Некеден кейін әйел бақыты


Табысы бар әйелдің қателіктері



Pdf көрінісі
бет134/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Некеден кейін

Табысы бар әйелдің қателіктері 
 
Табыс, ақша самооценканы көтеретіні рас, тіпті 
соншалықты көтеріп тастайды да, әйел өзінің әйел екенін 
ұмытып, ер адаммен теңесе бастайды. Тапқанын 
міндеттеп, енесіне, күйеуіне соны айта беретін болады. Сәл 
ұрыс болса, сәл ер адам жақтан бір кемшілік болса, немесе 
ер адам әйелдің шекарасын аттаса, әйел бірден өзінің 
табысын міндет қылып, «мен ананы алдым, мынаны 
төледім» деп кетеді. Бұл өте үлкен қателік. «мен бердім, 
мен төледім» деген сөздер ер мен әйелдің арасын бірден 
ұзақ уақытқа бұзады. Бұзылған қатынасты қайта орнына 
келтіру өте қиын. Табыс табатын әйелдің тағы бір қателігі-
ақша туралы көп әңгіме айту. Негізі ақша туралы тақырып 
тек ер адамның аузынан шыққаны дұрыс. Егер әйел адам 
еркекке ақша туралы көп айтса, еркектің ойында әйел 
туралы өте жаман ойлар қалыптаса бастайды. Әйелдің рөлі 
бірден өзгере бастайды. Сондықтан, егер табысыңыз бар 
болса, ер адамға еш уақытта «ақша бердім, мен төледім
мен бердім, ақша қанша қалды, қанша кетті» деген 
әңгімені айтпаңыз. Аузыңыздан шықпасын. Еріңізбен 
қарым-қатынасыңыз 
бұзылғанын 
қаламасаңыз, 
табысыңызға қарамай өз әйелдік рөліңізді ұмытпаңыз. 
• Ер адамнан барлық мәселеде ақыл сұраңыз 
• Өз жұмысыңызда ер адамнан көмек сұраңыз 
• Алғыс айтып, оған мұқтаждығыңызды көрсетіп 
тұрыңыз 
Еріңізбен жұмсақ, нәзік дауыспен сөйлесіңіз 
• Ұрыста ақша жайлы ешқашан сөз қозғамаңыз 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
281 
Бұл тақырып жайлы мен бөлек бөлімде толық айтып 
өткенмін. Тақырып «ер адамға ақша беруге болады ма» деп 
аталады, сол бетті ашып, мұқият оқысаңыз болады. 
Егер табысыңыз ортақ қажеттіліктерге жұмсалса, онда 
жұмысыңызға ер адамның араласқанын сұрасаңыз болады. 
Яғни жұмысыңызда ол көмектесе алатын жерде көмек 
сұрап, кеңесін алыңыз. Сонда бәрі әділетті болады. Бірақ 
ер адам сізге жұмысыңызда көмектесуге міндетті емес. 
Егер ол бас тартса, сіз «мен ақша беремін, өз ақшама 
ананы-мынаны аламын» деп кіналамауыңыз керек. Бұл 
сіздің таңдауыңыз, және сіз бұны тек өзіңіз үшін істедіңіз. 
Жәй ғана басқа адамдар да содан пайда көріп қалды, онда 
тұрған ештеңе жоқ. Егер бұлай міндетсініп, ренжіп 
жатсаңыз, онда жәй ғана ортақ қажеттіліктерге ақша 
бермеңіз. Бәрі өз қалауыңызбен болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет