Некеден кейін әйел бақыты


Тәуелді қарым-қатынастағы әйелдің



Pdf көрінісі
бет89/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   135
Некеден кейін

Тәуелді қарым-қатынастағы әйелдің 
 5 элементі: 
1. Төмен самооценка, нақтырақ айтқанда өзіңіздің 
бағаңызды төмен деп ойлайсыз. Өзіңізді бағалы 
дүниеге, махаббатқа лайық көрмейсіз. 
2. Қажеттіліктер, яғни өзіңізде қандай қажеттіліктер 
барын, өз қажеттіліктеріңізді қалай қанағаттандыруды 
және қажеттіліктеріңізді кім өтеу керектігін білмейсіз. 
3. Құтқару, көмектесу. Жақсылық жасағыңыз келіп, 
әрдайым біреуді құтқарып, мәселесін шешіп бергіңіз 
келеді. Өзіңіздің уақытыңыз, мүмкіндігіңіз болмаса да 
өзіңізді ұмытып, басқа адамға көмекке ұмтыласыз.
4. Бақылау. Партнерыңызды әрдайым қадағалап, әр 
қадамын біліп отырғыңыз келеді.
5. Негативті эмоциялардың өміріңізде көп болуы. 
Жалғыз қалудан, көмексіз қалудан қорқыныштар
күйеуім алдап кете ме, жақсы көрмей қала ма деген 
уайымдар, реніштер, өзіңізге деген ашу-ыза т.с.с. 
Енді әр пунктке қысқаша тоқталып өтейін. 
Төмен самооценка. Бұндай әйелдердің миында 
бейсаналы түрде жай өзіммен-өзім болсам, күйеуім мені 
жақсы көрмей кетеді деген қорқыныш бар. «Тамақ 
жасамасам, күйеуім маған ренжиді, төсек жинамасам 
күйеуім ренжиді. Үйде әдемі болып жүрмесем, сезімі суып 
кетеді» деген ойлармен өзіңізге бір сәт тынығуға, жай ғана 
босаңсуға мүмкіндік бермейсіз. Күйеуіңіз ең жақын 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
185 
адамыңыз болса да, жанында жайбарақат бола алмайсыз. 
Жаныңызда болса тыпыршып тағы қалай жақсы жағынан 
көріне аламын деп еркін бола алмайсыз. Өзіңізді жай ғана 
бар болғаныңыз үшін жақсы көреді ау деп ойламайсыз. 
Сіздің басты қателігіңіз- ер адамның махаббатына 
лайықты болу керек деген ой. 
Бұндай ойдың барлығы қайдан келді? 
Әрине, балалық шақтан бастау алды. Сіздің сөзіңізді 
маңызды деп көрмегеннен болуы мүмкін. Бағаламаған 
шығар, 
сөзіңізді 
елемеген 
шығар, 
балалығыңыз 
қорқынышпен өткен шығар немесе үйдің үлкені болып 
бүкіл ауыртпашылықты, міндетті өз иығыңызға алып алған 
шығарсыз. Балалық шағыңыздан бастап кішкентай 
бауырларыңызды бағып, соларды асырап немесе ауырып 
қалған әжеңізді кішкентай бола тұра бағып қаққан 
шығарсыз. Осының барлығы әсер етіп үшінші пункттегі 
«кұтқару, көмектесу» элементі пайда болады. Тәуелді 
адамдар әрдайым өзін кемсітіп, төмендетеді де, бірақ 
сырттағы адамдар дұрыс сын айтса бірден ренжіп, көтере 
алмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет