Гормондардың әсер ету механизмдері
Барлық гормондар жасуша ішілік ферменттердің белсенділігін өзгерту арқылы метаболизмді реттейді. Ферменттердің белсенділігін өзгерту тәсілдеріне қарай 3 топқа бөлінеді:
1-механизм: Жасуша ішілік ферменттердің активтілігін өзгерту жолымен әсер етуші гормондар. 1ші механизм бойынша нәруызды-пептидті гормондар және катехоламиндер әсер етеді және суда ериді,сондықтан рецепторларының мембраналардың беткі қабатында орналасады
Өзінің хабарын екіншілік мессенджерлер арқылы жеткізеді.
Екіншілік мессенджерлер:
•цАМФ;
• цГМФ;
• кальций иондары (Са2+);
• инозитолтрифосфат (ИФ3);
• диацилглицерин (ДАГ).
Аденилатциклазды мессенджерлі жүйе
АЦ комплекс 3 БӨЛІМНЕН ТҰРАДЫ:
I—ТАНУ БӨЛІМІ; РЕЦЕПТОР ОРНАЛАСАДЫ.
II— РЕТТЕУШІ: G-ПРОТЕИН АКТИВСІЗ КҮЙІНДЕ 𝛼-суббірлігі ГДФ пен байланысқан, АКТИВТЕНГЕН КЕЗДЕ ГДФ ГТФ-қа ауысады.
III—КАТАЛИЗДІК. АДЕНИЛАТЦИКЛАЗА ФЕРМЕНТІ ОРНАЛАСАДЫ
Гуанилатциклазды мессенджерлі жүйе
цГМФ гуанилатциклазаның әсер етуімен ГТФ-тен түзіледі:
ГТФ —— цГМФ + Н4Р2О7
цГМФ өз әсерін цГМФ тәуелді протеинкиназа (ПК G) арқылы көрсетеді.
Гуанилатциклазаның 2 түрлі формасы белгілі:
•мембранамен байланысқан;
•цитозольді
Кальций-кальмодулинді және фосфатидилинозитолды жүйе
Гормондардың жасушаiшiлiк «делдалдарының» бiрi – Са2+. Ол өзiнiң концентрациясын өзгерте отырып, реттеушi роль атқарады.
Қалыпты жағдайда:
Цитозольде: [Са2+] = 10-7 моль/л
жасуша сыртында: [Са2+] = 10-3 моль/л
Демек, Са2+ мөлшері цитозольде төмен, ал жасуша сыртында жоғары болады.
Са2+ реттейді:
•бұлшық еттердің жиырылуын,
•секреторлық активтілікті,
•жасушадағы метаболиттік үрдістерді,
• адгезияны және жасушаның өсуін.
2-механизм: Нәруыздар мен ферменттердің синтезделу жылдамдығын өзгерту жолымен әсер етуші гормондар және бұл механимде майда ериді, холестериннің туындылары, олардың рецепторлары ядрода, цитоплазмада орналасады, сондықтан оңай еніп, өзінің рецепторлармен байланысып гормон-рецептор комплекс түзеді және белок синтезі қарқынды жүргізе бастайды.
3-механизм: Мембрана өткізгіштігін өзгерту жолымен әсер ететін гормондар,Осы механизм бойынша әсер ететін гормондардың (Инсулин, СТГ, пролактин, АДГ) рецепторы плазма мембранасында орналасады, әрі екіншілік мессенджер тирозинкиназды- фосфатазды жүйемен байланысты. Иондары үшін үлкен каналдар ашылады, глюкозалар ене бастайды, инсулин оны тез пайдаға асуға асырады, бір бөлігі гликоген түрінде жиналады, бір бөлігін майға айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |