«Нұр Отан» хдп «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын орындау бойынша іс–шаралар жоспары Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша



жүктеу 109.21 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі109.21 Kb.
«Нұр Отан» ХДП «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасын орындау бойынша

іс–шаралар жоспары

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша

2013 жылдың қорытындысы


р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындау туралы ақпарат

Орындау мерзімі және индикаторлар

Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы

3.10. Халықтың кірісін арттыру

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын оған өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілген халықты (2013 жылы 1631 адамға дейін қамти отырып)тарту арқылы орнықты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жолымен халықтың кірісін арттыру мақсатында кең ауқымда іске асыру.

  • өз бетінше қамтылғандарды, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілгендерді оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу – 1631;

Е Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат



2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағытының 1 компоненті «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жұмыс жалғасуда.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен 2013 жылы 1480 адамды қамту жоспарланған, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орнына – 460 адам, оқыту курстарына – 570 адам, жастар тәжірибесіне – 450 адам жіберіледі.

2013 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарында – 690 адам, жастар тәжірибесінде – 781 адам жұмыс жасады. Кәсіби оқытуға 599 адам жіберілді.


2013 жылдан бастап

3.11. Стипендиялар төлей отырып, тегін біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарымен және жалақыны ішінара субсидиялаумен қамтамасыз ету

1

Өз бетінше қамтылғандар, жұмыссыздар және аз қамтамасыз етілгендер ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын біліктілікті арттыру, кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

2013 жылы курстық біліктілікті арттыру және қайта даярлауға 45,3 млн.тг бөлінді, оның 41,9 млн.тг игерілді. Қайта даярлауға 445 адам, біліктілікті арттыруға 128 адам жіберілді.

Кәсіби даярлауға оқу мекемелеріне 26 адам жіберілді.

Колледждерде кәсіби даярлауды 2011 жылдан өткендер ішінен 740 адам жалғастырып жатыр.

Кәсіптік оқыту қаланың 7 оқу мекемелерінде кондитер, электрик, есепші, косметолог, аспазшы, туристік агент, ЭВМ операторы сияқты 19 мамандықтар бойынша дәріс берілді.



2013 жылдан бастап

2

Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыз азаматтардың ішінен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

2013 жылы 460 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарланған, осыған сәйкес 67,1 млн.теңге бөлінді. әлеуметтік жұмыс орындарда 690 адам жұмыс істеп, 67,1 млн. теңге (100%) игерілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарында механик, электрик, сату бойынша менеджер, программист, кондитер, жүргізуші, есепші және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істелді.



2012 ж – 630 адам

2013 ж– 630 адам

2014 ж– 630 адам

2015 ж– 630 адам

2016 ж– 630 адам


3.12. Сатып алу құқығымен типтік жалдамалы тұрғын үй беріп, «экономикалық өсу нүктесінен» көшуді субсидиялау жолымен жұмысты және тұрғылықты жерді ауыстырған кезде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.

1

Бағдарлама қатысушыларын әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық жерлерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық жерге және жаңа көшіп келген жерде отбасының жұмысқа қабілеті барлық мүшелерін жұмысөа орналастыру мақсатында көшіп келулерін қаражаттандыра отырып,

- бір аудан шамасында;

- бір облыс шамасында;

- бір областан келесі облысқа өтеуін төлеп алу құқығымен үлгілік қызметтік баспана беріп, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшулерін ұйымдастыру.



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша жұмыс жалғасуда.

Алматы қаласының Бағдарламаның бірінші бағытына «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» қатысу 2014 жылдан бастап қарастырылған.




2013 жылдан бастап

3.13. Мемлекеттік қолдау шаралары кешенін көрсету жолымен, оның ішінде микрокредиттер беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушыларына жеке істерін ашуға және кеңейтуге 5 жылға дейінгі мерзімге және ең жоғарғы сомасы 3 млн.теңге қайтарымды негізде шағын кредит беру

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ақпарат

Алматы қаласы Бағдарламаның екінші бағытын (микрокредиттеу)іске асыруда қатыспайды.


2013 жылдан бастап
















4.2 Жұмыссыздық деңгейі 5.3 пайыз, ал кедейлік -3.5 пайыз шамасында қамтамасыз етілетін болады.

1

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының және өңірлерді дамыту бағдарламаларының халықты жұмыспен қамтуға жәрдедесу және жаңа жұмыс орындарын құру беліктерінде тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету

ЕХӘҚМ ақпарат беру

Қалалық еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып сақталды, шиеленістің қарқындығы байқалмады.

Экономикалық белсенді халық 786,7 мың адамды құрады, ал жұмыссыздар саны – 43,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,6 % (2013 жылдың 3 тоқсанының мәліметі).

Индустрияландыру, Алматы қаласын дамыту бағдарламалары аясында 29326 жұмыс орындары ашылды (жоспардан 150,4%), бұл жұмыспен қамту органдары арқылы 2877 жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында 690 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, және 781 адам жастар іс-тәжірибесінде жұмыс істеді.



2013 жылдан бастап

2

Еңбек ресурстарындағы экономика салаларының қажеттіліктерін және сұранымың теңгерімделуін қамтамасыз ету және еіңбек нарығындағы ұсыныстарды болжау


ЕХӘҚМ ақпарат беру

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен қала экономикасының түрлі салаларындағы еңбек күшіне деген сұранысқа мониторинг жасау және болжау бойынша жұмыс жүргізілуде. Болжау салалық және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне жіберіледі.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігін сақтау мақсатында 2013 жылы қалалық және аудандық Жұмыспен қамту карталарына өзгерістер еңгізілді, бұл жақын арадағы 3 жылға еңбек ресурстарының молдық мөлшерін ауқымын анықтауға мүмкіндік береді.

2013 жылдың 3 тоқсанындағы статистика мәліметтері бойынша еңбек нарығында экономикалық белсенді халық саны 789,1 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 5,6%.

2013 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне 6375 адам өтініш берді, оның ішінде 1509 адам Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары болды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы 3250 адам жұмысқа орналасты, оның 1235 адамы нысаналы топқа жататын жұмыссыздар. Қоғамдық жұмыстарға 3054 адам қатысты, әлеуметтік жұмыс орындарына 373 адам, кәсіптік дайындауға -1020 адам жіберілді.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,1%.


2013 жылдан бастап

3

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі мөлшерінен төмен халық үлесінің азаюы


ЕХӘҚМ ақпарат беру

2013 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі мөлшерінен төмен халық үлесінің жоспары түзетіліп, 1,0 пайызды құрайды.

3 тоқсан қорытындысы бойынша табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың үлесі 0,4 пайыз немесе 5,6 мың адамды құрады (2012 жылдың 3 тоқсанында 0,4 пайыз немесе 5,9 мың адам).

Басқарманың қызметі халықтың аз қамтылған қабатына түрлі әлеуметтік көмек және төлемақылар төлеу арқылы халықтың кедейлік деңгейіне әсерін тигізеді.

2013 жылы көмек 181 363 адамға көрсетілді, оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмек – 1214 адамға, тұрғын үй көмегі – 3892 адамға, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы – 1914 адамға, арнайы қалалық жәрдемақы – 163131 адамға, материалдық көмек – 3985 адамға, жылы және салқын суды есептеу құралдарын орнатуға кеткен шығынның орнын толтыру – 7227 адамға.

(2012 жылы әлеуметтік көмек пен жәрдемақыны 176129 адам алды)





5.2. Барлық еңбек етуді қалайтын және мүмкіндігі бар адамды беделді жұмыспен қамтамасыз ету.

1

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесін 30 пайызға дейін төмендету.





Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1214 адамды құрады. АӘК алушылар құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлесі 36,6 пайыз жоспары жанында 40 пайызды құрады. (2012 жылы еңбекке жарамды халықтың үлесі 43,2 пайыз)

Меншікті салмақтың төмендеуі АӘК алушылардың Жұмыспен қамту 2020 қатысуы және аз қамтылған халықтың жұмысқа орналастырылуының есебінен мүмкін болды.

Аз қамтылғандардың ішінде жұмысқа орналастырылғандар саны 392 адамды немесе халықтың нысаналы топтарынан жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санының 63 пайызын құрады.





5.3. Жастардың өзін өзі іске асыруына мүмкіндік жасау.




Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы және өңірлердің даму бағдарламалары шенберінде жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар қатарындағы орта және жоғары, кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектерін орналастыруға ықпал жасау.




Жастар жұмыссыздығының мәселесі үнемі бақылануда. Статистика мәліметтері бойынша 2013 жылдың 3тоқсанында жастар жұмыссыздығының деңгейі 8,4 пайызды құрады, 15-29 жас аралығындағы жұмыссыздар саны 20,4 мың адам.

Жұмыспен қамту орталығына 920 жастар өтініш білдірді. Тіркелген жастар жұмыссыздығының деңгейі жыл аяғында 0,1 пайызды құрады.

2013 жылы жастар тәжірибесін өтуге 450 жұмыс орын құру қарастырылған, жыл басынан бері 781 орын құрылды, оның 221–і 2012 жылдан аударылғандар. Жастар тәжірибесін өту мерзімі 6 ай. Ауыспалы контингент есебінен жастар тәжірибесінде 453 түлектер жұмыс жасады.

Түлектер заңгер, экономист, программист, есепші және т.б. мамандықтар бойынша жұмыс істейді.



2013 жылдан бастап

2

ЖОО мен ОАОО түлектерінің арасында, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, жастар практикасын іске асыру бойынша ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу.




«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу шеңберінде теледидарларда 27 телерадиохабарлар, сөз сөйлеулер мен сұхбаттар, газеттерде 86 мақалалар, KZ сайттарында - 8 репортаждар, хабарландырулар, 16 – кездесулер мен семинарлар, оқу орындары базасында өткізілген 18 бос жұмыс орын жәрмеңкелерінде қатысу ұйымдастырылды. Алматы қаласының көшелеріндегі 20 билбордтарында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы ақпарат орналастырылды.

«Арбат» LED-дисплейде және «Променад», «Променад 2», «Мега», «КИМЭП», «Жаңа алаң», «Атакент», «Саяхат», және «Рамстор» сауда орталығындағы 8 электронды билбордтарда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы ақпарат орналастырылды.

«Алматы» теледидары, «Жаңалықтар» бағдарламасының жүгіртпелі жолында «жұмыссыздарды оқыту курстарына және жастар тәжірибесін өтуге шақыру туралы хабарландыру қазақ және орыс тілінде берілді.

2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы Алматы қаласы тұрғындарын хабардар ету мақсатында, «САЙРАН» халықаралық автобекеті, теміржол бекеті, муниципалды автобус паркінде және трамвайлар, троллейбустарда және метрополитен станцияларында хабарландыру орналастырылды.

«Алматы» және «Астана» республикалық теледидарында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы туралы видеоролик көрсетілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерімен халықты таныстыру және ақпараттандыру мақсатында, Алматы қаласының жоғары оқу орындарында және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 15 электронды баннерлер орнатылды.




2013 жылдан бастап

5.7. Біз аз қамтылған азаматтарға кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеуге арналған шығындарды төлеу үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсететін боламыз.

7

Алматы қаласында тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеуге, ағымдағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтеріне арналған (мың теңге) тұрғын үй көмегін беру.





Алматы қаласында тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға күрделі жөндеуге және (немесе) кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтау жарнасына, ағымдағы тұрғын үй-коммуналдық қызметтері және байланыс қызметтеріне кеткен шығынның орнын толтыру үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Көмек жанұя бюджетінде жоғарыда көрсетілген қызметтерді төлеу шығыны жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі.

2014 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес тұрғын үй көмегі 3892 алушыға 77622?90 мың теңге сомасында төленген. Олардың ішінде шығын бойынша кондоминиум нысандарының ортақ меншіктерін күрделі жөндеу үшін тұрғын үй көмегі 17 өтініш білдірушіге 264,84 мың теңге сомасында төленді.


2012 ж-219 966

2013 ж-197 705

2014ж- 228 468

2015ж- 244 461



Орынд.. Софиева Н., Бильдакова С.

Алібаева Г., Ерназарова А.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет