126
- Ӛмірде қорқыныштан шығудың қандай тәсілдерін қолданасыз?
- Бұл жаттығудан ӛз қорқынышыңызбен жұмыс жасаудың қандай жаңа
тәсілдерін білдіңіз?
6 сабақ
Интегралды – тҧлғалық қасиеттер компонент
Жаттығу «Баяу қозғалыстар»
Орындыққа ынғайланып отырыңыз. Қолыңызды бӛксеңізге алақаныңызды
ӛзіңізге қаратып қойыңыз. Кӛзіңізді жұмыңыз. Ӛз оң алақаныңызға ойыңызды
топтастырыңыз – алақаныңыз босаң. Енді бірте бірте ақырындап оң қол
саусақтарын жұдырыққа бір минут аралығында жұмыңыз.
Біз уақыт есебін әр
10 секунд сайын жүргіземіз. Сонымен сізге оң қолыңызды жұдырыққа түю
үшін 1 минут аралығында уақыт беріледі. Тағы бір минут уақыт алақаныңызды
бастапқы босаң күйге қайтару үшін беріледі. Бұл жаттығуды бояу, ӛте бояу
түрде оң қолыңызға үнемі ойыңызды топтастыру арқылы орындаймыз. Ӛз
сезімдеріңізді есте сақтап уақыт есебін қадағалап отырыңыз. Сонымен,
бастадық. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін). Оң қолыңызды
ашыңыз. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін).
Бұл жаттығуды
сол қолыңызға қайталайсыз. Бір минут аралығында алақаныңызды жұмыңыз.
Оң және сол қолға жасалған жаттығу кезінде туындаған сезімдеріңізді есте
сақтаңыз. Бастайық. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін). Енді
қолымызды босатамыз. (уақыт есебі әр 10 секунд сайын 60 секундқа дейін).
Рахмет. Сонымен, Сіздер оң және сол қолға
жасалған жаттығу кезіндегі
сезіміңізді есіңізде жақсылап сақтап алдыңыз ба. Ал енді кӛзіңізді ашып
қолыңызды созып, босаң ұстаңыз. Жүргізушіге уақыт аралығының қай кезінде
оң және сол алақаныңыз толықтай жұмылып және керісінше толықтай босаң
күйге енгенін хабарлап айтыңыз. Қатысушылардың нәтижелерін жүргізуші
бағалайды. Жаттығу аяқталды.
АТ 1 – Жаттығуы – маңдай тұсында
салқындық сезімін тудырушы
жаттығу. Ең алдымен 1-5 жаттығуларда сипатталған сезімдер шақырылады.
Содан соң ойымызда 5-6 рет «Менің маңдайым салқын» формуласын
қайталаймыз. Ӛз – ӛзін сендіру формуласының
жаттығуын игеру деңгейіне
қарай олар қысқара береді: «Тыныштықтамын...Салмақ бар...Жылу бар...Жүрек
және тыныс алу қалыпты...Күн шуағы жылы...Маңдай салқын...».
Жаттығуды орындап болған соң қатысушыларға 1-2 минут тынығып алуы
керек, содан соң ӛздерін аутогенді күйден шығаруы қажет. Ол үшін ӛз – ӛзіне
ойша бұйрық береді: «Қолды жұмып, терең тыныс алып, кӛзіңді аш».
Достарыңызбен бөлісу: