Әріптестердің өнімдерін сату
|
Егер сіздің ассортиментіңіз шектеулі болса және клиентке басқа еш нәрсе ұсына алмасаңыз, сіз оны әлі де ұстап қала аласыз және қайта сатып алу жасауға үгіттей аласыз. Ол үшін әріптестердің өнімдерін сату қажет. Мысалы, риелторлық агенттік ол үшін комиссиялық төлемдерін алып, клиентке әріптес компанияның жөндеу бойынша қызметтерін ұсынады делік.
|
Сіз өз дүкеніңізде бәтеңкемен түстес шұлық немесе галстук сата алсыз әрі одан түсім аласыз.
|
Контент-маркетинг
|
Бұл– мақсатты аудиторияны тарту үшін қызықты, бірегей мазмұнды контент қалыптастыру және тарату. Контент-маркетингті сатып алушыны белгілі бір сізге қажетті іс-әрекеткеынталандыру үшін пайдаланады. Сіздің әлеуетті клиентіңіздің нақты уақытта белгілі бір орында алатын ақпараты – контент деп аталады.
|
Мысалы, сізге әлеуметтік желіде парақша жүргізуге болады, онда сіз аяқ киімді қалай тазалау, қалай сақтау, сапалы былғарыны жасанды былғарыдан қалай ажырату туралы ақпарат жариялап тұрасыз.Интернеттің барлық пайдаланушылары тиісті ақпаратты іздеп отырып сіздің парақшаңызға түседі. Бұл ақпарат оларды қызықтырғандықтан, олар сіздің компанияңыздың клиенттері бола алады
|
Мерекелік ұсыныстар
|
Қайта сатуларды жоғарылатудың жеңіл әрі ұтымды жолы. Жаңа жылдық, рождестволық және басқа да жеңілдіктер адамдарды импульсивті сатып алуға итермелейді
|
Адамдарға жаңа жылға, туған күніне және т.б. аяқ киім сатып алуға жеңілдіктер ұсынуға болады.
|