппайтын әйел ешқайда кете алмайды, 
оның бағасы жоқ, құндылығы жоқ, тіленіп жүретін біреу 
деп ойлайды. Солай ойлаған соң, әйел де өзіне солай 
қарайтын болады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
280 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет