Нысан Жалпы ережелер



жүктеу 94.16 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі94.16 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 

 
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидалары  (328.00-нысан)



1. Жалпы ережелер

 

1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидалары тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) толтыру және табыс ету тәртібін айқындайды.



2. Өтініш тауарлардың әкелінуі туралы және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған үш бөлімнен және оған қосымшадан тұрады.

Өтініштің бірінші және үшінші бөлімдері мен оған қосымшаны салық төлеуші, екінші бөлімді салық органы толтырады.

3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтер (ақпараттар) болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Өтінішке қосымша онда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

6. Өтінішті жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспахана бас символдармен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды түрде – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабына сәйкес толтырылады.

Өтініштің беттерін салық төлеуші нөмірлеуге тиіс.

7. Қағаз жеткізгіштегі өтінішке Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

Өтініш электронды түрде салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы не болмаса ақпаратты компьютерлік өңдеуге болатын электронды жеткізгіште табыс етіледі.

Бұл ретте, салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етілген электронды түрдегі өтініш Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Электронды түрдегі өтініште көрсетілген мәліметтер қағаз жеткізгіштегі өтініште қамтылған мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.

8. Өтінішті салық төлеуші не оның өкілі орналасқан (тұрғылықты) орны бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электронды түрде төрт данада импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің


276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып табыс етеді.

9. Электронды түрде табыс етілген өтінішке салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабымен тіркеу нөмірі беріледі.

Қағаз жеткізгіште табыс етілген өтінішті салық органы электронды түрде табыс етілген өтінішке салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабымен берілген тіркеу нөмірімен Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналына (бұдан әрі – Журнал) тіркейді.

Бұл тіркеу нөмірін салық органы қағаз жеткізгіште табыс етілген өтініш даналарының екінші бөліміне қояды.

Бұл ретте қағаз жеткізгіштегі өтінішті салық органы қабылдаған күн өтініш табыс етілген күн болып табылады.
2. Өтінішті толтыру

 

10. Өтініштің әрбір бетінің жоғарғы оң жақ бұрышына салық төлеуші өтініштің нөмірін, оның толтырылған күнін, айын және жылын қояды.



11. Өтініштің «Сатушы/Сатып алушы» жолдарында:

Беларусь Республикасының салық төлеушілері үшін – ТЕН (төлеушінің есептік нөмірі), Қазақстан Республикасының салық төлеушілері үшін – СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) не БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) не ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), Ресей Федерациясының салық төлеушілері үшін


– ССН/ЕСК (салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі/есепке қою себебінің коды);

заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

Лизинг шарты жасалған жағдайда тиісті торкөзде «Х» белгісі қойылады.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу шарты жасалған жағдайда тиісті торкөзде «Х» белгісі қойылады.

12. 1-бөлімнің толтырылуы.

01 жолында (Сатушы) 02 жолында көрсетілген Сатып алушымен немесе комиссионермен, сенім білдірілген адаммен шарт (келісімшарт) жасасқан тұлға көрсетіледі.

02 жолында (Сатып алушы) тауарларды импорттаған және орналасқан орны (тұрғылықты жері) бойынша салық органына өтініш табыс ететін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі көрсетіледі.

03 жолында Сатушының елінің коды, орналасқан орнының (тұрғылықты жерінің) мекенжайы көрсетіледі.

04 жолында Сатып алушының елінің коды, орналасқан орнының (тұрғылықты жерінің) мекенжайы көрсетіледі.

1-бөлімді Қазақстан Республикасы тауарларды Сатып алушы, сондай-ақ Салық кодексінің 276-19-бабы нормаларында белгіленген жағдайларда комиссионер, сенім білдірілген адам толтырады.

05 жолында Сатушы мен Сатып алушы (комиссионер, сенім білдірілген адам) арасында жасалған шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні, оның негізінде Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан тауарлар импортталған шартқа (келісімшартқа) ерекшеліктердің нөмірі мен күні көрсетіледі.

Сатушы мен Сатып алушы (комиссионер, сенім білдірілген адам) арасында жасалған шарт (келісімшарт) болмаған кезде бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды алғанын (не сатып алғанын) растайтын құжаттың (оның ішінде бақылау-касса машиналарының чектері, тауарлық чектер, сатып алу актілері) нөмірі мен күні көрсетіледі.

Өтініштің 06 және 07 жолдарын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі толтырмайды. Бұл ретте егер Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасында комиссионердің, сенім білдірілген адамның, агенттің жанама салықтарды төлеуі көзделмеген болса, аталған мемлекеттердің салық төлеушілері (төлеушілері) бұл жолдарды толтыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына басқа кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында сатып алынған және кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағында қайта өңделген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын тауарларды әкелген жағдайда 2 (екі) өтініш толтырылады, бұл ретте:

тауарларды (алыс-беріс шикізатын) Сатып алушыға жіберілетін өтініштің бағандарын толтыру кезінде кестенің 2 және 6-бағандарында тиісінше алыс-беріс шикізатының атауы және құны көрсетіледі;

алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды Сатып алушыға жіберілетін өтініштің бағандарын толтыру кезінде кестенің 2 және


6-бағандарында тиісінше қайта өңдеу өнімі болып табылатын тауардың атауы және алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі.

Тауарлар импорты кезінде жанама салықтар сомаларын айқындау үшін салық төлеуші мыналар көрсетілетін кестені толтырады:

2-бағанда – шот-фактуралар немесе көліктік (тауарға ілеспе) құжаттардың негізінде тауардың атауы;

3-бағанда – СЭҚ ТН Бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша тауар коды (10 белгі);

4-бағанда – шот-фактурада немесе көліктік (тауарға ілеспе) құжатта не импортталған тауардың сатып алынуын растайтын өзге құжатта көрсетілген тауар санының өлшем бірлігі;

5-бағанда – 4-бағанда көрсетілген өлшем бірліктердегі тауар саны;

6-бағанда – шот-фактурадан немесе көліктік (тауарға ілеспе) құжаттардан не импортталған тауардың сатып алынуын растайтын өзге құжаттан мәліметтердің негізінде тауар (жұмыс) құны;

7-бағанда – валюта коды;

8-бағанда – импортталған тауарларды есепке қабылдау күніне
шот-фактурада немесе көліктік (тауарға ілеспе) құжатта көрсетілген валютаға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген теңге бағамы;

9-бағанда – көліктік (тауарға ілеспе) құжаттардың сериясы, нөмірі;

10-бағанда – көліктік (тауарға ілеспе) құжаттардың күні;

11-бағанда – шот-фактура нөмірі;

12-бағанда – шот-фактура күні;

13-бағанда – салық төлеушінің тауарды есепке қабылдаған күні;

14-бағанда - импортталған тауардың заттай мәніндегі көлемінің негізінде акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы.

Акциздерді өзге уәкілетті орган алатын акцизделетін тауарлар бойынша кеден одағына мүше мемлекеттің бюджетіне төленген акциздер сомасы


19-бағанда көрсетіледі. Бұл ретте 14, 16 және 17-бағандарында сызықша көрсетіледі;

15-бағанда – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ҚҚС бойынша салық базасы. Салық базасы Салық кодексінің 276-8-бабының талаптары ескеріле отырып есептеледі. ҚҚС бойынша салық базасының мөлшеріне


19-бағанда көрсетілген акцизделетін тауарлар бойынша акциздер сомасы енгізіледі;

16 және 18-бағандарында – Салық кодексінде белгіленген акциздер мен ҚҚС бойынша салық ставкалары. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша ҚҚС және (немесе) акциздерді төлеуден босату көзделген жағдайда бағандарда «жеңілдік» сөзі қойылады. Акцизделетін тауарлар бойынша


16-бағанда ұлттық валютада акциз ставкасы көрсетіледі;

17-бағанда – сызықша қойылады;

19-бағанда – тауарларды Сатып алушы 16-бағанда көрсетілген қолданылатын салық ставкаларының негізінде есептеген акциз сомасы.

Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша акциздерді төлеуден босату көзделген жағдайда 16-бағанда «жеңілдік» сөзі қойылады, 19-бағанда «0» (нөл) қойылады;

20-бағанда – 15-бағанда көрсетілген, салық базасына 18-бағанда көрсетілген, салық ставкасына негізделе отырып есептелген ҚҚС сомасы.

Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тауарларды ҚҚС төлеуден босату көзделген жағдайда және 18-бағанда «жеңілдік» деген сөз қойылса, 20-бағанда «0» (нөл) қойылды.

Егер кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын көліктік (ілеспе тауарға) құжатта жиынтық жол болатын болса, біріне-бірі тауарларды әкелетін осыған ұқсас ортақ атауын көрсетумен, көліктік (ілеспе тауарға) құжаттың жиынтық жолының мәліметтерін өтініштің бір жолына көшіруге рұқсат етіледі.

Егер көліктік (ілеспе тауарға) құжатта акцизделетін тауарлар көрсетілген немесе түрлі ставкалар бойынша жанама салықтар салынатын немесе әртүрлі өлшеу бірліктері бар тауарларға жататын көрсеткіштер келтірілген болса, онда өтінішке көліктік (ілеспе тауарға) құжаттан тауарлардың барлық атаулары (әрбір позициясы) көшіріледі.

Егер көліктік (ілеспе тауарға) құжатта бір-бірлеріне ұқсас бірнеше тауарлар көрсетілсе, жиынтық жолы болмаса, көліктік (ілеспе тауарға) құжаттың әрбір жолында көрсетілген көрсеткіштер өтінішке көшіріледі. Бұл ретте өтініштің 9 және 10-бағандарда көліктік сол бір көліктік (ілеспе тауарға) құжаттың мәліметтері көрсетіледі.

Егер шот-фактурада бірнеше көліктік (ілеспе тауарға) құжаттарда көрсетілген тауарлар саналған болса, онда өтінішке жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып, әрбір көліктік (ілеспе тауарға) құжаттан позициялар көшіріледі. Бұл ретте өтініштің 11 және 12-бағандарында мұндай шот-фактурада деректері қайталанады.

13. Өтініштің 3-бөлімінде мынадай жағдайларда толтырылады:

1) егер өтініштің 1-бөлімінде көрсетілген Сатушы тауарларды өткізу бойынша айналымдары (операциялары) өтініштің 1-бөлімінде көрсетілген Сатып алушыға, Сатушы - кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жанама салық салу объектісі болып табылмайды, себебі Сатушы - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағы осындай тауарларды өткізу орны деп танылмайды. Бұл ретте «Сатушы (комитент, сенім артушы, принципал)»


08-жолда осындай тауарларды өткізу кезінде 0 процент мөлшерінде ҚҚС ставкасын (акциздер бойынша босату) қолданған, аумағынан тауарлар әкетілген кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі көрсетіледі.
12-жолда шарттың (келісімшарттың) деректемелері (шарттың (келісімшарттың) нөмірі және 08 және 09-жолдарда Сатушының Сатып алушымен жасасқан шарттың (келісімшарттың) күні) көрсетіледі.

2) Сатып алушыға комиссионер, сенім білдірілген адам немесе агент арқылы тауарларды өткізген кезде (02-жол). 12-жолда комиссияның, тапсырыстың немесе агенттік шарттың (келісімшарттың) деректемелері (шарттың (келісімшарттың) нөмірі, ал 08 және 09-жолдарда осы шарттың (келісімшарттың) тараптары көрсетіледі.

14. Тауарларды жеткізуде үш тұлғадан артық адамдар қатысқан жағдайларда, салық төлеуші қосымшада Сатушыдан бастап (0 процент мөлшерінде ҚҚС ставкасын немесе акциздер бойынша босатуды қолдану заңдылығын растайтын құжаттар жиынтығын салық органына табыс ететін, аумағынан тауарлар әкетілген кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі) тауарларды өткізу жөнінде мәмілелер туралы мәліметтерді, Сатып алушыға дейін (өтінішті тапсырушы салық төлеуші) тиісті мәмілелерге қатысушы тұлғаларды көрсетумен, сондай-ақ шарттың (келісімшарттың) мәліметтерін: ТЕН, ССН/ЕСК, СТН не болмаса БСН не ЖСН, ел кодын, оның орналасқан орнын (тұрғылықты орны), шарттың (келісімшарттың) нөмірін, шарттың (келісімшарттың) күнін, ерекшіліктердің нөмірлері мен күнін көрсетеді.

15. Қағаз жеткізгіштегі өтініштің және Салық кодексінің 276-20-бабы


3-тармағында көзделген құжаттардың келіп түсу күнінен он жұмыс күні ішінде, салық органының лауазымды тұлғасы оны қарап және жанама салықтарды төлеу (босату не болмаса төлеудің өзге де жолдары) фактісін растауы, не болмаса тиісті растаудан дәлелді бас тартуы және өтініштің
2-бөлімінде тиісті белгі қоюы тиіс.

_________________________






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет