«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы


Баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі қағидаты



бет6/24
Дата02.01.2022
өлшемі0.97 Mb.
#452634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
эльмира (1)

Баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі қағидаты. Ел Конституциясы баршаның заң мен сот алдындағы теңдігіне кепілдік береді. Бұл заңға баршаның теңдей бағынуынан және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті теңдей көтеруінен көрінуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық үшін жазалау әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық дәрежесіне қарамастан бұлтартпай орындалуы тиіс. Заңды бұлжытпай орындау биліктің барлық деңгейлеріндегі жемқорлықты болғызбаудың кепілі болып табылады. 

Айқындық, ашықтық және мемлекеттің қоғамға есептілік қағидаты. Конституция мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға беретін халық деп бекітеді. Әр азамат заң бойынша тыйым салынбаған кез келген жолдар арқылы еркін ақпарат алуға хақылы, ал мемлекеттік органдар оған еркін қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ондай ақпараттарды беруге міндетті. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің нәтижелілігі мемлекеттің азаматтардың заңды мүддесіне қызмет етуге бағдарлана білуімен тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару органдарының жұмысы қоғамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет