Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
149
көрейік. Еркек күні-түні жұмыс істеп жүр. Ал әйелі одан
жұмыстан келген соң картоп ашуға көмектес деп талап
етеді. Не үшін? Себебі еркекті аямау керек деген түсінікті
ұстанады. Бұл нормадан тым жоғары кетіп қалған. Еркек
өз парызын орындауы үшін, әйел өзіндік парызынан артық
басқа дүниені жасап қоймауы керек.
Әйелдің парызына
отбасыны ақшамен қамтамасыз ету кірмейді, үйдің
шегесін қағу кірмейді, және басқа де еркектің парыздарын
орындау әйелдің парызына кірмейді, егер әйел еркекті аяп,
соны
өз мойнына алса, бұл бірінішіден оның
самооценкасын түсіреді, екіншіден әйелдік энергетикасын
жоқ қылады, үшіншіден еркектің босансып кетуіне алып
келеді. Әйел еріне қатысты талапшыл болуы керек. Бірақ
талап ету тек даналықпен, қулықпен, әйелдік рөлмен ғана
жүзеге асады. Соны ұмытпаңыз.
Мысалы сіз күйеуіңізді немесе жүріп жүрген
жігітіңізді: «Мен қазір саңырауқұлақпен пицца жегім келіп
тұр»,- деп жібересіз. Сосын күйеуіңіз
немесе жігітіңіз
барады да, саңырауқұлақпен пицца емес, басқа түрін
алады, мүмкін сіз қалаған пицца қымбаттау болған шығар
немесе мүлдем болмаған шығар. Ол: «Маргарита бар екен,
жаным, маргарита да дәмді ғой»,- дейді.
Өзін
жоғары бағалайтын, өзіне нық сенімді,
самооценкасы жоғары қыз бала не деп айтады? «Жаным,
мен
маргаританы
онша
ұнатпаймын.
Мен
саңырауқұлақпен жегім келеді.
Маған ренжіме, өзің
маргарита жей бер»,- деп жемей қояды. Бұдан кейін еркек
не ойлайды? Келесі жолы сіз саңырауқұлақпен сұрасаңыз,
ол соны әкеліп береді. Себебі жігіт сіздің келісе
салмайтыныңызды біледі.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
150
Ал өзін төмен бағалайтын қыздар: «Ештеңе етпейді, бола
береді, тіпті алмай-ақ қойсаң да болады, магазиннен
бургер ала саламыз»,-
деген сияқты сөздер айтып, өзінің
бағасын төмендетіп тастайды. Бұны естіген ер адам немесе
жігітіңіз не деп ойлайды? Сіз кез-келгеніне көнесіз, сіздің
ойыңызды сұрамай-ақ қойса да болады деп ойлайтын
болады.
Достарыңызбен бөлісу: