Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет69/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135
Некеден кейін

Үшінші қадам—баға бермеу. Бағаны кім қояды? 
Бағаны ата-ана қояды. Бағаны мұғалім қояды. Әйел адам 
емес. Бір мысал келтірейін. Консультацияға келген бір 
әйел куйеуімен болған оқиғаны айтып берді. Оның 
күйеуінің бірінші отбасы және баласы бар екен. Оны кейін 
білген. Екеуміздің арамызда бір әңгіме туды дейді. "Менің 
бірінші әйелім бар. Одан балам бар. Мен ол әйелге үйленіп, 
1 айдан кейін тастап кеттім, қазір араласпаймын", -деп 
күйеуі айтыпты. Ал консультацияға келген қыз: "Неге олай 
істедің? Ол сенің балаң ғой. Оны енді мойныңмен көтеру 
керексің ғой. Балаңа ойыншық апарып бермейсің ба?" - деп 
айтып, күйеуінің істеген әрекетіне баға берді. Сол 
әңгімеден кейін күйеуі ешқашан бірінші отбасысы жайлы 
сөз қозғамапты, және өзге де әңгімелерін сақтықпен
беткейлі ғана айтатын болыпты. 
Ер адамның сәтсіздіктеріне баға беретін болсаңыз, 
еркекте "бұл маған баға беріп жатыр, бұған ішімдегіні 
айтуға болмайды, менің қателіктерімді қабылдай 
алмайды" деп ойлайтын болады.
Ер адамның өмірінде жақсы сәттер аз, ол жақынымен 
сәтсіздіктерімен бөліскісі келеді, бірақ жақыны ол 
сәтсіздіктеріне сын мен мін айтатын болған соң, ер адам 
жақынына сенім артпай, жабылып қалады. Себебі, сіз оны 
қалай бар, солай қабылдай алмадыңыз. 
Сіздің күйеуіңіз қателіктерін, сәтсіздіктерін айтқанда, 
оны жақтауға тырысыңыз. Егер күйеуіңізді жақтай 
алмасаңыз, жай ғана сұрақтар қойыңыз. Әрине, оның 
әңгімесінде сіздің шекараңызды аттайтын әрекеттер 
болмаса ғана бұл қадамды жасай аласыз. Яғни, ер адам өз 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
140 
әңгімесінде тек жеке бас мәселесін айтса, мысалы, темекі 
шеккені үшін бастығы штраф жазып, ұрысып берді делік.
Бұны күйеуіңіз ашуланып, бастығын жекіп тұрып сізге 
айтып жатыр. Егер сіз «енді бастығың дұрыс айтты ғой, 
оған ашуланба, келесі жолы шекпейтін бол» десеңіз, еркек 
сізге ештеңе демесе де, оның сенімі тоқтап қалады. 
Дұрысы- ер адамның жағында болу. Ақыл айтпау, баға 
бермеу. Қаласаңыз тек қана сұрақтар қойыңыз. «қашан 
болып еді, сен не дедің, қатты ашуландың ба, енді не 
істейтін боласың» дегендей сұрақтар қоя аласыз. 
Қызығушылық білдіру- жақсы, ал баға беру -жаман. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет