Новокубанка орта мектебі Ата-аналарға арналған



Дата09.07.2016
өлшемі110.21 Kb.
#186979
Новокубанка орта мектебі

Ата-аналарға арналған


Дөңгелек стол «1-5 сынып оқушылардың бейімделуіне көмек қажет»

Өткізген психолог: Шаривхан Алтынгул

Дөңгелек стол «1-5 сынып оқушылардың бейімделуіне көмек қажет»

Мақсаты: Баланы мектепке дайындау маңызды, мектеп өміріне бейімделуіне көмек көрсету.

Міндеті: Ата –ананың назарына оқушылармен жүргізілген психологиялық ағарту-дамыту жұмыстарымен таныстыру;


Ата –аналарға кеңес беру ұсыныстарын тарату


  1. Жүргізушінің сөзі

  • Бүгін біз сіздермен «1-5 сынып оқушылардың бейімделуіне көмек қажет» атты кездесуімзде өздеріңздің ойларыңзды ортаға сала отырып. Балаларыңзға көбірек мектеп туралы мағулмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жасау, көмек көрсету сіздерге байланысты. Сонымен қазір сіздермен жаттығу жұмысын жасайық.

2 Жаттығу «Бір орынға көшу»

Сіз бір басқа жұмыс орын аустырдыңыз (тұрған жеріңізде) бір таныс емес ортаға келдіңіз. Жаңа ортаға келген кезде өзіңізді қалай сезіндіңіз? (жауап ата-аналар)


3 Саулнама ата-аналарға «Сіздің балаңызға деген қатынасыңыз қандай?»

Сонымен саулнамамызды жазып болсақ, балаларымыздың 1-5 сыныпқа көшуіндегі өзгерістері туралы талқылаймыз. Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші»жүйесіне, сабақ беруші ұстаз-мұғалімге ауысады.Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді. Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.

Баламен мектептегі өмірі туралы әңгімелесіңіз:

Өзіңіздің қызығушылық сұрақтарыңызды «Сенің мектептегі күнің қалай өтті?» деген қарапайым сұрақтармен шектемеңіз. Әр жұма сайын балаңызбен мектеп жайлы әңгімелесіңіз. Балаңыз айтқан әр есімді,болған оқиғаларды есте сақтаңыз.Бұл есімдерді балаңызбен мектеп жайында әңгілемелескенде қолданасыз. Сонмен қатар балаңыздан өзінің сыныптастары жайлы, сыныптағы іс-әрекеттер жайлы, мектептік пәндер туралы, ұстаздар туралы сұраңыз.

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі
Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, жалпы айтқанда 5-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Осы 5-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады.
Бұлар:
-Балалардың мінезі өзгереді;
-Тез шаршайды;
-Көңіл-күйлері бұзылады;
-Оқу үлгерімі төмендейді;
-Мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.
Сондықтан да осы жоғарыда көрсетілген мәселелердің алдын-алуда 5-сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеу қажет.
Балалардың әлеуметтік дамуын зерттеуде жеке әңгіме әдісін қолдануға болады.

Бірінші кезең – бағдарлау кезеңі – ерекшелігі бала ағзасының өзгерістерге қызу жауап беруі, 2-3 аптаға созылады. Бұл кезеңде бала өз шамасының шегінде «жұмыс істейді», сондықтан да бала салмағын жоғалтады, жиі басы ауырады, ұйқысы жоғалады, жиі ауырады.

Екінші кезең – тұрақсыз бейімделу кезеңі – бала ағзасы іздеп және жаңа өзгерістерге оңтайлы жауап таба бастайды.

Үшінші кезең – мейлінше тұрақты бейімделу кезеңі – бала ағзасының жаңа өзгерістерге (ақыл-ой, дене, көңіл-күй) нақты, тиянақты жауап беретін , сөйтіп, балаға түскен алғашқы күндер ауыртпалығын жеңілдететін кезең.

Барлық үш кезеңнің ұзақтығы – 5-6 апта; ең қиыны алғашқы төрт апта.

Сонымен қатар, бүгінгі күнде оқуға даярлығы іс жүзінде көп құрлымды білім бола отырып, ол кешенді психолгиямыздың зерттеулерін талап етеді. Жоғарыда аталған еңбектерді талдай келе, , біз психологиялық даярлықтың құрамынан мынадай компоненттерді ажыратуға болатындығын ұсынып отырмыз.




Мектепке келу- әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б.

Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды. Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет.

-Көптеген «болады», «болмайды», «керек», «қажет», «дұрыс», «дұрыс емес» деген ескертулер бірінші сынып оқушысының алдынан шығады. Бұл ережелер мектеп өміріне, баланың жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты. Оның көбі баланың тілектері мен талаптарына қайшы келеді. Осының бәріне бейімделу керек. Бірінші сыныптың көптеген оқушылары бұл қиындықты жеңеді. Психологтер айтқандай, дені сау, жан-жақты, өзіне сенген және басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады.

Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.

Оқудың бірінші жылы баланың мектептегі өмірінің негізін қалайды. Бұл кезеңде оқушы үлкеннің басшылығымен өз дамуында өте маңызды қадам жасайды. Көп нәрсе бірінші сынып оқушысының ата-анасына байланысты. Мектептегі алғашқы айлар, әр жыл сайынғы оқу жылының аяқталуы, бастауыш сыныптан орта буынға ауысуы мектеп жасындағы оқушыға стресс болып табылады. Осы құбылыстар барысында жанұяңызда жағымды атмосфераны сақтап, күрт өзгерістерден сақ болыңыз.
Қорытынды

Қадірлі ата-аналар , « Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып , жерге қаратпасын десең , балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп , еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік . Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса , тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат

ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен шыдамдылығыз баланың оқуда алға ілгерілеуінің кепілі.

Ата- аналарға арналған сауалнама

1.Сіз өз балаңызды көбіне қалай атайсыз? _____________________________

__________________________________________________________________

2.Қалай ойлайсыз,сіздің қалай атайтыныңыз балаңызға ұнайды ма? ________

__________________________________________________________________

3.Әдетте балаңыз мектептен нешеде келеді? ___________________________

__________________________________________________________________

4.Балаңыз бос уақытында немен айналысады? __________________________

__________________________________________________________________

5.Балаңыздың достары кім екенін білесіз бе? __________________________

__________________________________________________________________

6.Балаңыз бұл балалармен бұрыннан дос болып келе ме? _________________

__________________________________________________________________

7.Неліктен сол балалармен дос болып жүр? _____________________________

__________________________________________________________________

8.Балаңыздың сүйікті ісін атаңыз. ____________________________________

__________________________________________________________________

9.Балаңызға ұнайтын түсті атаңыз. ____________________________________

10.Қандай киноларды көргенді ұнатады? _____________________________

__________________________________________________________________

11.Қандай кітаптарды оқиды? _______________________________________

__________________________________________________________________

12.Кім болғысы келеді? _____________________________________________

__________________________________________________________________

13.Сіз балаңызбен бірге болуға қанша уақыт бөлесіз? ___________________

__________________________________________________________________

14.Сіз балаңыздың қандай екенін айтып бере аласыз ба? _______________

__________________________________________________________________

15.Сіз балаңыздың өз бойында нені өзгерткенін,түзегенін қалар едіңіз? _____

__________________________________________________________________

16.Сіз балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз? _________________

__________________________________________________________________

17.Сіз бір айға , балаңызға шамамен қанша ақша қажет екенін білесіз бе? ___

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Ата-ананың аты-жөні _____________________________________

Соған байланысты ата-аналарға жадынама
- Баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдаңыз. Оның мектептегі істеріне сіздің шынайы жетістіктері мен қиындықтарына шынайы қарым- қатынасыңыз жаңа орны мен іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі.

- Баламен балаңыз мектепке оқу үшін келеді. Баланың қателік жасауға құқы бар.

- Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз.

- Оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмаңыз. Балада, мысалы, тіл кемістігі болса, оқудың бірінші жылында қолға алыңыз.

- Бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға болатын нәрсені іздеңіз. Есіңізде болсын, мадақтау мен эмоциялы қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді.

- Егер сізді баланың жүріс-тұрысында, оқу істеріне бір нәрселер алаңдататын болса, мұғаліммен немесе мектеп психологінен ақыл-кеңес сұрауға ұялмаңыз.

- Мектепке келгеннен кейін балаңыздың өмірінде сізден гөрі беделді адам пайда болады. Бұл-мұғалім. Бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлаңыз.

- Оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ойын жаттығуына керекті уақыт қалуы керек.



Ата-ана, төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, балаңыздың мектепке қаншалықты дайын екендігін біле аласыз
1. Балаңыздың мектепке барғысы келе ме?
2. Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?
3. Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ма?
4. Балаңыз бөтен адамдар арасында ұялмай ма?
5. Балаңыз суретке қарап бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыра ала ма?
6. Балаңыз бірнеше тақпақты жатқа айта ала ма?
7. Балаңыз әріптерді танып, оқи біле ме?
8. Балаңыз онға дейін және керісінше санай біле ме?
9. Балаңыз түстерді ажырата біле ме?
10. Сурет салуды және оны бояуды жақсы көре ме?
11. Ойыншықтырды құрастырып ойнай біле ме?
12. Балаңыз хайуанаттар паркіне, мұражайға барып көрді ме?
13. Балаңызға кітапты және қызықты оқиғаны жиі оқып бере аласыз ба?
14. Балаңыз әртүрлі сұрақтарға жауапты қиналмай бере ала ма?
15. Балаңыз әртүрлі заттардың не үшін керектігін түсіндіріп бере ала ма?
16. Күнделікті балаңыз бір жағдайдан, екінші жағдайға тез ауыса ала ма?
17. Балаңыз өз бетімен жұмыс орындай ала ма?
18. Балаңыз біреудің сөзін бөлмей тыңдай ала ма?
19. Балаңыз белгілі бір уақытта тыныш отыра ала ма?
20. Балаңыз кітаптарға қызыға ма?
21. Балаңыз түсініксіз сөздер төңірегінде сұрақ қоя ма?
22. Балаңыз мақтағанды ұната ма?
23. Балаңызбен бірге белгілі бір тақырыпты талдайсыз ба?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет