Нұр Астана. 2010. №47. 30 қараша. Алмас Манап. Гуанджоу: 18 алтын, 23 күміс



Дата06.07.2016
өлшемі26.5 Kb.
Нұр Астана.- 2010.- № 47.- 30 қараша.

Алмас Манап.



Гуанджоу: 18 алтын, 23 күміс...
15 күн бойы құрлық спортшыларын құшақ жая қарсы алған Гуанджоудағы ХVI жазғы Азия ойындары да өз мәресіне жетті. Қытайда өткен дүбірлі додада Аспанасты елі алдына жан салмай, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. 12-27 қараша аралығында жалауы желбіреген құрлық жарысында Қазақ елінен 36 спорт түрі бойынша 365 саңлықтарымыз бақ сынаған-ды. Нәтиже де жаман емес. «Азия барысы» құрлықтың бесінші командасы атанды. Бірақ, спорт мамандары жарыс алдында «кем дегенде 25 алтын медальды еншілеп, алға тек Қытай, Оңтүстік Корея және жапон спортшыларын жіберуіміз мүмкін» деп, сәуегейлік жасаған еді. Алайда болжамдары дөп келмей, ойда-жоқта Иран құрамасына да есеміз кетті. Иран спортшыларында 20 алтын, бізде-18. Алайда, біздің бүгінгі жазбағымыз, Гуанджоудағы биылғы жетістігіміз бен төрт жыл бұрын Дохада өткен ХV Азия ойындарындағы жеңіп алған жүлделерімізді салыстырып көрсек.

Алдымен зіл теміршілерді сөз етсек, Бас бапкер Алексей Нидің үнемі арық сөйлеп, семіз шығатынына етіміз үйреніп қалды. Дүбірлі доданың алдында бапкер; «2 алтын алып жатсақ, сол жеткілікті» деп, болжам жасаған еді. Алайда, Нидің шәкірттері үш алтын, екі күміс, төрт қола медалына қол жеткізді. Сонымен төрт жыл бұрын 2 алтын, 1 қоланы еншілеген зіл теміршілердің бұл жолы ұпайы түгел болып шықты.

Кезінде Дохада өткен Азия ойындарында Ольга Рыпакова мен Дмитрий Карпов бастаған жеңіл атлетшілер 4 алтын, 3 күміс 2 қола медальді қоржындарына салған-ды. Ал бұл жолы олар күміс пен қоланы көбейтіп, Қытай жерінде 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль иемденді.

Ал боксшыларымыз болса, бізді әлі де қуанта алар емес. Кезінде Ермахан Ыбраимов, Мұхтархан Ділдәбеков, Болат Жұмаділов, Нұржан Кәрімжановтар Азия ойындарында атой салып, жалпы командалық есепте алдына жан салмайтын кезең келмеске кеткен сыңайды. Өйткені осы жолы алдымызды Қытай борандатты. Олар 5 алтын медальға қол жеткізіп, сары құрлықтың теңдесіз құрамасы атанды. Қысқасы, Мырзағали Айтжанов бастап барған 10 боксшымыздың бесеуі ғана жүлдегерлер қатарынан көріне алды. 75 келі салмақта сынға түскен Данабек Сужанов қола жүлдеге ие болса, 49 келідегі Біржан Жақыпов пен аса ауыр салмақтағы Иван Дычколар күміспен күптелді. Ал финалдық айқаста 69 келіде құрама капитаны Серік Сәпиев өзбек Ихтомжон Рахмоновқа еркін жүруіне мүмкіндік бермей, 9:3 есебімен басым түсті. Осылайша Сәпиев ел сенімін ақтап, Гуанджоуда өзі ұстап шыққан Қазақ туын көкке көтерді. Екінші бір жеңіске жеткен боксшымыз ол- Данияр Елеусінов ( С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің студенті ) Елордалық боксшы финалда үнді спортшысынан 16:1 есебімен басым түсті. Жалпы, Даниярдан спорт мамандары көп үміт күтеді. Себебі, спортшының айла-тәсілдері құтты Серік Қонақбаев ағамыздыкіндей. 19 жасар боксшы жастар апталығында берген сұхбатында: «Кумирім – Серік Қонақбаев. Ол кісіден бата алсам, арманым жоқ еді» деген еді. Міне, жас боксшыға сол сәт туған секілді.



Сөйтіп, 2006 жылы Араб еліне 1 алтын,2 күміс, 3 қолаға қол жеткізіп Қазақ боксы осы жолы бір алтын болса да артық алды.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет