Нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 26 ақпан Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №2548 болып енгізілді



Дата25.02.2016
өлшемі27.89 Kb.

2


Нормативтік құқықтық акті

2014 жылғы 26 ақпан

Нормативтік құқықтық

кесімдерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне №2548

болып енгізілді
31.01.2013 ж 12/1

21.02.2014ж 29/1



Ордабасы аудандық мәслихаттың

2013 жылғы 20 желтоқсандағы

26/1 «2014-2016 жылдарға



арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14 ақпандағы 2014 жылғы №24/194-V «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2532 тіркелген шешіміне сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №26/1 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2479 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтардағы «Ордабасы оттары» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Ордабасы ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1 - қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 8 700 717 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 630 417 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 576 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 809 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 058 915 мың теңге;

2) шығындар – 8 728 451 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 82 974 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 97 230 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 256 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 11 311 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 11 311 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -122 019 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 122 019 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 97 230 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 13 973 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 38 762 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1, 2, 5 – қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

8 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2 тармағына сәйкес, 2014 жылға ауылдық жерде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкалар белгіленсін.».

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.



2. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы Т.Жанысбаев

Аудандық мәслихаттың

хатшысы Б.Садвахасов




Каталог: images -> docy-kaz
images -> Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
images -> Степанченко В. И. «Говорим. Гутарим, балакаем и применяем!» Часть I. Словник. Спб.: «Медиа групп», ООО «коста», 2009. – 176с
docy-kaz -> Ордабасы ауданының 2012-2014 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
docy-kaz -> Ордабасы ауданы бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы 01. 01. 2012 жылға
docy-kaz -> Әділет басқармасында 14. 07. 2008 жылы №14-8-55 тіркелген


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет