Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Тірі организмдердің туып-өсуімен байланысты етістіктер



бет37/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
алпысбаева акмарал

1.Тірі организмдердің туып-өсуімен байланысты етістіктер: балалау, боталау, қоздау, күшіктеу, туу, құлындау, жұмыртқалау, бұзаулау, төлдеу, босану, бала көру, немере көру, балапан ашу.
Жазушы Ә.Таразидің тілінен «туу» етістігіне байланысты мынадай мысал келтірейік: Лима кейін білер, Түнғатар Лимаға анасының жайын кейін түсіндірер: мен мың тоғыз жүз үшінші жылы наурыз айында, тура Сталин өлген күні туыппын, - деп күлер Түнғатар, өзін-өзі кекете, мысқылдай күлер Түнғатар.
2.Табиғаттың өсуімен, көркеюімен байланысты қолданылатын етістіктер: өсу, жапырақ шығару, жапырақтау, бүртік жару, гүлдеу, сабақтау, түйіндеу, гүл жару. Мысалы: Күндердің күнінде жер көгеріп, ауыл көшелерін бойлай тігілген жас шыбықтар жапырақ жайған кезде, көкек айының орта тұсы болар,... Ташкент жақта әлдеқашан өрік гүлдеген болар деп ойлады ол. Анам да менің белсенді болған, ауыл советтен облыстық мәдениет бөлімінің меңгерушісіне дейін өскен. Алғашқы екі сөйлемдегі табиғаттың өсуімен, көркеюімен байланысты қолданылған етістіктерге жер көгеру, жапырақ жаю, гүлдеу етістіктері жатады. Ал, соңғы сөйлемдегі «өс» етістігі табиғаттың өсуімен, көркеюімен байланысты қолданылмай, яғни өзінің тура мағынасында емес, ауыспалы мағында тұр.
3. Пісіп жетілуге баланысты етістіктер: пісу, ер жету, жетілу, бой жету, балиғатқа жету, қартаю, дүмбіл болу. Мысалы: Түн ортасы ауа ет піскен, сорпа ішілген. Анасы жасарып кетіпті. Сонымен, жазушы шығармасында етістіктің басқа лексика-семантикалық топтарына қарағанда, өсіп-өну етістіктері, оның кіші семантикалық топтарындағы етістіктер өте сирек кездесіп, пассив қолданылғандығы байқалады. Ғалым М.Оразов табиғаттың түрлі құбылыстарына байланысты қолданылатын етістіктің бұл тобына: түнеру, бұлттану, күн шығу,икүн бату, ай туу, борандату, нөсерлету, желдету, қас қараю етістіктерін жатқызған [54,85]. Бұл топтағы етістіктер барлық жазушылардың тілінде бірлі-жарым жағдайда кездеседі. Мәселен, жазушы шығармасынан табиғаттың түрлі құбылыстарына байланысты қолданылатын мынадай етістіктерді кездестіруге болады: қас қараю, күн бату, таң ату, күн шығу, дауылдату, нөсерлету, қараңғы сейілу, жел ұру. Мысалы: Таң әбден атты. Таң атса екен, күн шықса екен деп тілеген. Бұлар оянғанда күн батқан шақ екен. Таң атып, қараңғы сейілсе күн сәулесімен бірге, жарықмен бірге әділеттілік орнайтын тәрізді. Ағасы мен жеңгесі болып, Лима болып, төртеуі Ташкент дүкенінен мебель таңдап қайтқан күні, қас қарая үйлеріне келсе, аула төріндегі жабық сәкінің үстінде біреу ұйықтап отыр. Ұзақ көктемде бір тамшы жаңбыр жаумай, қаңсып қалған далаға, сазарып қалған аспанға, тау-тау бұлттар, борандата, шаңыта келіп, иін тіресе келіп, дауылдата, нөсерлете құйын құйып өткендей. Бас жағындағы айқара ашық терезеден таңғы самал жел ұрып тұр екен.
Ә. Тарази шығармасынан келтірілген мысалдардан байқағанымыздай бұл топтағы етістіктер сирек колданылған. Соңғы сөйлемдегі «жел ұру» аналитикалық етістігі автордың жеке қолданысы. «Жел ұру» етістігінің мағынасы «желдету» етістігінің мағынасымен бірдей екені белгілі. Етістіктерді мағыналық ерекшеліктеріне, белгілеріне қарай топтастыруда, әрі оның семантикалық жүйесінде өзге топтар тәрізді субьектив реңді етістіктер де белгілі орын алады. Бұлар сөйлеушінің қимылға, бір нәрсеге, біреуге субьективтік көзқарасын білдіреді. Субьектив мәнді етістіктер дегенде біз лексикалық мағына құрамында іс істеушінің амал-әрекетіне не обьектіге көзқарасын білдіретін мағына элементі бар етістіктерді ескереміз. Етістіктердің лексика-семантикалық тобын зерттеуші тюрколог ғалымдардың көпшілігі субьектив мәнді етістіктерді жеке топ ретінде бөліп көрсеткенімен, оларды талдап, құрылымдық элементін анықтап көрсетпейді. Субьектив реңді етістіктердің бір өзіндік ерекшелігі – олар негізгі түбір етістіктер емес, туынды түбірлер не тұрақты тіркестер негізіндегі етістіктер түрінде айтылады.Қазақ тілі мамандары осы топқа жататын сөздерді сөйлеушінің бірдеңені өзіне «қомсыну» немесе «көпсінуін» білдіріп, -сын, -сін күрделі аффиксі арқылы «азсын, көпсін, бәлсін, керексін, адамсын, қызықсын» сөздерін жасайды, - деп жазады [55,90]. Осы сөздерде «ұқсауға тырысу, көңіл толмау, көлгөрсу, бағалау» семантикасы бар. Бұл мағыналарды Э.В.Севортян «Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке» деген еңбегінде анық, айқын атап өтеді. Көптеген мамандар –сын аффиксінің беретін өзге де мағыналары бар екенін көрсетеді. Мысалы, Р.Сыздықова ақын Абайдың қолданысындағы осы аффикстермен келген сөздерді, қазіргі нормамыз бойынша, бұрынғысымен салыстыра келіп, тілде бұрынан бар тұлағалар деп тұжырымдайды.Ал, М:Оразов субьектив реңді білдіретін етістіктер тобына: азсыну, менсінбеу, бойын аулақ салу, білгішсіну, масаттану, мұрнын көтеру сияқты етістіктер мен тұрақты тіркес негізіндегі етістіктерді жатқызады. Субьектив реңді етістіктер барлық жазушылар тілінде кездесетіндей, жазушы Ә.Таразидің де тілінде ұшырасады. Бірақ басқа топтағы етістіктер секілді жиі қолданылмайды. Яғни субьектив реңді етістіктер тобынан санаулы ғана сөздер кездеседі: кісімсу, бәлсіну, өзімсіну, батырсыну, паңсыну, еркексіну, дандайсу, менсінбеу, баласыну, ақынсымақ, жүрексіну, місе тұту, көрегенсу-сәуегейсу туынды етістіктері жатады. Мысалы: Қарай гөр мұны, кісімсіп! Мен неге бәлсінемін, тағдыр жазды емес пе? Сонша бәлсініп едің,ақыры мен сені сатып алдым ғой, сатып алдым! … Коляны өзімсініп, жекіріп жүр Арасанбай енді бойын тікеп алып, паңсына қалыпты. Дандайсыма, Лима, сен өзіңді өзің ерекше санарсың, сондықтан да ерекше махаббат іздедің. Өзгелерді менсінбеу үшін өзің ерекше жан болуың қажет емес пе? Қызметі жоғарыласа, анау өрмекші құсап адамдар да едендегілерді менсінбей қалды. Сонымен, бұлар қарапайым жақсы жандар, аспандағы айды әпер деп жұлқынып тұрған жоқ, бұйырған ризығын теріп жеп, жердегі жемісті місе тұтып жүрген тіршілік иелері - Әй, қойшы, біздің алдымызда батырсынып отырсың, ол жерде міңгірлеп сөйлей алмадың ғой! Әлде мына жаман еркексініп, қатты бірдеңе айтып қалды ма? Өлең шығаратын ақынсымақ деп, біз сияқты салиқалы жан емес деп, жорта менсінбейді, менсінбеген сыңай танытты. – Сен жүрексінсең, мен айтамын, мен ештеңеден қорықпаймын. … болар ыболып қойған, өтері өтіп кеткен оқиғалардың соңынан көрегенсіп, сәуегейсіп отыратын. Бұл сөйлемдегі «көрегенсу» есімше тұлғалы етістігі «жаны ашығансу, білгенсу» етістіктері сияқты субьективтік реңге ие болып, субьектінің қимылдың белгісіне айналған. Бұл жөнінде Ғ.Әбуханов былай дейді: «Есімше етістіктер қимыл, іс, қозғалыс, амал, әрекет түрінде қолданылмай, белгілі субьектінің қимыл, амал әрекетін білдіретін етістіктер есімше тұлғасына енгендей, сол өз субьектісінің қимылдық белгісіне айналады» [56,95].
Қорыта айтқанда, Ә.Тарази шығармасында субьектив реңді білдіретін етістіктері өсіп-өну етістіктерімен салыстырғанда актив түрде қолданылғандығы байқалады. Субьектив реңді етістіктерге–сын, -сін, -сы, -сі тұлғасы арқылы жасалған туынды етістіктер мен бірен-саран есімше тұлғалы етістіктер жататындығы айқындалып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет