Қызметкерлермен жұмыс істеу
Сәтті сауда қызметтің сапасына немесе қызықты ұсынысқа ғана байланысты емес, сонымен бірге сату жөніндегі менеджердің клиенттермен жұмыс істей алуына да байланысты екені анық. Сатушы өнімді жақсы сатуы үшін не істеу керек?Менеджерге белгілі бір сату көлемі үшін сыйақы ұсынуға болады. Нәтиже жақсырақ болса, табыс та соғұрлым көп болады.
Бұл – компания үшін шығын болып көрінуі мүмкін.Бірақ осы үдеріске ішкі жағынан қарап көрейік. Мысалы, 1-менеджер 20 000 теңгеден 20 жұп аяқ киім сатты. Бұл ретте оның еңбекақысы 100 000 теңге. Жалпы алғанда ол 400 000-ғатауар сатты. Демек, әрбір сатылған аяқ киімүшін оған 5000 теңге төленеді. Екінші менеджер 30 жұп аяқ киім сатты жәнеоның жалақысы 20 000 теңгеге көтерілді. Барлығы ол 600 000 теңге табыс түсірді, ол үшін 120 000 теңге алды, әрбір жұп аяқ киім үшін ол4000 теңге алады. Бизнес иесі үшін қайсысы тиімді?
Сондай-ақ менеджерлерге «құпия сатып алушы» әдісімен тексерулердің жақсы нәтижелері, қабылданбаған қоңыраулардың болмағаны, CRM-жүйе қалыптастыратын база бойынша клиенттерге қоңырау шалғаны, құжаттаманы толтыру кезінде дәлсіздіктер болмағаны, басшылардан ескертулердің болмағаны, сатып алушылардан наразылықтардың болмағаны, бөлімді оңтайландыруға бағытталған қызметке қатысқаны үшін сыйақы ұсынуға болады. Осының бәрі компания сервисінің жақсаруына әкеледі, демек сату да ұлғаяды және клиенттердің ниеттестігі де артады.
Сондай-ақ, сату жөніндегі менеджердің клиенттертауарды сатып алған соң компанияның ықыласын көрсету үшін қоңырау шалуына болады. Біздің жағдайымызда ол клиенттен аяқ киім ұнады ма, жаңа коллекция немесе жеңілдіктер туралы хабарлап тұрайын ба деп сұрай алады.
«Ұйықтап жатқан» клиенттер
Егер компанияда «ұйықтап жатқан тұтынушылар» болса – бір кездері оның қызметтерін пайдаланған, бірақ кейін неге екенін келмей қалған тұтынушылар болса, себебін тауып, олармен қарым-қатынасты қайта жандандыруға ұмтылу керек.Тәжірибе көрсеткендей, «оянған» сатып алушылардың шамамен 25-30% фирманың қызметтерін қайтадан пайдалана бастайды.
Оларға қоңырау шалудан бастауға болады: клиенттен сіздің компанияңыздыңөнімінен немесе қызметінен неге бас тартқанын, қандай қиындықтар болғанын сұрау қажет. Туындаған қиындықтардықалай шешуге болатынын айтыңыз.Мысалы, өз өніміңіздің ақауларын жөндеуге немесе өнімді туралауға маман жіберіңіз немесе тауарды ауыстырып беріңіз. Тағы бір нұсқа – жеңілдік жасау немесе төлемді ұзақ мерзімге кейінге қалдыру.
Сондай-ақ, жарнамалық тарату арқылы өзіңіз туралы клиенттерге хабарлай аласыз. Бұл әдіс өте тиімді және аса көп қаражат талап етпейді. Оған қоса, сіз барлық клиенттік базаны бірден қамти аласыз.
Сіз сонымен қатар электронды хаттар жібере аласыз. Электронды хаттағы мәліметтер нақты ойластырылған болуы қажет, онда фирмадағы нақты ұсыныстар немесе өзгерістер ғана көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ олар белгілі бір мақсатты аудиторияға бағытталуы тиіс.
Тағы бір нұсқа–SMS-хабарлама жіберу. Жаппай СМС-тарату–бұл нәтижеге апаратын жұмыс. Осылайша сіз өзіңіз туралы мәлімдейсіз және әлеуетті сатып алушыға тартымды ұсыныс жасайсыз. Нәтижесі хабарламаның мазмұнына байланысты. Яғни, мақсатты аудиторияны қызықтыру үшін сапалы және бірегей контент қалыптастыру керек. Мысалы, акциялардың сипаттамасына келесі шарттарды қосу керек: «Осы айдың ана күнінен келесі күніне дейін –30% жеңілдік. Толығырақ сайтта... біз сіздерді келесі мекенжай бойынша күтеміз...», «Дүкендерде 40%-дан 70%-ға дейін демалыс күнгі жеңілдіктері..» және т.б.
«Ұйықтап қалған» сатып алушыларға қосымша ынталандыру ұсынуға болады: белгілі бір уақыт ішінде қолданылатын бірегей ұсыныс.
Достарыңызбен бөлісу: |