Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет94/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135
Некеден кейін

 
Тапсырма
• Ер адамнан сіздің бақылауды көрсететін
тәуелділікті 
көрсететін 
қандай 
әрекетіңіз 
ұнамайтынын сұрайсыз. (Қаламасаңыз, өзіңіз 
ойдан жаза аласыз) 
• Әр тізімнің жанына келесі жолы істейтін 
әрекетіңізді жазасыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
193 
3-ші бөлім.
Жеке шекара


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
 Некеден кейін әйел бақыты 
194 
Неге ер адам әйелді артық басқаруға 
тырысады? Неге көп нәрсеге шектеу қояды? 
 
Барлық ер адамдар өзінің сүйіктілеріне 
шектеулер 
қойып, 
олардың 
өмірін 
басқарғысы келеді деп ойлап қалмаңыз. 
Саналы, ересек адам ешқашан біреудің 
өмірін өз қажеттіліктеріне қарай өзгертуге 
тырыспайды, және оны ешкімнен талап 
етпейді. Сіз еріңіздің әр сағатын, әр қадамын білуге 
міндетті емессіз, ал еріңіз сіздің әр қадамыңызды 
басқармауы тиіс. Бірақ бұлай істеуге болмайтынын 
білмейтін ер адамдар неге осындай әрекетке барады? Неге 
ол сізді барығынан шектеп, сіздің өміріңізді басқаруға 
тырысады? 
Біреудің өмірін басқаруға тырысу- адамның өзінің 
сенімсіздігін көрсетеді. Телефонды ақтару, жұмыс істеуге 
рұқсат бермеу, достарын саралау, киген киімін қадағалау, 
уақытын басқару-бұның бәрі өзінің сенімсіздігін 
көрсететін амалдар.
Еркек бұл әрекеттерді істегенде «саған сенбеймін» 
немесе «сені уайымдаймын, сені жақсы көремін» деп 
ақталу мүмкін, бірақ басты себеп бұда жатқан жоқ. Егер сіз 
еріңізге тәуелді болмасаңыз, онда еріңіз сізге әсер ете 
алмай қаламын деп қорқатын болады. Сенімсіз адамдар 
өздерінің сенімділігін осындай әрекеттермен көтеруге 
тырысады. Біреу оған отчет берсе, біреу оның сөзін, пікірін 
сұраса, рұқсатын алса, онда сенімсіз адам сәл уақытқа 
болса да өзінің біреудің алдында жоғары екенін сезінеді.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
195 
Қазір сіздің өміріңіз еркектің басқаруымен өтіп жатса, 
біліңіз, еріңіз сізді жоғарылап кетеді, маған тәуелді болмай 
қалады, мені керек етпей қалады деп қорқады. Бірақ сіз бұл 
басқаруын толықтай қабылдап, өзіңіздің өміріңізді өзіңіз 
басқара алмасаңыз, еркек қуана-қуана сізді бағалайды деп 
ойламаңыз. Адамның бейсанасы өте біртүрлі,ол өзін 
құнды сезіну үшін сізді құнсыздандырады, ал соған сіз 
көнсеңіз, онда ер адам сізді шынайы түрде құнды емес деп 
қабылдайтын болады. Өзі ештеңені шеше алмайтын, 
біреуге жалтақтап жүретін, өзінің нені қалайтынын 
білмейтін әйелге еркек ғашық көздерімен қарамайды.
Әйелінің әр қадамын білетін еркек еш уақытта оған 
қызығушылығын білдірмейді. 
Бізге 
не 
істеу 
керек? 
Біріншіден, 
өзіміздің 
қызығушылықтарымыздан бас тартпауымыз керек. Егер 
сізге ер адам "мына кітапты оқыма, мына құрбыңмен 
араласпа" десе, оған дұрыстап түсіндіру керекпіз. "Жаным, 
әр адамның өзінің қызығушылығы болады. Егер сен маған 
сондай шектеу қоятын болсаң, ол өзіңе зиян болады. 
Себебі, маған көңіл жетіспегендіктен, мен сенің миыңды 
жейтін боламын, бос уақытымды сені аңдумен, басқарумен 
өткіземін. Саған менің тәуелділігім ұнамайды ғой. Маған 
шектеу 
қоймағаныңды 
сұраймын." 
Дәл 
осылай 
түсіндіріңіз. Енді ғана қарым-қатынас құрып немесе енді 
ғана тұрмысқа шықсаңыздар немесе 10 жыл өтіп кетсе де 
ештеңе кеш емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет