Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік
Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік. Күрделі белоктар (-хромо- және гликопротеиндер) құрылысы, өкілдері, маңызы туралы түсінік.Нәруыздардың атқаратын қызметтері.
Нәруыздар – тірі организмде кең таралған альфа-аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулалық полимерлер. Нәруызды басқалай белок, протеин деп атайды. Табиғатта нәруыздардың 1010 -1020 дәрежесінде түрлері кездеседі. Адам ағзасында 1 млн.-нан астам түрі бар екендігі анықталған. Адам нәруыздары 19 аминқышқылдарынан тұрады.
ҚҰНДЫ, ҚҰНСЫЗ НӘРУЫЗДАР Нәруыздар құнды және құнсыз болып бөлінеді. Құнды нәруыздар – құрамында 8 алмастырылмайтын аминқышқылдары болады. Егер де құрамында 1 алмастырылмайтын аминқышқылы жетіспесе құнсыз нәруыз деп аталады. Жалпы алмастырылмайтын аминқышқылдары тірі организмде синтезделмейді, сол себеппен ағзаға тағаммен бірге түсіп отырады, оларға: лизин, триптофан, треонин, метилаланин, валин, лейцин, изолейцин, фенилаланин жатады. Ал алмастырылатын аминқышқылдары организмде синтезделеді, оларға: тирозин, цистейн, аргинин, гистидин жатады.
НӘРУЫЗДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ Жалпы нәруыздар бірнеше қызмет атқарады:
Құрылымдық қызметі – тірі ағзалардың пластикалық, тіректік құрылымын қамтамасыз етеді.
Каталитикалық қызметі – метаболизмге қатысатын ферменттер – нәруыздардан тұрады.
Қоректік қызметі – дамып келе жатқан ұрық үшін негізгі қорек көзі болып табылады.
Тасымалдау қызметі – қан арқылы суда ерімейтін заттарды тасымалдауға қатысады.
Жиырылу қызметі – жүрек жұмысы, тыныс алу, бұлшықет жиырылуы, ішектің жиырылуы нәруыздар арқылы атқарылады.
Реттеуші қызметі – ағзадағы гомеостаздың тұрақтылығын сақтайды.
Қорғаныштық қызметі – ағзаға түскен бөгде заттар мен бактерияларға жауап ретіндее антиденер түзілуіне қатысады.
Электротрансформатикалық қызметі – ағзадағы электрлік, осмостық энергияны АТФ-энергиясына айналдырады.