Некеден кейін әйел бақыты


 Тәуелділіктен арылудың үшінші қадамы



Pdf көрінісі
бет93/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   135
Некеден кейін

3. Тәуелділіктен арылудың үшінші қадамы. Бақылау.
Бақылау деген не? Сұралмаған кеңес пен сұралмаған 
ақыл айту, қорқыту, аңду, тексеру, күштеу, кінәлау, 
манипуляция жасау. 
Өз бағасын білетін тәуелсіз әйел күйеуін бір жаққа 
еркін жібереді, басқа біреуді ұнатып қалады-ау, сөйлесіп 
кетеді-ау деп толассыз ойлай бермейді. Тәуелсіз әйел 
табыс таба алады. Тіпті үйде отырса да табыс табудың 
жолдарын біледі. Себебі ол күйеуінің табысына тәуелді 
емес. 
Күйеуінің 
«әдемі 
болып 
кетіпсің» деген 
комплиментіне де тәуелді емес, себебі ол онсыз да өзінің 
сұлу екенін біледі. Тәуелсіз әйел күйеуін бір жаққа жіберіп, 
өзі жалғыз қалғысы келіп тұрады, себебі өзінің бітіретін 
істері бар. Күйеуін сағынып көріскісі келеді. Ал тәуелді 
әйел күйеуін 24 сағат қасында ұстағысы келеді. Оның 
сыртта шаруасы болса, қабағы түйіліп «туу кетесің ба не, 
мен не істеймін сен кететін болсаң, үйде отырмайсың» деп 
түнеріп шығарып салып, кеткеннен кейін тоқтаусыз 
хабарласып, мазалайды, келгеннен кейін де «тез келем деп 
едің ғой, тағы кеш келдің» деп түнеріп қарсы алады. 
Мұндай әйелден, әрине, еркек қашады, сағынып та 
үлгермейді.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
192 
Мұндай бақылау сезімінен қалай арылуға болады? 
 
Тапсырма: 
 
Еріңізбен 
ашық сөйлесіңіз. Тәуелді екеніңізді 
айтыңыз. Оны қалай түсінгеніңізді айтыңыз. Осы 
тәуелділіктен арылғыңыз келетінін айтып, одан көмек 
сұраңыз. Күйеуіңізге сіздің бойыңыздағы өзін еркін 
сезінуге кедергісін келтіретін қасиеттеріңізді тізіп жазып 
беруін сұраңыз. Мысалы, күйеуіңіздің айтуы бойынша, ол 
досына кеткенде сіздің бірнеше рет қоңырау шалғаныңыз 
ұнамайды дейік. Сізге «бір рет қоңырау шал, егер 
көтермесем, қайта хабарласпай күте тұр» деп айтты. Енді 
сіз осыны есте сақтайсыз да, өзіңізде дәл сол жағдай 
қайталанған кезде қандай әрекет жасайтыныңызды 
ойлайсыз. Мысалы, «күйеуіме хабарласқан кезде ол 
тұтқаны көтермесе, мен қайта хабарласпаймын, оның 
орнына құрбыммен сөйлесемін» деп әр әркетіңіздің 
орнына басқа әдет қалыптастырасыз. Осылай 21 күн 
қатарынан қайталап, ер адамды бақылаудан құтыласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет