Нәресте реанимациясы Асфиксия кезіндегі көмек Мақсаты


Бронх демікпе ұстамасы кезіндегі көмек



бет4/6
Дата13.03.2024
өлшемі319.25 Kb.
#495430
1   2   3   4   5   6
Шұғыл көмек

Бронх демікпе ұстамасы кезіндегі көмек


Мақсаты: Бронхоспазмды жою
Керекті құралдар: спейсер (көлемі 750 мл болатын кеңейтілген ыдыс) немесе небулайзер, щприцтер 1 мл., 2 мл., 5 мл., стерильді мақта шариктері, 70% спирт, резин жгут, оттегі, назальды вилка немесе катетер, сағат секудомермен.
Дәрілік заттар: қалта ингаляторы (сальбутамол ингаляторы), адреналин 0,1%-1,0, преднизолон 30мг-1.0 мл., аминофиллин 2,4%-10 мл. ертінділері.

.
Іс-әрекет алгоритмі:


1. науқасты тынышталдырып және анасының қасында болуын қамтамасыз ету (бала мазасызданбау үшін), қысып тұрған киімдерін босатыңыз, таза ауамен қамтамасыз етіңіз.


2. науқасты ыңғайлы қалыпқа келтіруге көмектесіңіз. Егер кішкентай бала болса анасының (немесе көмекшінің) алдына, процедура кезінде бала кедергі жасамайтындай етіп отырғызыңыз.
3. қалта ингаляторын немесе небулайзер арқылы тез әсер ететін бронхолитикті қолданыңыз.
Қалта ингаляторын спейсер арқылы қолдансаңыз
4. спейсердің кең жағын баланың ауызы мен мұрынына бағыттап, сол қолыңызбен балаға бағытталған шетінен ұстаңыз. Ол 3-5 қалыпты дем алғанша күтіңіз.
5. Сальбутамол аэрозолының бүріккіш басын спейсерге бағыттап, 2 рет басыңыз (200 мкл). Сонан соң спейсердің келесі шетіндегі тесігін оң қолыңыздың алақанымен басып, 30 секуд күтіңіз.
6. баланың жағдайын 20 мин. соң қайта бағалаңыз (тыныс алу жиелігін, астмойдты тыныстың болуын). Егер астмойдты тыныс болатын болса, сальбутамалды қайталап беріңіз. Осылай 3 рет қайталауға болады.
7. Егер сальбутамол көмектеспесе, 1мл шприцпен өлшеген адреналиннің 0,1% ертіндісін тері астына енгізіңіз -0,01мл/кг (максималды дозасы-0,3мл). Егер 15 минуттан кейін әсер болмаса, тағы 1 рет қайталауға болады.
8. анамнезінде осындай ұстамалар бірнеше рет болған болса, ауыз арқылы 1-3 мг/кг есеппен преднизолон беріңіз. Егер іше алмаса, щприц арқылы б/етке жіберіңіз.
9. Егер баланың тез әсер ететін бронхолитиктен және преднизолоннан кейін жақсармаса, аминофиллин салыңыз. Бастапқы дозасы – 5-6мг/кг (максималды 300мг-ға дейін) к/т.
10. балаға ылғалды оттегін беріңіз.


Ескертпе: Егер зауыттық спейсер болмаса, оны қолдан жасауға да болады. Ол үшін 1 литрлік пластик бөтелкенің түбін, оның көлемі 750мл болатындай етіп кесіп алып тастаңыз. Бұл жағдайда ингалятордың бүріккіш басына 3-4 рет басу қажет. Ішін құрғатып сүртіңіз. Баланың бетін жарақаттамау үшін, кесілген жерін лейкопластырмен жабыстырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет