Некеден кейін әйел бақыты


Қарапайым осы 4 қадамнан тұратын «сенімге кіру»



Pdf көрінісі
бет70/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135
Некеден кейін

Қарапайым осы 4 қадамнан тұратын «сенімге кіру» 
техникасын ұстансаңыз болды. Араңызда сенім мен 
достық пайда болады. Бұл қадамдарды техника емес, 
ереже деп қабылдасаңыз да болады. 
 
 
 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
141 
2-ші бөлім. 
Самооценка және
тәуелділік 
ё


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
 Некеден кейін әйел бақыты 
142 
Неге әйел адамның самооценкасы 
төмен болады? 
 
Көп әйелдер еркекке тек фигура мен денесі, 
түрі ғана керек деп есептейді. Төсек үшін ғана 
көзге шөп салады деп ойлайды. Ал еркекке 
төсектен де маңызды дүние бар, ол әйелдің жан 
дүниесі, әйелдің өз өзін қабылдауы, әйелдің 
толыққандығы. Әрине, еркек сұлулыққа да 
қарайды. Тек қана жан дүниесі маңызды деген 
өтірік әңгіме. Бірақ сұлулықтың артынан даналық пен бай 
жан дүниесін көрмесе, еркек тез жалығады. Ондай әйел 
еркек үшін тек бір күндік болып қалады. Байқасаңыз, 
кейбір әйелдер «неге менімен сөйлескен ер адамдар 1-2 
айдан кейін қатынасты үзіп жібереді» деп таң қалады. 
Мәселе осыда, сырты әдемі тәтті кәмпитті жеп көргісі 
келеді, сыртына қарап қызығады, бірақ дәмін көрген соң 
тым тәтті немесе тым ащы екенін байқап, жүрегі айнып, 
екінші рет оған жақындамайды. Әйелдің еркекке қызықты 
болуы оның фигурасына емес, оның әйелдік қылығына 
байланысты. Сыртыңызбен қаратып алып, баурап алып, 
бірақ ер адаммен сөйлескенде өзіңізді қалай ұстау керегін
қандай ережені ұстану керегін білмесеңіз, ертелі кеш өз 
энергияңызды жоғалтып, кез-келген еркекті алшақтатып 
аласыз. 
Еркек өзінің әйелі туралы былай ойлайды: «Мен 
әйелімді өте жақсы білемін. Оның хоббиі қандай, қолынан 
не келеді, не келмейді, әбден жаттап алғам». Ал дана әйел 
ең алғаш үйленген сәтінде өзін қалай танытқан күйінде 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
143 
қалып қоймайды. Уақыт өте өзін жан-жақты дамытып, 
жаңа хоббилары пайда болып, күйеуін үнемі таңқалдырып 
отырады. Күйеуінің көзінде ол өмірінің соңына дейін 
оқылмаған кітап сияқты болып қалады. Бұл сөздерді 
жүздеген тренингтерден естіп, кітаптардан оқып алған 
шығарсыз, мен жаттанды сөздерді айтқым келмейді, маған 
керегі сіздің нақты психологияны түсініп, және менің 
берген инструкциям арқылы еріңізбен қатынасты 
жақсартуыңыз. Сондықтан бұл кітапты оқып біткенше сіз 
көп жерде айтылмайтын іліммен шығасыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет