Нұр Астана. 2013. №20. 23 мамыр



Дата16.06.2016
өлшемі13.69 Kb.
#139202
Нұр Астана. – 2013. - № 20. – 23 мамыр

Айтбозым А.
Шетелде талай қызық бар...
Шетелге бара жатқан, не барғысы келетін адамдарды мазалайтын бірінші сұрақ: «Ол жақта қалай екен?». «Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» деп аталарымыз бекер айтпаған. Сол себепті, біз шекара асып, өзге мемелекеттермен танысып қайтқан студенттерден шетелдегі өмір туралы сұраған едік.
Кәмилә Нұрғалиева, С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеттің эко­номика факулътеті, ІҮ курс:

- Дубайдың туристерге арналған қала екенін бірден байқайсыз. Әйнекпен қапталған зәулім ғимараттар, үлкен сауда орталықтары және толған туристер көзге бірден түседі. Астана аздап Дубайға ұқсайтын сияқты.



Дәл осы қалада мен ерекше такси жүйесімен таныстым. Көшеге шығып, қалаған жерде көлік тоқтатуға рұқсат берілмейді. Үлкен сауда орталықтарының жанында такси ұстау үшін кезекке тұру керек, кезекті кесіп өте алмайсың, ешкім өткізбейді де. Қасымда анам және кішкентай інім бар, шыжыған ыстықта кезекте тұрғымыз келмей, қонақүйге дейін жол-жөнекей такси ұстайық деп шештік. Біразға дейін ешбір такси тоқтамады. Сәті түсіп бір көлік тоқтап, қонақүйге дейін апарып тастауға келісті. Ол турист екенімізді бірден түсініп, кішкентай баланы аяғандықтан тоқтаған екен. Мұндай такси жүйесі жол апаттарын болдырмаудың бір амалы. Біздің елде де такси жалдаудың осындай жүйесі болғанын қалар едім.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет