«Нұр Отан» хдп «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын орындау бойынша іс–шаралар жоспары Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша



Дата24.02.2016
өлшемі107.08 Kb.
#15424
«Нұр Отан» ХДП «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын орындау бойынша

іс–шаралар жоспары

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша

2014 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы


р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындау туралы ақпарат

Орындау мерзімі және индикаторлар

Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы

3.10. Халықтың кірісін арттыру

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын оған өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілген халықты (2013 жылы 1631 адамға дейін қамти отырып)тарту арқылы орнықты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жолымен халықтың кірісін арттыру мақсатында кең ауқымда іске асыру.

  • өз бетінше қамтылғандарды, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілгендерді оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу – 1631;

Е Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат



2014 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты бойынша білім беру нысандарын күрделі жөндеу және сейсмокүшейту жөнінде 8 инвестициялық жоба және әлеуметтік-медициналық мекемелерді күрделі жөндеу жөнінде 2 жоба іске асырылатын болады. 8 инвестициялық жоба бойынша конкурстың нәтижесін қорытындылау ағымдағы жылғы 8 сәуірде өтетін болады.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты бойынша 2160 адамды қамту жоспарлануда. Олардан 460 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына, 452 адамды жастар тәжірибесіне, 460 адамды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу жоспарлануда, ауыспалы контингент санынан 763 адам оқу орындарында білім алуды жалғастыруда.



2013 жылдан бастап

3.11. Стипендиялар төлей отырып, тегін біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарымен және жалақыны ішінара субсидиялаумен қамтамасыз ету

1

Өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілгендер ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

2014 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 100,9 млн. теңге бөлінді. Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 460 адам жіберу жоспарлануда, кәсіби даярлауға 25 адам, ауыспалы контингент санынан 763 адам оқу орындарында білім алуды жалғастырды, олардан 184 адам оқуды бітірді.

Кәсіби даярлау келесі мамандықтар бойынша іске асырылады: кондитерлік өндіріс, шаштараздық өнер және сәндік косметика, есепші, аспазшы, ЭВМ операторы, туристік агенті, электрик, автомеханик және т.б.



2013 жылдан бастап

2

Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыз азаматтардың ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

2014 жылы 460 әлеуметтік жұмыс орнын ашу жоспарланды, оған 57,4 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың басынан әлеуметтік жұмыс орындарында 340 адам жұмыс істеді, 12,7 млн. теңге (22,1 пайыз) игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарында келесі мамандақтар бойынша жұмыс істелді: бағдарламашы, кондитер, көлік жүргізуші, есепші, механик, электрик, сату жөніндегі менеджер, және т.б.

2012 ж – 630 адам

2013 ж– 630 адам

2014 ж– 630 адам

2015 ж– 630 адам

2016 ж– 630 адам


3.12. Сатып алу құқығымен типтік жалдамалы тұрғын үй беріп, «экономикалық өсу нүктесінен» көшуді субсидиялау жолымен жұмысты және тұрғылықты жерді ауыстырған кезде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.

1

Бағдарлама қатысушыларын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық жерлерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық жерге және жаңа көшіп келген жерде отбасының жұмысқа қабілеті барлық мүшелерін жұмысөа орналастыру мақсатында көшіп келулерін қаражаттандыра отырып,

- бір аудан шамасында;

- бір облыс шамасында;

- бір областан келесі облысқа өтеуін төлеп алу құқығымен үлгілік қызметтік баспана беріп, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулерін ұйымдастыру.



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жұмыс жалғасуда.



2013 жылдан бастап

3.13. Мемлекеттік қолдау шаралары кешенін көрсету жолымен, оның ішінде микрокредиттер беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларына жеке істерін ашуға және кеңейтуге 5 жылға дейінгі мерзімге және ең жоғарғы сомасы 3 млн.теңге қайтарымды негізде шағын кредит беру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

Алматы қаласы Бағдарламаның екінші бағытын (микрокредиттеу)іске асыруда қатыспайды.


2013 жылдан бастап
















4.2 Жұмыссыздық деңгейі 5.3 пайыз, ал кедейлік -3.5 пайыз шамасында қамтамасыз етілетін болады.

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының және өңірлерді дамыту бағдарламаларының халықты жұмыспен қамтуға жәрдедесу және жаңа жұмыс орындарын құру беліктерінде тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету

ЕХӘҚМ ақпарат беру

Қалалық еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып сақталды, шиеленістің қарқындығы байқалмады. Экономикалық белсенді халық 794,2 мың адамды құрады, ал жұмыссыздар саны – 45,1 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,7 % (2013 жылдың 4 тоқсанының мәліметі).

2014 жылы Қаланы дамыту бағдарламасы аясында 20000 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 5047 жұмыс орны ашылған (жоспардың 25,2 пайызы). Ең үлкен үлес сауда саласында – 42,3 пайыз, құрылыс – 10,7 пайыз, өнеркәсіп – 10,6 пайыз.

2014 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты бойынша білім беру нысандарын күрделі жөндеу және сейсмокүшейту жөнінде 8 инвестициялық жоба және әлеуметтік-медициналық мекемелерді күрделі жөндеу жөнінде 2 жоба 453 жұмыс орнын аша отырып, іске асырылатын болады.


2013 жылдан бастап

2

Еңбек ресурстарындағы экономика салаларының қажеттіліктерін және сұранымың теңгерімделуін қамтамасыз ету және еіңбек нарығындағы ұсыныстарды болжау


ЕХӘҚМ ақпарат беру

Жыл сайын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен қала экономикасының түрлі салаларындағы еңбек күшіне деген сұранысқа мониторинг жасау және болжау бойынша жұмыс жүргізілуде. Болжау салалық және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне жіберіледі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Абдыкалыкова өңірлерге салалық министрліктермен келісілген 2014-2018 жылдарға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру аясында жұмыс орындарын ашу туралы ақпаратты ұсынуды тапсырған болатын.

Аталған 2014-2018 жылдарғы бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын салалық басқармалардың мәліметтеріне сәйкес 2014 жылы 27582 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Статистиканың мәліметтеріне сәйкес экономикалық белсенді халық 794,2 мың адамды құрады, ал жұмыссыздар саны – 45,1 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,7 %.

2014 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 2009 адам өтініш берді, оның ішінде 248 адам Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары болды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы 743 адам жұмысқа орналасты, оның 70 адамы нысаналы топқа жататын жұмыссыздар. Қоғамдық жұмыстарға 185 адам қатысты, әлеуметтік жұмыс орындарына 315 адам.

1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,2%.



2013 жылдан бастап

3

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі мөлшерінен төмен халық үлесінің азаюы


ЕХӘҚМ ақпарат беру

2013 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі мөлшерінен төмен халық үлесінің жоспары түзетіліп, 1,0 пайызды құрайды.

4 тоқсан қорытындысы бойынша табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың үлесі 0,3 пайыз немесе 4,9 мың адамды құрады (2012 жылдың 3 тоқсанында 0,4 пайыз немесе 5,9 мың адам).

Басқарманың қызметі халықтың аз қамтылған қабатына түрлі әлеуметтік көмек және төлемақылар төлеу арқылы халықтың кедейлік деңгейіне әсерін тигізеді.

2014 жылдың 1 тоқсанына көмек 18 955 адамға көрсетілді, оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмек – 428 адамға, тұрғын үй көмегі – 3583 адамға, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы – 1096 адамға, арнайы қалалық жәрдемақы – 13 848 адамға.

(2013 жылы әлеуметтік көмек пен жәрдемақыны 170 151 адам алды)





5.2. Барлық еңбек етуді қалайтын және мүмкіндігі бар адамды беделді жұмыспен қамтамасыз ету.

1

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесін 30 пайызға дейін төмендету.





Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 428 адамды құрады. АӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесі 35 пайыз жоспары жанында 31,68 пайызды құрады. (2013 жылы еңбекке жарамды халықтың үлесі 36,6 пайыз)

Меншікті салмақтың төмендеуі АӘК алушылардың Жұмыспен қамту 2020 қатысуы және аз қамтылған халықтың жұмысқа орналастырылуының есебінен мүмкін болды.Аз қамтылғандардың ішінде жұмысқа орналастырылғандар саны 48 адамды немесе халықтың нысаналы топтарынан жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санының 68,6 пайызын құрады.






5.3. Жастардың өзін өзі іске асыруына мүмкіндік жасау.




Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы және өңірлердің даму бағдарламалары шенберінде жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар қатарындағы орта және жоғары, кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін орналастыруға ықпал жасау.




Жастар жұмыссыздығының мәселесі үнемі бақылануда. Статистика мәліметтері бойынша 2013 жылдың 4 тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейі 8,5 пайызды құрады, 15-24 жас аралығындағы жұмыссыздар саны 4,1 мың адам.

2014 жылы Жұмыспен қамту органына 554 жас азамат өтініш білдірді. Тіркелген жастар жұмыссыздығының деңгейі жыл аяғында 0,1 пайызды құрады.

2014 жылы жастар тәжірибесін өтуге 452 жұмыс орын құру қарастырылған, жыл басынан бері 343 орын құрылды. Жастар тәжірибесін өту мерзімі 6 ай. Түлектер заңгер, экономист, бағдарламашы, есепші, сәулетші, тігінші, педагог, психолог, қаржы маманы және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істеді.


2013 жылдан бастап

2

ЖОО мен ОАОО түлектерінің арасында, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, жастар практикасын іске асыру бойынша ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу.




Басқарманың Медиа-жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Работа» порталында онлайн режимінде Алматы қаласы бойынша бос жұмыс орындары қойылады. Күн сайынғы бос жұмыс орындарының саны 1500-нан 2000-ға дейін. Ағымдағы жылғы 4 сәуірдегі жағдай бойынша ол 1724 құрады.

Халықаралық бизнес академиясы мен Алматы технологиялық университетімен қолданыстағы Бағдарламалар туралы ақпараттандырылған бітіруші студенттерге арнап ұйымдастырылған екі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысылды.

«Ақпараттық-ресурстық орталық» Қоғамдық қоры және басқа үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, Жұмыспен қамту 2020 жол картасын халықтың нысаналы топтары арасында насихаттау жұмысы жүргізіледі.

Алматы теледидарында жұмысқа орналастыру туралы ақпарат жүгіртпелі жолы көрсетіледі. Интернет сайттарында баннерлер орналастырылған. Метро станцияларының 46 мониторы және 36 проекторында, сондай-ақ муниципалдық автобус паркінің троллейбус, трамвай және автобустарында, «Сайран» халықаралық автовокзалының ғимаратында, темір жол вокзалында Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы туралы жарнамалық ақпарат орналастырылған. www.zarplata.kz сайтында ЖОО, ОББОО түлектерінің жастар тәжірибесіне қатысу мүмкіндігі туралы хабарлама, сондай-ақ жұмыс берушілерден алынған бос жұмыс орындары бойынша ақпарат орналастырылды.

Фандрайзинг бойынша шаралар аталған жұмысты күшейту үшін жалғастырылуда.


2013 жылдан бастап

5.7. Біз аз қамтылған азаматтарға кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеуге арналған шығындарды төлеу үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсететін боламыз.

7

Алматы қаласында тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеуге, ағымдағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтеріне арналған (мың теңге) тұрғын үй көмегін беру.





Алматы қаласында тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтау жарнасына, ағымдағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтері және байланыс қызметтеріне кеткен шығынның орнын толтыру үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Көмек жанұя бюджетінде жоғарыда көрсетілген қызметтерді төлеу шығыны жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.

2014 жылғы 1 тоқсанына тұрғын үй көмегі 3583 алушыға 43 101,8 мың теңге сомасында төленген. Олардың ішінде шығын бойынша кондоминиум нысандарының ортақ нысандарын күрделі жөндеу үшін тұрғын үй көмегі 14 өтініш білдірушіге 85,14 мың теңге сомасында төленді


2012 ж-219 966

2013 ж-197 705

2014ж- 228 468

2015ж- 244 461




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет