117
Әрқайсысы ӛзін
таныстырып болған соң, жаттықтырушы барлығына бір
парақ қағаз алып, топ туралы
шағын әңгіме жазуды ұсынады, оның
кейіпкерлері ретінде қатысушылар ӛздері атаған кәсіби рӛлдерінде болады.
Жаттықтырушы әңгіме кез келген жанрда жазылуы мүмкін екендігін
хабарлайды, ең бастысы, мүмкіндігінше
әрекетке топтың барлық
қатысушылары енуі қажет.
Әңгімені жазып болған соң, әрқайсысы ӛз жағанын оқиды.
Әдетте, атқарған жұмысты талқылау барысында, жаңадан бір нәрсе жасау
үшін жеткілікті түрде ақпарат, деректер қажет, оны алу үшін зерек, байқампаз,
қабылдағыш және қызығушылықта болу керек, деген креативтік тренингі үшін
маңызды ой пайда болады.
Эмоционалдық компонент
«Мен қандай тҥстімін» жаттығуы.
Топ қатысушылары шеңбер құрып отырады. «Мен бүгінгі күнді,
әрқайсымыз сәл ойланып, қазір қандай түсті
екендігін айтудан бастауды
ұсынамын. Бұл жерде сӛз сіздің киіміңіздің түсі туралы емес, сіздің кӛңіл
күйңіздің түспен бейнеленуі жӛнінде». (Тапсырмаға ойлануға біраз уақыт
беріледі, содан кейін
әрбір қатысушы барлығына, қазір қандай түсте екендігін
айтады.)
Енді, таңертеңгі уақытта оянған сәттен бастап, осында келгеніңізге дейін,
сіздің кӛңіл күйіңіз, жағдайыңыз қалай ӛзгеріп отырғаны туралы және ол
ӛзгерістер немен байланысты болғаны жайында айтып беріңіз. Ӛз әңгімеңіздің
соңында қазіргі сәттегі кӛңіл күйіңізді сипаттап және оны кӛрсету үшін ӛзіңіз
атаған түспен неліктен белгілегеніңізді түсіндіріңіз».
Бұл жаттығу ӛз кӛңіл күйіңізді сезіну және оны реттеу қабілетін дамытуға,
оны белгілеу үшін сӛздер табуға арналған. Жапондық балалар қара түстің
бірнеше ондығын және қызыл түстің үш жүзге жуық түрін ажыратады екен, деп
айтылады. Сәйкесінше: сезімдерді, кӛңіл күйлерді белгілеу үшін біз
пайдаланатын сӛздік қорды кеңейте отырып, сол күйлерді сәйкестендірудің ӛз
мүмкіндіктерін де кеңейтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: