Нивелирлердің қысқаша тарихы



Дата24.02.2016
өлшемі117.78 Kb.

    1. Нивелирлердің қысқаша тарихы

Адамзат тарихында ежелден бері қолданып келе жатқан геодезиялық аспаптардың бірі нивелир болып табылады. Ең бірінші қарапайым нивелирдің сипаттамасы б.з.б. II ғ. Герон Александиискидің шығармаларында кездеседі. 1609 жылы Галилео Галилей бірінші көру дүрбісің құрастырды, 1611 жылы Келлер оны жіптер торымен толықтырды. Ал 1674 жылы Монтанари алыстан өлшегіш жіптерің алғаш рет қолданып көрді. Алайда оптикалық Нивелирлер тек XIX ғ. ортасында пайда болды Оған себеп болған мына жағдай : 1857 жылы Амслер-Лаффан шеберханасында ең бірінші деңгей үлбіреуі бар нивелир құрылды. Сол кезден бастап нивелирлерді қолдана бастады. Дүрбісінде деңгейі бар жоғары дәлдікті нивелирді орыс геодезисі Д.Д. Геденов 1890 жылы құрастырды.

Осы құралдар құрылыста, инженерлік ізденістерде және топогро-геодезиялық жұмыстарда кең қолданыс алды. XIX ғ. екінші жартысынан

бастап нивелирлер мамандар мен ғалымдардың арқасында жетілдіріп келеді. Швейцариялық геодезист Г.Вильд ( 1877-1951 ) көру түтiгiндегi iшкi фокусировканы, контактық деңгей, оптикалық микрометр және инварлық рейкаларды қолдануға ұсыныс жасады. Құралдарды құрастыруға коллективтер мен компаниялар кірісті. Өзі орнатылатын

визирлік сызықтары бар нивелирлерді 1950 жылы “ Оптон “ ( Германия ) фирмасы құрастырды. Ал орыс ғалымдарының жетістіктерің атап өтсек ол Г.Ю. Стодоскевич (1946 ж. ) пен Н.А. Гусевтің ( 50-ші жылдар ) автоматтық компенсаторлары.

Нивелирді жетілдіру мен өндіруде Германияда, Швейцарияда, Японияда, АҚШ-та және Қытай елдері алдыда келеді. Ресейде XIX ғ. Пулкова обсерваториясының шеберханасы мен Генералдық штабта оындай жұмыстармен айналысты. Совет үкіметінде нивелирді,Ұлы Отан Соғысының алдында өндіре бастады.

Өткен ғасырдың екінші жартысында лазерлік нивелирлер мен лазерлік қондырмалар пайда болды, олар қазіргі уақытта құрылыста жаппай қолданады.




    1. Қазіргі замаң нивелирлерінің ерекшеліктері

Қазіргі нивилирларда соққыға шыдамды және шан мен судан қорғалған корпуспен жабдықталады. Көру дүрбісі төте суретті береді. Кейбір фирмалар көру дүрбісі инертты газбен толықтырылған нивелирлерді шығарады. Оның жағымды жағы ол суды мүлдем өткізбейді. Дүрбінің жоғарлауы әр модельде 20х-тан 50х-ға дейін болады. Минимальды фокустық ара-қашықтық 0,3 м-дан басталады мысалға Chicago Steel Corp./ Berger фирмасының SAL-24 нивелирі сияқылды.

Қазір шығарылатын дәл және техникалық нивелирлер автоматты компенсатор мен жабдықталған, ол өлшеу процессін тездетеді және өнімділікті көтереді. Жылдам солқылдақты сөңдыру және оны жұмыс бабына келтіру үшін компенсаторға бекітілген ауа, магниттік және суықтық демпфер қолданады. Магниттік демфер қатты желде және тербелісте визирлік өсті горизонталь бағытта ұстауға мүмкіндік береді, ол құрылыс жұмыстарына өте ыңғайлы. Spectra Precision AL120, AL124 және SETL AT-20D нивелирлері магниттік демфермен дабдықталған. Осы нивелилерге пайдалылығы көп болатын жабтықтар : дөігелек деңгейдің шөлмегін дәл бейнелейтің призма, шаңнан қорғалған горизонтальдық лимб және тоқтамай айналатын бағыттау винттері.

Көпшілік үлкен шетел компаниялары дәл және техникалық нивелирлерді Қытайда шығарады. Бұл жоғарғы сапалы құралдарды бүкіл әлем тұтынушыларына тиімді бағамен алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заман оптикалық нивелирлері жақсы жетілдіргеніне қарамастан олардың конструкциясы мен жұмыс істеу принциптері өзгерген жоқ. Қарапайым геодезиялық прибор сияқты оптикалық нивелирде автоматизацияның біреуі ғана бар, оның функциясы горизонттық винтінің өсіне өзі орнатылуы.





1-сурет. Spectra Precision AL124 нивелирі 2-сурет. SAL32ND нивелирі



3-сурет. SETL AT-20D нивелирі 4-сурет. Sokkia B1C-1 ниве



1.3. Кейбір техникалық нивелирлердің техникалық сипаттамасы

Маркасы

3Н5КЛ

3Н3КЛ

С41

С330

AT-22A

AT-24D

AL120

SAL-24

Өңдіруші-Фирма

УОМ3

УОМ3

Sokkia

Sokkia

Topcon

SETL

Spectra Precision (Trimble)

CST/Berger

Көру дүрбісінің өсуі, х

20

22

20

22

22

20

20

24

Көру бұрышы



1º30´

1º30´

1º30´

1º30´

1º20´

1º20´

1º20´

Визирлеудің ең аз ара-қашықтығы, м

1,2

1,2

0,9

0,3

0,5

0,6

0,6

0,3

Массасы, кг

1,4

2,0

1,0

1,8

1,9

1,22

1,22

1,8

Компенсаторы/ демпфердің типі

Жоқ

Бар/Ә*

Бар/М

Бар/М

Бар/Ә

Бар/М

Бар/М

Бар/Ә

Орташа квадраттық ауытқуы 1 км-ге екілік жүрісте, мм

5

3

2,5

2,0

2,5

2,5

2,5

2,0

* Ә- әуелік.

М-магниттік


1-сурет AT-24D Техникалық нивелирі 2-сурет SAL-24 техникалық нивелирі



3-сурет Al-120 техникалық нивелирі 4-сурет С330 техникалық нивелирі


1.4. Сандық нивелирлер

Сандық нивелирлердің басты ерекшелігі ол есептеуді арнаулы шртихталған рейкадан алынуы. Ол үшін рейкаға жарық көзі жақсы түсу керек. Штрихкод оның ұзындығында қайталанбайды. Ол рейканың табанынан өлшенген орынның биіктігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құрал 0,5 м. Дәлдікке дейін өлшей алады. Бұл құрал процессор, сұйықкриссталды дисплей және ішілік жадпен жабдықталған. Процессер есептеулердің артуын есептейді, осы есептеудің нәтижесі сұйықкриссталды дисплейға көрінеді, ал ішілік жад мәліметтерді сандық түрге келтіруге көмектеседі.

Алдынғы қатарлы технологиялар көмегімен сандық нивелирлер далалық жұмыстарды жеңілдетеді және еңбек өнімділігін өсіреді.Олар есептелген мәліметті сандық формада сақтағандықтан, есептеушінің қателіктерің жояды.

Сандық нивелир клавиатурамен жабдықталған, ол құралды басқару және әр түрлі мәліметтерді еңгізу үшін қолданылады ( нивелирлік нүктелердің номерін, нивелирлік репперлардын белгісін және т.б. ).

Өлшенген және есептелген мәліметтер файл түрінде сақталады, оның көмегімен осы есептелген мәліметтерді көруге және оны RS-232C разъемімен немесе арнаулы кабель көмегімен жеке компьютерға көшіруге болады. Кейбір сандық нивелирлерде мәліметтер Flash-картаға ( PCMCIA немесе басқа форматта ) сақталады.

Дәл өлшенген биіктіктердің мәліметтері проектираваниялық немесе геодезия пограммаларына енгізуге болады, бүкіл офистік программаларды қосқанда.

Ең бірінші сандық нивелирлерді шығару және өңдеуді Zeiss ( Германия ) компаниясы бастады, қазір ол атақты Trimble Navigation компаниясына меншігінде. Сандық нивелирлерді басқада шетелдік

компаниялар өңдіреді мысалы Leica Geosystems, Topcon Corp., Sokkia, Nikon.

1.5. Trimble фирмасының Dini сандық нивелирлері

Trimble Navigation компаниясының ТМД елдерінің нарығына DiNi сериялы сандық нивелирлерің ұсынады. Оның ішінде DiNi 12, DiNi 12T және DiNi 22.

DiNi 12 немесе 12T асып түсу мен ара қашықтықты нақты өлшеуге арналған. Оны инвариантты рейктермен пайдаланғанда екі еселі жүргендегі 1км қашықтыққа орташа квадраттық ауытқу тек 0,3мм құрайды. Ал жиналатын инженерлік рейкаларды пайдаланғанда ауытқу 1,00 мм болады. DiNi 12T өзінде нақты нивелир функциясымен қоса пикетты нүктелердің жоспарлы координаталарын анықтауға мүмкіндік береді. Электронды горизантальды шенбердің болуы горизонталды бұрыштарды 6” дәлдігмен анықтайды мүмкүндік береді, ал 50см сегментті рейктерді қолдану жоғары дәлдікті асып түсулерді анықтауға көмектеседі.

Сандық нивелир DiNi 22 жоғарғы дәлдікті қажет етпейтін инженерлі құрлыстағы тапсырмаларды орындалуға арналған. Жиналатын рейкамен екі еселі жүргендегі 1км қашықтыққа орташа квадраттық ауытқу 1,3мм, ал инварды рейкамен 0,7мм болады.



Жергілікті жағдайға немесе басқа да кедергілерге байланысты барлық рейканы бақылау мүмкіндігі болмағанда, асып түсу мен ара қашықтықты өлшеу үшін рейканың 30см «көру» жеткілікті.
Сандық нивелирларды қолдану аясы:

  • профилдердің құру мен олардың бұлтаруын анықтау үшін арналған нивелирлеу;

  • шөгу аймағын түсіру;

  • құрлыстар мен ғимараттардың деформациясын бақылау;

  • нивелир жүрісін темір жолдың бойымен орналастыру;

  • жол жүру бөлімінің нивелирлеуі;

  • арналы түсірулер;

  • алаңды ниверлирлеу.



1.6 DiNi электронды нивелирлерінің техникалық сипаттамасы




DiNi 12

DiNi 12T

DiNi 22

Артудың дәл өлшемділігі (электронды өлшеу)










Кодталған белгіленген инварлық рейка

0,3 мм

0,3 мм

0,7 мм

Кодталған белгіленген жиналмалы инженелік рейка

1,0 мм

1,0 мм

1,3 мм

Арақашықтың дәл өлшемділігі (электронды өлшеу)










Тахеометр режимінде (50 см рейка сегменті, алыстық 20 м)










Кодталған белгіленген инварлық рейка

0,5 D x 0,001 м (D-м арақашықтық)

0,5 D x 0,001 м (D-м арақашықтық)

0,5 D x 0,001 м (D-м арақашықтық)

Кодталған белгіленген жиналмалы инженелік рейка

1,0 D x 0,001 м (D-м арақашықтық)

1,0 D x 0,001 м (D-м арақашықтық)

1,0 D x 0,001 м (D-м арақашықтық)

Нивелир режимінде (30 см рейка сегментті)










Кодталған белгіленген инварлық рейка

20 мм

20 мм

25 мм

Кодталған белгіленген жиналмалы инженелік рейка

25 мм

25 мм

30 мм

Горизонталь бұрышының өлшемі










Сыртқы белгіліенген дөңгелек










Санақ алынудың дәлдігі



0,1°



Электронды дөңгелек (абсолютті кодпен)










Өлшеудің бірлігі



градуспен



Бір бағытты орта квадратты ауытқуы




6"




Рейкаға дейін арақашықтықтың диапазоны










Электронды өлшем

1,5-тен 100 м-ға дейін

1,5-тен 100 м-ға дейін

1,5-тен 100 м-ға дейін

Визуалдық өлшем

1,3 м-ден

1,3 м-ден

1,3 м-ден

Өлшеудің уақыты










Биіктік және Арақашықтық

3 сек

3 сек

3 сек

Бұрыштар



0,3 сек



Көру дүрбісінің артуы

32х

32х

26х

Компенсатор










Жұмыстың диапазоны

15'

15'

15'

Орнатылудың дәлдігі

0,2"

0,2"

0,5"

Мәліметтердің жазылуы










Жад

PCMCIA карта 256 кб-дан 8 мб-ға дейін

PCMCIA карта 256 кб-дан 8 мб-ға дейін

2200 мәлімет жолына орнатылған

On-line

RS-232 C интерфейсі сыртқы байланысқа арналған(Беру және дистанциондық басқаруы)

Қоректену көзі

6В, 1,1А зарядталу уақыты 1 сағ

Батарейдің жұмыс уақыты

3 күн

3 күн

1 жұма

Жұмыстық температура

-20°С-дан +50°С-қа дейін

Массасы(тек құралдың)

3,5 кг

3,7 кг

3,2 кг

1-сурет. DiNI 12 нивелирі 2-сурет. DiNi 22 нивелирі






Каталог: download -> version
version -> Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты
version -> Сабақтың тақырыбы: Етістік
version -> В17. Умение использовать информационно-коммуникационные технологии
version -> Аллен Р. Г. Множественные источники дохода
version -> Арифметические действия в позиционных системах счисления
version -> Геодезия көне заманда жер бетiнiң өлшемі және зерттеуi шаруашылық мақсатта қажеттілігінен пайда болды. Ежелгi Мысырда б з
version -> Бастауыш сыныпқа арналған біркелкі орфографиялық тәртіп Мазмұны
version -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
version -> Казахстан тарихы 6-11 сынып алфавит. 6 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет