2. Бюджетті құру.Келіссөздерді тіркелген бюджетсіз бастамаңыз. Сіз өзіңіздің құзырыңызда қанша және қандай ресурстар бар екендігін дәл білуге тиіссіз.Келіссөздердің жалпы бюджеті – бұл келіссөздердің құнын өлшеуге арналған құрал. Ол қаражаттан, энергиядан және уақыттан тұрады.Уақыты: егер бюджет – аптаға бөлінсе, келіссөздерді бір аптадан кейін тоқтатыңыз. Сіз шектен шықпаңыз. Қарсылас бөтен бюджетті созуды, телефонды алмауды және байланысқа шықпауды ұнатады. Бұл: «Тезірек аяқтайықшы! Менде бұдан артық уақыт жоқ» деп айту үшін жасалады.Қаражат: егер келіссөз кафеде немесе мейрамханада жүргізілсе, онда әмияныңызды қараңыз. Сіз үшін ешкім төлемейді. Мекеме деңгейіне байланысты сіз 500 теңге немесе еңбекақыңыздың жартысын жұмсауыңыз мүмкін. Мысалы, сізді келіссөз жүргізуге дәмханаға түскі асқа шақырды делік, және асханада макарон жей салудың орнына сіз түскі асқа 7000 теңге жұмсайсыз. Енді осылайша бір аптаға созылады дейік. Егер демалысты қоспағанда, бұл 35000 теңге.Энергия: егер сіз келіссөз кезінде шаршағаныңызды сезсеңіз, үзіліс жасаңыз. Бұл бюджет бөлігін сіз демалыспен толтырасыз. Шаршаңқы түрде сіз қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайсыз. Алкоголь ішетін кеште іскерлік әңгімелесуден аулақ болыңыз–бұл көп энергияны алады және мәселені шешпейді.Энергияны жоғалтуға болмайды,қажетсіз кездесулерден және бос сөйлесулерден аулақ болыңыз. Энергияны және уақытты жоғалтпау үшін келіссөздерге дайындалыңыз. Қарсыласыңызды алдын ала зерттеңіз.
3. Күн тәртібін келісу. Күн тәртібі–бұл келіссөздер жоспары. Ол өзіне келесілерді қамтиды: ағымдағы мәселелер (бұл келіссөздер стартері, олар бірінші кезекте мазалайды); жеке тәжірибе (бұл сіз өткен уақытта тап болған мәселелер, олар сізге тыныштық бермейді); ниет (бұл сіз осы келіссөздерден алғыңыз келген нәрсе).Келіссөздер алдында сізді көбірек мазалап жүрген мәселелерді қойын дәптеріңізге жазып алғаныңыз дұрыс.
Мәселе
|
Кім шешеді
|
Еңбекақыны кешіктіреді
|
Директор
|
Клиенттер картамен төлей алмайтынына шағымданады
|
IT-маман
|
Facebook-тегі топ нәтижелі емес, сапасы нашар контент
|
PR-маман
|
Мұндай тізім әр тарапта болуға тиіс. Егер сіз оппонентпен бір және сол зат туралы сөйлессеңіз, мәселені тезірек түсінуге болады. Егер сізде 1 сағат уақытыңыз болса, оны ең маңызды мәселелер үшін ғана пайдаланыңыз. Оларды нөмірлеп, басымдықтарды қойыңыз. Сіздің ең маңызды мәселеңіз 1-нөмірлі болсын. Келіссөздердің сауатты жасалған жоспары сізге бюджетті сақтауға көмектеседі. Оны өз миссияңызға сәйкес жазуға тырысыңыз. Күн тәртібіндегі әрбір тармақты ойлаңыз, ең маңызды мәселелерді бірінші кезекке қойыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |