Нысаны пму ұс н 18. 3/30



бет1/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#135963
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысаны

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Құқықтану кафедрасы

ҚР Әкімшілік құқығы пәнінен

5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар





Мамандықтың элективті пәндер катологы негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/34


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректоры

__________ Н.Э.Пфейфер

200__ ж. «___» «_______»

Құрастырушы: __________________доцент Бегимтаев А.И.

Құқықтану кафедрасы
ҚР Әкімшілік құқығы пәні бойынша
5В030100 «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың жұмыс оқу жоспары негізінде әзірленді және С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Ғылыми кеңесінің отырысында 20__ ж. «___» «__________», №___ Хаттамамен бекітілді.
20__ ж. «___» «__________» кафедра отырысында ұсынылған № ___Хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Г.Б. Ахмеджанова

Тарих және құқық факультетінің оқу әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ ж. «___» «___________»№ ___ хаттама
ОӘК төрағасы _____________ Қ.Қ.Батталов 20__ ж. «___» «__________»
КЕЛІСІЛДІ

Тарих және құқық факультетінің деканы_____________ А.А. Ақышев

20__ ж. «___» «__________»
МАҚҰЛДАНДЫ

ОӘБ бастығы_____________ Варакута А.А 20__ ж. «___» «__________»

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ ж. «___» «__________», №___ Хаттама


Қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы - әкімшілік құқықтың оқытылу мемлекеттік биліктегі атқару органдарының қызметі бойынша түрлі сұрақтарды қажетті көлемде беру, оның ішінде құқық қорғау органдары туралы да, оның әкімшілік құқық қатынасы туындағанда азаматтар мен ұйымдардың, мемлекеттің арақатынасы, қоғамдық арақатынастың қатысушыларына императивті әдістер мен нормалар туралы білімдер жүйесін береді.
1. Пәнді оқытудың мақсаты мен мәні:

1.1 Пәннің мақсаты:

Әкімшілік құқық ғылымының жағдайы мен категориялары, негізгі принциптер туралы, оның дамуының жетілген дәрежесі туралы білімді тереңірек оқыту; қазіргі әкімшілік құқықтың заңнамада дұрыс білу; нақты фактілер бойынша әкімшілік құқық нормаларын қолдануды және дұрыс талқылауды үйрету; тыңдаушыларды мемлекеттік басқару жүйесінің басқару әдісі, нысаны, басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерімен таныстыру; әкімшілік-құқықтық қызметін реттеудегі әкімшілік-құқықпен және ұйымдастырылуымен тыңдаушыларды таныстыру, сонымен қатар құқық қорғау органдарының құзыретіндегі жалпы, арнайы және салалы басқару органдарының ұйымдастырылуымен тыңдаушыларды таныстыру.

Берілген пәнді оқығанда студенттер басты назарды әкімшілік құқықтың динамикалануына аудару керек. Ол үнемі өзгеріп отырады, яғни қазіргі әкімшілік-құқықтық салада мемлекеттік органдарда болсын, нормативті актілер жүйесінде де.Дамыған құқықтық жүйесі бар елдерде бұл бағытты оқыту, студенттерде болашақта қызметіне үлкен көмек көрсететінін анықтайды. Мұнда кодифицировалды нормативті актіге баса назар аударады, олар түрлі салалар мен сфералардағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларынан құрылған.

«ҚР Әкімшілік құқығы» пәнін оқытудың мақсаты мыналар:

- болашақ заңгерлердің тәжірибелік қызметінде жалпы теориялық білімдерді талдау;

- құқықтық салдар тудыратын мәселелі сұрақтар бойынша студенттердің дағдыларын қалыптастыру;

- құқықтық-мемлекеттік құбылыстардың кешенін меңгеру;

- құқықты меңгеруде аса маңызы бар ұғымдарды меңгеру.


1.2 Пәнді оқытудың міндеті:

- нормативті - құқықтық актілердің мазмұнын түсіну және түсіндіру, негізгі және туынды актілерді қажетті әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып талқылау дағдысын қалыптастыру;

- тәлімгерлерде мемлекеттің құқықтық актілеріне құрметпен қарау және оларды бұзуға жол бермеу, азаматтылық қағидалары, қоғамдық парызды сезіну және құқықтық мемлекет қағидалары мен құндылықтарын жүзеге асыруға сенімді тәрбиелеу.

- құқықтық құбылыстарға толықтай түсінік беру

атқару органдары билігінің түрлері және олардың қызметінің ерекшеліктері;

- атқару билігі органдары қызметін регламенттейтін заңнаманың теориялық жағдайы;

- атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі;

- атқарушы билік органдарының әдістері мен нысандары.


1.3 «ҚР Әкімшілік құқығы» пәнін оқыған соң студен нәтижесінде мыналарды меңгеруі керек:

- Дағдыларды қалыптастыру:

- атқарушы билік органдары қызметінің әкімшілік-құқықтық қатынастарды реттейтін заң актілерін пайдалану;

- іс жүргізу құжаттарын толтыру;

- ауызша және жазбаша түрде өз ойын нақты, сауатты және логикалы жеткізуге дағдыларын қалыптастыруға.
1.4 Білуге:

- құқықтық құбылыстардың әлеуметтік және жеке дара мәніне сипаттама беруді;

- барлық туындаған құқықтық құбылыстарға шығармашылық тұрғыда қызмет жасау;

- құқық категориясы мен ол туралы алғашқы көзқарастарды меңгеруге;

- заң ұғымдары мен категорияларын еркін меңгеруге;

- әр түрлі құқық нормаларын талқылауға;

- жаңадан қабылданған заңдарды талқылау;

- кәсіби қызметте құқықтық актілерді кәсіби тұрғыда нақты қолдана білу.

- атқарушы билік органдарының қызметін регламенттейтін заңнаманы жақсы білу;

- атқарушы билік органдарының қызметіне қатысты сұрақтарды шешу.


2 Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін төменгі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

1 Мемлекет және құқық теориясы (құқықтық қатынас, заңды жауапкершілік, құқық нормаларын талқылау, заңды жүзеге асыру, құқықтық реттеудің әдістері, құқық жүйесі, жеке тұлғалардың құқық субъектілігі, құқықтық реттеудің түрлі формаларын және меншік түрлерінің ерекшелігін шектеу дағдысы, заңды тұлғалардың түрлі құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының құқықтық реттеу ерекшеліктерін анықтау, құқық субъектілерінің түрлі құқықтық жағдайларының ерекшелігін анықтауды білу сияқты ұғымдарды білу);

2 Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы (мемлекеттік және жеке меншік, адамның құқықтық мәртебесі, қазіргі ҚР заңнамасы, меншіктің түрлерін және түрлі құқықтық нысандардың реттеу тәсілдерін айыру дағдысы, адам мен азаматтың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау тәсілдерінің құқықтық ерекшеліктерін анықтау; құқық субъектілерінің түрлі құқықтық жағдайларын анықтау ерекшеліктерін білу; жасалған құқықбұзушылыққа байланысты жауапкершілік түрлерін анықтау).
Постреквезиттер:

- Қазақстан Республикасының еңбек құқығы

- Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (ерекше бөлімі)

- Қазақстан Репсубликасының Азаматтық іс жүргізу құқығы

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы

4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырып.тық жоспары

Күндізгі жалпы орта білім беру





р/с

Тақырып.тардың аталуы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Дәр

Практ

Зерт

СӨЖ

1

Басқару, мемлекеттік басқару, атқарушы билік Басқарудың

1

1




3

2

Әкімшілік құқықтың пәні мен әдісі

1







3

3

Әкімшілік құқықты реттеу механизімі

1

1




3

4

Атқарушы билік органдары

1







3

5

Мемлекеттік қызметшілер

1

1




3

6

Заңды және жеке тұлғалар

1







3

7

Әкімшілік-құқықтық нысандар. Әкімшілік – құқықтық әдістер

1

1




3

8

Әкімшілік мәжбүрлеу

1







3

9

Әкімшілік ескерту шаралары

1

1




3

10

Әкімшілік бұлтартпау шаралары

1

1




3

11

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары

1

1




3

12

Әкімшілік құқық бұзушылық. Әкімшілік жауаптылық.

1

1




3

13

Әкімшілік жаза




1




3

14

Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары

1

1




3

15

Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық.

1

1




3

16

Экономика аясын әкімшілік-құқықтық реттеу




1




3

17

Әлеуметтік -мәдени саланы әкімшілік-құқықтық реттеу

1

1




4

18

Әкімшілік-саяси саланы әкімшілік -құқықтық реттеу




1




4

19

Кеден ісін ұйымдастырудың әкімшілік-құқықтық негіздері

1

1




4

20

Азаматтардың әкімшілік-құқықтың мәртебесі




1




4

21

Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі

1

1




4

22

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі




1




4

23

Әкімшілік мәжбүрлеу

1

1




4

24

Әкімшілік алдын ала алу шаралары




1




4

25

Әкімшілік құқықбұзушылықтар. Әкімшілік жауаптылық

1

1




4

26

Әкімшілік тәркілеу

1

1




4

27

Басқару сферасындағы заңдылық. Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету әдістері

1

1




4

28

Әкімшілік іс жүргізу. Әкімшілік өндіріс. Әкімшілік юрисдикция

1

1




4

29

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарастыруға өкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін шектеу және жүйесі

1

1




4

30

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша міндеті, тәртібі, қағидалары және өндіріс субъектілері. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша дәлелдеу мен дәлелдемелер. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қозғау. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау.

1

1




4

31

Ұлттық қауіпсіздікпен басқару

1

1




4

32

Ішкі істер саласындағы және ҚР ІІМ ішкі әскерлерін басқару

1

1




4

33

Әділетті басқару

1

1




4

34

Білім беру мен денсаулық сақтауды басқарудың ұйымдық нысандары

1

1




4




БАРЛЫҒЫ:

30

30




120


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет