Некеден кейін әйел бақыты


  Әйелдің дәл сол сәтте қалай өзін ұстайтыны



Pdf көрінісі
бет97/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135
Некеден кейін

1. 
Әйелдің дәл сол сәтте қалай өзін ұстайтыны
2. 
Сол ситуациядан кейін әйелдің еркекке қатынасы. 
Біріншісінен бастаймыз: өзіңді қалай ұстау 
керек? 
Еркек сіздің шекараңызды осылай тексеріп 
жатыр, егер сіз сол боқтық сөздерге жауапқа 
ДӘЛ СОНДАЙ манерада қайтарсаңыз, еркек 
сізді соған лайықты деп ойлап, өзінен жауапкершілікті 
түсіре салады. Өзің жеткіздің дейді. Негізі өзін іштей 
сондай сөздерге лайықты емес деп есептейтін әйел ондай 
боқтық сөздерге В ШОКЕ болады. Түсінбей, сөз айта 
алмай, қатып қалады. Көзі бақырайып, “мынау еркектің 
аузынан шықты ма? Маған айтып жатыр ма?” деп шошып 
кетеді. Ал егер ешқандай шок болмаса, онда әйел үшін бұл 
боқтық сөздер жаңалық емес, әйел өзін осы сөздерге 
лайықты етіп ойлап тастаған. Қанша жерден мен лайықты 
емеспін деп айқайласа да шындық осы, миыңыз сол 
қатынасқа үйренген, сол үшін шок болудың орнына сіз сол 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
202 
манерада еркекке жауап қайтарасыз. Дәл солай көшеде 
біреумен ұрысып қалсаңыз да, сізге боқтаса сіз де дәл 
солай боқтай аласыз, ал егер сіздің миыңызда ондай сөздер 
мүлдем жат, бөтен, алыс болса сізге жүз адам келіп боқтаса 
да сіздің жауабыңыз «Алла сақтасын, қандай тәрбиесіз» 
деген болар еді. Әйелдің еті тез үйренеді, қазақта «үшінші 
күні тозаққа да үйренеді екенсің» деген сөздер бар ғой, дәл 
осы ер адамның әйелге деген жағымсыз қатынасына 
айтылғандай екен. Әйел адамның тілін еркек шығарады 
дегенді көп естимін. Әрине, күнде жаман сөздер естіген 
әйелдің құлағына бұл сөздер соншалықты қалыпты болып 
кетеді, кейін уақыты келді деп еркекке дәл солай жауап 
қатып бастайтын да болады.
Бір нәрсені ұмытпаңызшы, әйел адам еркектің 
қатынасын өзі таңдайды. Әйелде о баста таңдау болды, 
күнде осы сөздерді есту немесе естігісі келмеу.
Ал естігісі келмейтін әйел не істейді? Ол жайлы екінші 
пунктта айтамын. 
Бұл әйелдің боқтағанға, жаман қатынасқа реакциясы 
туралы болды. Еркек сіздің шекараңызды бірінші 
танысқан күні де 10 жыл өткеннен кейін де тексереді. 
Күнделікті сізбен сөйлескенде де еркек сіздің шекараңыз 
қаншалықты оған төмендеуге рұқсат беретінін тексереді. 
Егер еркекпен оның сөзімен жауап қайтарсаңыз, онда 
еркек “ееее, мынау өзіміз екен ғой, өзімше сыпайы боп 
жүрсем” деп ойлайды да, сіздің шекараңыз ол ойлағандай 
мықты емес екенғой деп түсініп, дәл қазір бірінші рет 
көрсеткен жаман қатынасын келемі жолы да көрсететін 
болады.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
203 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет