Некеден кейін әйел бақыты


Ер адам боқтаса, артық сөздер айтса



Pdf көрінісі
бет96/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135
Некеден кейін

Ер адам боқтаса, артық сөздер айтса
не істеу керек? 
Универде қосымша жұмысқа тұрғым келген, 2 курс. 
19дамын. Жұмыс бергісі келген ер адам, ноутбукпен ғана 
жұмыс жасау қажет деді, енді анау ер кісі (менен 11 жас 
үлкен) сөйлегенде дөрекі, қатты сөйлейді екен, бірақ мен 
үшін норма және не норма деген шекара бар. Сол үшін 
үнсіз күле салатын жерім болды, бірақ бір кезде ол менің 
көзімше боқтау сөздерді қосып сөйлеп бастады. Мен не 
істедім? 
1) ол маған бастық 
2) маған қосымша жұмыс керек. 
Егер жұмыс өзімнің құндылығымнан жоғары болса
бәріне үнсіз қарап отыра берер едім. Бірақ мен үшін әйел 
баласына боқтап сөйлеу- әйелді сыйламаумен тең! 
Жаңағы кісіге боқтама десем, жұмыссыз қалам деген ой 
болды. Бірақ әлемде жұмыс бітіп қалып па? Сол жұмыс 
болмаса мен өмір сүре алмай қалам ба? Боқтауын қоймаса 
көреміз деп ойладым. 
“Боқтамай сөйле! Мен саған көшедегі біреу емеспін 
ғой” деп айтуыма болар еді. Бірақ мен не дедім? 
“Сізге бірнәрсе айтайыншы” дедім. “Сондай жағымды ер 
азаматсыз, киіміңізге, жұмысыңызға қарап сізді өте 
сыпайы, әйелді өте сыйлайтын ер адам екен” деп 
ойлайсың. Аузыңыздан шығып кеткен шығар боқтық 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
200 
сөздер, әйтпесе әйел адамның көзінше боқтау оны 
сыйламаумен тең ғой” дедім. Бастық күлді, ұялып 
қалғандай болды, сосын мені түсінген болар деп ойласам, 
мені қолымен бір итерді де “ахаха ну ты и курица, қуа 
бермешейші, бізде Ақтобеде бұлай сөйлеу нормально” 
демей ма
. Бұл шын әңгіме, техника өтпеді оған, себебі 
оның миында “әйелге боқтау-оны сыйламаумен тең” деген 
ереже жоқ! Атымен! Оның тәрбиесінде әйелге боқтау 
қалыпты жағдай! 
Сонымен, мен не істедім? Жәй ғана сол кісімен жұмыс 
қатынасымды үздім. Ноутбукты тапсырдым, ақшасын ала 
алмадым. Бірақ мен өзімді төмендететін жұмыста тіпті 1 
кун де артық болмадым! Менің самооценкам, менің миым 
бұндай қатынасты күнде-күнде көрсе, басында қалыпты 
емес болған нәрсе, кейін қалыпты болып қабылданып 
кетер еді. Бұл мысалмен нені жеткізгім келді? Әйел адам 
қанша жерден өзін сыйласа да, өзінің бағасын жоғары 
қойса да, еркек өз тәрбиесіне, өзінің қалыпты өміріне қарай 
қатынас көрсетеді. Мәселе еркекте емес, сол ер адаммен 
бірге болуды таңдаған әйел адамда. Некеге дейін еркектің 
қалай сөйлейтінін, қалай өзін ұстайтынын бәрін бақылап, 
баға беругет болады. Аристократ, иманды ер адамды 
көшеде түкіріп, шемішке ғана шағатын ер адамнан 
ажыратуға болады, сол кезде әйелде таңдау болады. Мен 
үшін бұл норма ма? Маған осылай сөйлескен ұнай ма? 
Қабылдай аламын ба? деген сияқты. Біраз келіншек осы 
пікірімді естіп, кері ойларын айтқан. Еркек тойға дейін 
боқтамайтын, кейін ғана осы қылығы шықты дейді, бұл 
сөздерге де түсініктеме бере аламын. Әйел адам да, ер адам 
да тек жағымды жағын көрсетіп, өзінің кемшіліктерін 
байқатпауға тырысады. Кейбір жігіттер бірден маскасын 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
201 
шешіп, қалыпты тәрбиесін көрсетсе, кейбір жігіттер аздап 
уақыт күтеді, әйелдің толық ашылғанын, берілгенін күтеді, 
сосын барып әйелдің шекарасын тексере бастайды. 
Кездейсоқ аузынан шығып кету, әңгімеге қыстыру, 
ұрысып жатқанда қатты эмоцияға беріліп, аузына келген 
боқтықты айтып тоқтай алмай қалады. 
Сүйтіп қатты боқтаған кезде не маңызды? Еркек дәл 
қазір бірінші рет өмірінде сізге аузына келгенін айтып, 
боқтап тұр. Не маңызды бұл жерде? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет