32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32. Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданыстағы заңнамаға қайшы келгенін анықтаса, онда ол нотариаттық іс-әрекетті жасауға оған жүгінген тараптарға (тұлғаларға) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою (бұзу) бойынша шараларды қабылдау үшін хабарлауға міндетті, ал нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою (бұзу) мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органына бұл туралы тиісті шараларды қабылдау үшін дереу хабарлауы қажет.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-104 -баптарына сәйкес басқа да мемлекеттің құқық нормаларын қолданады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ жаңа редакцияда
34. Жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландырған кезде және мемлекеттік тіркелуге жататын куәліктерді берген кезде, нотариус БНАЖ арқылы «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорынан басшының, оны алмастырушының (белгіленген қызметтік міндеттерін бөлуге сәйкес) цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алады.
2. Мәмілелерді куәландыру
35. Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіреді, сондай-ақ оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінің тексереді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36. Кәмелеттік жасқа жетпеген немесе қорғаншы немесе қамқоршысы бар басқа тұлғалардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы және қамқоршы органның келісімін талап ету қажет.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37. Мүлікті иеліктен айыру туралы шартты тараптар бұзған жағдайда нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты бұзған жағдайда, нотариус БНАЖ арқылы «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 38-тармақ жаңа редакцияда
38. Шартты бұзу туралы келісімді нотариус қағаз және электронды нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркейді және құқық белгілейтін құжат оның сақтауында болған жағдайда, мүліктің иесіне қайтарады, келісім данасының көшірмесі, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі шартқа қоса тігіледі.
Шартты бұзған кезде тараптар нотариусқа шарттың барлық даналарын қайтарады, бұл ретте нотариус шарттың барлық даналарында тізілім нөмірін және бұзу туралы келісімді куәландыру күнін көрсете отырып, бұзу туралы жазба, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электронды тізілімінде жазба жасайды.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 39-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39. Көрсетілген шарттарды бұзған кезде осы шарттарды куәландыру үшін өндірілген төлем тараптарға қайтарылмайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 40-тармақ жаңа редакцияда
40. Егер сыйға тарту шартында сыйға тартушының, ол сыйды алушыдан кейін өмір сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшін жою құқығы көзделген болса, нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша, БНАЖ арқылы «АХАЖ» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінен сыйды алушының қайтыс болған фактісінің тіркелуін тексереді, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және олардың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алады.
Сыйға тартушының сыйға тартудың күшін жою туралы өтініші екі данада жасалады, қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылады.
Өтініштің бір данасы мен сыйды алушының қайтыс болғаны туралы куәлік көшірмесі нотариустың істерінде сақталатын сыйға тарту шартының данасына қоса тіркеледі. Нотариус тіркеуші органға сыйға тартудың күші жойылғандығы туралы хабарламаны, сыйға тартушының сыйға тартудың күшін жою туралы өтінішінің екінші данасына тіркеп, сыйға тартушыға береді.
Нотариус сыйға тарту шартының барлық даналарында, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде, БНАЖ электрондық тізілімінде, күнін, қолын қою арқылы, сыйға тартудың күші жойылғаны туралы белгі жасайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде, нотариус бұл туралы нотариалдық әрекеттерді тіркеу тізілімінде, БНАЖ электрондық тізілімінде белгі қояды, сот шешімінің көшірмесін қоса тіркейді және құқықты белгілеуші құжаттарды мүлік иесіне қайтарады.
42. Мәмілелердің мазмұны баяндалатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы тиіс, құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады.
3. Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Меншік иесінің ортақ бірлескен немесе үлестік меншік құқығындағы мүлікті иеліктен айыру, барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі.
Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде, нотариус ортақ меншіктің басқа қатысушыларының мәмілелерді жасауға берген келісімі туралы нотариалды куәландыруға жататын өтінішін талап етеді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44. Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.
Жұбайлардың некеге дейінгі кезеңде өтеусіз мәміле негізінде алған немесе мұраға алу тәртібімен алғанды қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі жұбайына тиесілі болған мүліктерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылды.
Бұл туралы шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде иеленіп жатқандығы, мүлік иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, айы, күні толық көрсетіледі, не болмаса, мүлік иесі шартты жасау кезінде некеде тұрмайтындығы, ал неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландырған күні және орны тізілім нөмірі мен мүліктің құқықтық тәртібі көрсетіледі.
Жұбайлардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы өтініште белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.
Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-қимылды жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген өкілден некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынады.
Егер жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында ықтиярхаты жоқ шетелдің азаматы болса, сондай-ақ неке шартында жұбайлар арасында бөлінетін меншік режимі белгіленбеген болса, (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23-бабында көрсетілген) пәтерлер, тұрғын үйлер, жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар («Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы), нотариаттық куәландыруға жатпайды.
45. Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 46-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46. Үлестік меншік құқығында үлесін иеліктен алу кезінде нотариус ҚР АК 216 және 501-баптарының нормаларын басшылыққа алады.
Ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларын үлесінің сатылатыны туралы хабардар ету дәлелдемелері мыналар болып табылады:
1) ортақ үлестік меншік қатысушысының басымдықты сатып алу құқығынан бас тарту, қолтаңбасының түпнұсқалы екендігі нотариалды куәландырған өтініші;
2) қолтаңбасының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылған, нотариусқа ортақ үлестік меншік қатысушыларын үлесті сату ниеті туралы хабардар ету үшін берілген үлесті сатушының өтініші, сондай-ақ осы өтініш ортақ үлестік меншік қатысушысына берілген пошталық немесе өзгедей хабарлама.
47. Жер учаскесіне меншік құқығын (жерді пайдалану құқығын) тиісті иеліктен айырусыз жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға жол берілмейді.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайдаланушының) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін анықтайды.
Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» және «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер қорының мәліметтерімен салыстырады.
Олар өзгерген жағдайда мәліметтері «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның құқықтық белгілеуші құжатта тиісті жазба жасау арқылы жүргізіледі және қолтаңба және мөрмен бекітіледі.
Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.
49. Нотариус мыналарды:
1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабы);
2) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 24-бабы) арналған жер учаскелерін;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабының, 3, 4-тармақтары);
4) шетелдік жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 34-бабы);
5) егер жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті не оның кепілін белгіленген тәртіппен иеліктен шығаруға қатысты болғанда мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 39-бабы) иеліктен айыруды куәландырмайды.
50. Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут).
51. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.
52. Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда, егер:
1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;
2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;
3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы хабарландыруға жол беріледі.
53. Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны туралы белгі жасалады.
54. Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, кепілмен (ипотекамен) ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларда:
1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;
2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болғанда;
3) кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус кепіл шартының шарттарымен хабарландырғанда куәландырады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 55-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
55. Кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні кепіл ауыртпалығы бар екендігі туралы белгі соғылады.
Нотариус кепілі бар мүлікке меншік құқығын иеліктен айыру мүлікті иеленуші үшін барлық міндеттердің ауысатынын түсіндіреді.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 56-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56. Құқық белгілейтін құжатта көрсетілген құқық иесі туралы мәліметтің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтері «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы иелік ету сәтіндегі «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорында көрсетілетін мәліметтермен сәйкес келмеген куәліктерді беру, мұрагерлікке сенімгерлікпен басқару тағайындау туралы қаулы шығарылған кезде нотариус осындай өзгерiстердің тiркелгенiн тексереді.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 57-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57. Нотариус рента және өмiр бойы асырауда ұстау шарттарын ҚР АК 517-539-баптарына сәйкес куәландырады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. Айырбастау шартын нотариус тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез-келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады, бұл ретте нотариус ауыртпалықтың жоқ екендігі фактісін анықтайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.04.06. № 315 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 59-тармақ жаңа редакцияда
59. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен айырған несие берушінің талап ету құқығын басқаға берген кезде нотариус мыналарды:
1) мүлікті меншіктенуге тиесілі екендігін, несие берушінің құқығын (талабын) растайтын құжаттары;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді;
3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтерді талап етеді.
Талап ету құқығын куәландыратын құжаттар талап етуді басқаға беру шартын куәландырғаны туралы белгісімен жаңа несие берушіге қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.
Объектіні тапсыру актісіне қол қойғанға дейін және олар шарттың бағасын төлеген соң ғана құрылысқа үлестік қатысу шарты шеңберінде кредитордың талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 60-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60. Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ауыртпалықтың бар/жоқ екендігі туралы уәкілетті органның анықтамасын талап етеді.
Егер жылжымалы мүліктің тиесілігі міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын болған жағдайда, қандай-да бір құжатпен анықталмаса, шарт мәтініне оның тиесілігін тараптардың айтуы бойынша көрсетеді.
61. Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;
3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.
62. Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқықтарын белгілейтін құжатын талап етеді.
Бұл ретте нотариус істе құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін қалдырады.
63. Заттай құқық негізінде жалға берушіге жататын мүлікті өтеусіз пайдалану немесе бір жылдан астам уақытқа жалдауға беру туралы шарт мемлекеттік тіркелуі тиіс.
Бұл ретте, нотариус шартты мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы түсіндіреді, ол туралы шарттың мәтінінде атап өтеді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 64-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64. Ортақ меншіктегі үлесте тұрған мүлікті уақытша ақысыз пайдалану немесе жалға беру мүліктің барлық иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі.
65. Қосалқы жалға алу, бірге жалдау, кейінгі жерді өтеусіз пайдалану мерзімі жалға беру, жалдау, бастапқы жерді пайдаланудан аспауы немесе одан кейін тоқтатылмауы тиіс.
66. Жылжымайтын мүлікке тыйым салынған жағдайда нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартады, ол жөнінде нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
67. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иеліктен айыруды куәландырған кезде нотариус шарттың мемлекеттік тіркеудің қажеттігін түсіндіреді, ол жөнінде шарттың мәтінінде белгі жасайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 68-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
68. Кепіл шартын куәландырған кезде нотариус Заңның 75-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарында мүлікті иеліктен айыруға тыйымның салынғаны туралы кепіл туралы шарттың көшірмесін қоса тіркей отырып, хабарлайды.
Бұл туралы кепіл шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде салынып жатқандығын оның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы және жері, не болмаса кепіл беруші мүлікті иеленген уақытта некеде тұрмағандығы туралы, ал егер неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың аты, тегі, әкесінің аты, куәландыру уақыты, тізілім нөмірі және мүліктің құқықтық реті көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |